— Шырағым, бұның не? — дейді ол таңырқап.
Әншейінде тәртіпті
баланың мына тосын қылығы атайға өрескелдеу көрінгені анық. Қуаныш
жасырмай шынын айтты.
— Қақпадан шығуға... — деді міңгірлеп.
Мырс ете түскен атай да тақылдап қояр емес:
— Иә, иә, неге қақпадан шықпайсың?
— Ұялдым... — деп жауап қатты бала сәлден кейін тағы да күмілжіп.
— Кімнен ұялдың?.. Ұялдым дейді. Әкем-ау, ұялатындай кім бар еді ол
жақта?
Нұрдәулет Ақыш (385 c)
1. Мәтінге лайықты тақырыпты белгілеңіз.
А) Кешкі ойын
В) Әке сыйлығы
С) Иттен ұялған бала
Д) Ойынның әлегі
Е) Көрші ақылы
2. Мәтіннің стилін анықтаңыз.
А)
ауызекі стиль
В) көркем әдебиет
С) ғылыми стиль
Д) публицистикалық
Е) ресми стиль
3. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) естелік
В) мақала
С) фельотон
Д)
әңгіме
Е) очерк
4. Қуаныш – қандай бала?
А) тәртіпті бала
В) бұзық бала
С) ерке бала
Д) момын бала
Е) оқымысты бала
5. Қуаныштың өз ісіне
қынжылуына себепші болған
А) долылығы
В) көрсеқызарлығы
С) еркелігі
Д) ұмытшақтығы
Е) бұзықтығы
6. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі
Бір күні ойыны әбден қанған бала үйге кештетіп келгенде, сұлық жатқан
Таймас орынан қыңсылай көтерілді.
А) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
құрмалас сөйлем
В) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
С) Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Д) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Е) Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
7. Берілген сөйлемнің түрі
Оның өзіне үміттене, дәмете көз тастағанын көріп, Қуаныштың екі беті
ду ете түсті.
А) Қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлем
В) Аралас құрмалас сөйлем
С) Ыңғайлас
салалас құрмалас сөйлем
Д) Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем
Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
8. Қуаныштың сыртқа көрші үйдің ауласы арқылы шығу себебі
А) есікті аша алмады
В) иттен қорықты
С) көршісі шақырды
Д) иттен ұялды
Е)
әдеті болатын
9. Мәтінде жауабы бар сұрақ
А) Қуаныш Таймасты немен тамақтандырды?
В) Қуаныштың анасы қандай сыйлық сыйлады?
С) Көршісі Таймасты қалай тамақтандырды?
Д) Қуаныш неге қақпадан шыға алмайтын болды?
Е) Қуаныштың бүгін үйіне ерте келуінің себебі не?
10. Берілген сөйлемнің түрі
Таймас - долылығы жоқ, заты жуас күшік.
А) Жай, жақты, жайылма. толымды сөйлем
В) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
С) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Д) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Е) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: