Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет167/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   223
Китап касипкерлик

Бизнес-жобаны жүргізу:
7. Инвестор бизнесте қандай рөлге ие болады?
8. Компания директоры кім болады?
9. Компания директоры қандай өкілеттіктерге ие болады?
10. Әріптестер бірауыздан қандай шешімдер қабылдауы керек?
11. Егер әріптестердің бірі көпшіліктің пікірімен келіспесе, қандай іс-әрекеттер жасау керек?
Бизнестен шығу:
12. Инвесторлар немесе әріптестер бизнестен шыға алатын шарттар?
13. Жұмыс істеп тұрған әріптестерде бұрынғы әріптестердің немесе инвесторлардың үлестерін сатып алуға басым құқығы бола ма?
14. Әріптестерде үлесті иеліктен айыру құқығына шектеулер бола ма?
15. Мұрагер компания құрамына кіре ала ма?
16. Шарт ережелері бұзылған жағдайда әріптестер қандай жауапкершілікке тартылады?
17. Әріптестердің басқа компанияларда осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы бар ма?
Сұрақтарға жауап беру нәтижесінде сіз ынтымақтастықты қалай ресімдеуге болатын нұсқалардың бірін таңдай аласыз:
1. Инвесторды заңды тұлға қатысушыларының құрамына ресімдеу. Бұлинвестор қаражат орнына компаниядан бір орынды иеленген жағдайда орын алады.
2. Егер инвестор құрылтайшылардың құрамына кірмейтін болса, ең жылдам тәсіл – инвестициялық шарт жасау.
3. Жоба өміріне қатыспайтын инвестормен қарым-қатынасты рәсімдеудің баламалы тәсілі – қарыз шартына қол қою.
Егер жоба ақыры инвестиция алған болса, бұл іс аяқталмайды. Шартқа қол қойылғаннан кейін және қаражат алғаннан кейін стартаперлер келесілерге міндетті болады:

  • инвесторды кәсіпкерліктің дамуы, бар мәселелер мен оларды еңсеру тәсілдері туралы жүйелі түрде хабардар ету;

  • инвесторға компанияның дамуына қатысты қабылдайтын барлық тактикалық және стратегиялық шешімдер туралы тұрақты түрде хабарлау;

  • кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шешімдер ұсыну.

Инвесторды қайдан табуға болады?
Қазір инвесторды іздеу үдерісі 10 жыл бұрынғы жағдайға қарағанда әлдеқайда оңай болды.Инвесторды келесіден іздеуге болады:

  • әр түрлі бизнес-инкубаторларда;

  • инвестициялық қорда;

  • тақырыптық іс-шараларда;

  • жеңімпаздар инвесторлардан қаржылық қолдау алатын конкурстарда.

Қазақстанда стартаптарға арналған көптеген инкубаторлар мен бағдарламалар бар. Осыларды атап өтетін болсақ:
Techgarden.kz– қаржыландыруды тарту мақсатында инновациялық стартаптар, инвесторлар (жер қойнауын пайдаланушылар, бизнес-періштелер) арасындағы кездесулер мен келіссөздерге арналған алаң. Аlmaty TechGarden сұранысты(инвесторлардан міндеттер)– инвесторлар мен клиенттерге қол жеткізуді шоғырландырады
Meninarmanym.kz– 16-35 жас аралығындағы жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған конкурс. Өңірлік іріктеуден кейін стартаперлер үш күндік «машықтанудан», тренингтерден өтіп, менторлардың көмегін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет