Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Осылайша, шарт жасай отырып, сіз



бет143/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   223
Китап касипкерлик

Осылайша, шарт жасай отырып, сіз:
1. Шарттың тараптарын – яғни бұл келісім кімдердің арасында жасалғанын көрсетіңіз
2. Шарттың мәні – сіз екінші Тараппен не туралы келіскеніңіз. Мысалы, Орындаушының Тапсырыс беруші үшін келесі қызметтерді орындауға міндеттенетіні туралы.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері – бұл жерде орындаушы (тиісті сапамен, толық көлемде және көрсетілген мерзімде қызметтер көрсетуге, тапсырыс берушінің талабы бойынша барлық анықталған кемшіліктерді өтеусіз түзетуге және т.б.) және Тапсырыс беруші (жұмысты көрсетілген баға бойынша төлеуге және т.б.) жасауға міндетті екендігі бөлек жазылады. Сондай-ақ, қандай құқықтары бар (тексеру барысы мен сапасын, жұмысты орындаудан бас тартуға және т.б.) екендігі.
4. Есеп айырысу бағасы мен тәртібі – Тапсырыс беруші Орындаушыға қанша қаражат, қалай және қандай мерзімде аударуға міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі – тараптардың бірінің келісімі бұзылған жағдайда тараптар не істейді.
6. Дау – дамайдың тәртібі мен шешілуі – тараптар арасындағы келіспеушіліктер пайда болса, қандай сотта шешілетін болады.
7. Қорытынды ережелер – шарт қай тілде және қанша данада жасалды, шарт талаптары өзгерген жағдайда не істеу керек және т.б.
Құрылтайшылар арасындағы шарт
Мысалы, сіз бірлескен бизнес ашпақ болып шештіңіз. Алдымен бұл жағдайда әріптестіктің қандай модельдері бар екенін көрейік.
Қоса негіз қалаушы (co-founder). Екі әріптескәсіпкерлікті нөлден бастайды. Әдетте, тең дәрежеде. Дедлок (deadlock) жағдайында, олар келісе алмайтын жағдайда, шешуші дауыс қандай әріптесте болатынын анықтау маңызды.
Қосылған. Компания жұмыс істеген уақыттан кейін негізін қалаушы (негізін қалаушылар) жаңа адамды алуды шешеді. Әдетте, ол аз үлес алады, өйткені жұмыс істеп тұрған бизнеске келді.
Әріптеске дейін өскен қызметкер. Компанияда тез өсіп келе жатқан бағынышты адам бар, және ол компаниядан асып кетпеу үшін кәсіпкер оған үлесті ұсыну туралы шешім қабылдайды. Әдетте, опцион ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет