Нұр-сұлтан қаласы білім басқармсы №75 мектеп-гимназиясы қызықты қазақ тілі



бет24/37
Дата01.02.2023
өлшемі2.71 Mb.
#469010
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Кенжебекова Ж. Авторлық дұрысы2020.13.05

22. Жастар және ұлттық мәдениет.
1- тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, өз ойыңды 2 сөйлеммен айт. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы- Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді.
1. Мәтін мазмұны ... туралы. 
А) жастар
В) елбасы туралы
С) М. Жұмабаев туралы
D) қоршаған орта
2. Сөйлемді жалғастыр.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі...............
А) жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді
В) «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.
С) яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады
D) келешегі жастарға тікелей байланысты.
3. Мәтіннің негізгі ойы....
А) болашақ
В) ғылым
С) мемлекет
D) планета
4 Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
А) Үлкенге – ізет, жасқа – жол.
В) Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
С) Қаз келсе, жаз келер,Қарға келсе, қатқақ келер.
D) Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

3-Тапсырма. Қарсы мағынадағы сын есімдерді жазыңдар:


биік-
жас-
ащы-
үлкен-
ыстық-
болашақ-



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет