Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет72/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   223
Китап касипкерлик

E-mail маркетинг – электрондық пошта бойынша жарнама тарату арқылы әлеуетті клиенттерді тарту. Біз спам туралы емес, double-opt-in (таратуға қос келісім) кейін тарату туралы айтып отырмыз.
Бұл құрал сіз өз бизнесіңізді бастағаннан кейін қажет. Ол клиентке жинақтың соңғы жаңартуларын, акцияларды және т.б. хабарлап отыратын адамдарға қолайлы. Мәселен, киім сататын сайттар өз жазылушыларына әр түрлі киім немесе аяқ киім жарнамасы бар хаттар, авиаагенттіктер – туристік бағыттағы жарнамалары бар хаттар немесе белгілі бір рейстерге жеңілдіктер жіберіп отырады.
E-mailмаркетингтің артықшылықтары:

  • компанияның тұрақты клиенттерімен жақсы жұмыс істейді – бұл өзіңіз туралы еске салу, акциялар, жаңа тауарлар/ қызметтер туралы хабарлау тәсілі;

  • арзан құралшығындары аз: тек маркетологтың жалақысы және тарату сервистерінің төлемі.

E-mail-маркетингтің кемшіліктері:

Мобильді қосымшалар. Пайдаланушылар мобильді құрылғыларды пайдалануды, яғни клиенттермен сөйлесуді, мерзімді түрде пайдалы ақпараттық таратылымдарды мессенджерлер арқылы әлдеқайда тиімді етуді қалайды. Бүгінде пайдаланушы компьютерге немесе ноутбукке қарағанда, смартфонмен жиі қарым-қатынас жасайды. Осы маркетинг құралы жұмыс істеуі үшін арнаны құрып, белгілі бір салада сарапшының имиджін жасай отырып, қызығушылығы бойынша жазылушылар санын жинау қажет.
Мессенджерлердің артықшылықтары:
- бұл бәсекеге қабілетті, дамып келе жатқан арна;
- шығын жұмсауды талап етпейді – мұндай сервистерде қарым-қатынас жасау тегін;
- мақсатты аудиториямен тығыз және тікелей байланыс.
Мессенджерлердің кемшіліктері:
- пайдаланушылар теріс реакция жасауы және таратуларды спам деп қабылдауы мүмкін;
- ниеттес аудиториямен қарым-қатынас жасау әдістерінің өзектілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет