4-тапсырма. Есте сақта!
|
Жеті ата. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. «Жеті атасын білген
ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына сүйенген халық жеті атасын осылайша тарқатады:
Бала
Әке
Ата
Арғы ата
Баба
Түп ата
Тек ата (Ата-тек деген сөз – осыдан шыққан сөз).
|
ХІ. Жастар және мәдениет.
21. Жастар мәдениеті.
1- тапсырма. Мәтінді оқы, негізгі идеясын анықта.
Жастар — мәдени дәстүрді, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушылар. Жастар қашанда жалпы мәдениеттің ішінен қүрып алады. Олардың кей-біреулері мәдениетті мектеп бітіру, жоғары оқу орнында оқу, бірнеше тіл білу, дискотека мен түнгі клубтарға бару деп түсінеді.
Жастардың өзіндік мәдениеті деп макромәдениет ішіндегі жастардың өздерінің бейнесі, қылықтары, стильдері көрініс беретін; олардың санасына сыйымды, қабылдауына жақын; моральдық, көркемдік-эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын микромәдениетті айтамыз. Екінші сөзбен айтқанда, жастардың өзіндік мәдениеті (субмәдениет) дегеніміз — олардың эстетикалық талғамдарына сай келетін, мәдени сұранысын белгілі деңгейде қанағаттандыратын, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.
2-Тапсырма. Келешек, болашақ, ел ертеңі, қуаныш, мақсат, талап, оқу, білім, жетістіктер, мамандық сөздерін қатыстыра отырып, көршіңмен сұхбаттас.
3-Тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс»
|
Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тырыс. Қазақстан үшін сендер кімсіңдер?
Мен елімнің иесімін.
Мен адаммын.
Мен азаматпын.
|
4 -тапсырма. «Асыл тастан - өнер жастан шығады», - деп – дарынды халық айтады. Осы мақалдың мағынасын қалай түсінесің? Өз пікіріңді жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |