Атқарылған жұмыстың нәтижесі мыналар болады:
– қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау;
– ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылдау;
– жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын жалпыға ортақ декларациялау туралы заң қабылдау;
– 2015 жылы партия мүшесінің этикалық стандартын қабылдау;
– 2025 жылға қарай Қазақстанның «Қабылданатын шешімдердің айқындылығы» бойынша Жаһандық бәсекеге Қабілеттілік Индексі елдерінің алғашқы 30-дығына енуі.
4.3.2. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СОТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Азаматтардың биліктің мемлекеттік институттарына деген сеніміне ықпал ететін өзекті фактор құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің жұмысы болып табылады. «Нұр Отан» партиясы осы құрылымдар жұмысының барынша мөлдірлігін, оның ішінде:
– сот залдарын 2020 жылға қарай аудио, бейнежазба жүйелерімен толық жарақтандыру;
– үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, барлық сот процесіне қатысушылар мен кәсіби заңгерлердің арасында өткізілетін, алынған нәтижелердің жариялылығын және 2016 жылға қарай соттар мен судьялар рейтингін жасауды қарастыратын мерзімдік әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды пара-пар қамту;
– 2015 жылдан бастап азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде құқық қорғау органдарының қоғамдық кеңестері өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілетін іс-шараларға міндетті түрде қатысуы қажет деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |