Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді. - Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.
Тірі ме?
Иә, тірі сияқты.
Бізден қорқып тұрған шығар.
Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды.
Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.
5.Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз
А) мейірімділік
В) өзімшілдік
С) өжеттік
Д) қатыгездік
6.Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңыз
А) атау септік, ілік септік, көмектес септік
В) атау септік, табыс септік, ілік септік
С) жатыс септік, ілік септік, шығыс септік
Д) барыс септік, табыс септік, көмектес септік
7. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады?
А) қосарлама қос сөздер
В) қосымшалы қос сөздер
С) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер
Д) қайталама қос сөздер
8.«Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта ғанын табыңыз. А) келер шақ
В) өткен шақ
С) осы шақ
Д) барлық жауап дұрыс
9.Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.
Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.
А) Сәулет
В) сүрініп
С) тізесін
Д) сипалап
10. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз А) Сәулет балапанды алақанына салып көрді.
В) Балапандар ұядан құлап түсті.
С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті.
Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.
Оқу сауаттылығы
III нұсқа 1 мәтін
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Бала Жетес
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би былай деген екен.
Бата- басқа, қына- тасқа, ақыл- жасқа, не қалайсың балам?- депті.
Сонда Жетес бала:
О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат- тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір сөз айтыңыз, соған ризамын,- депті.
1.Мәтіндегі бала Жетеске тән қасиетті көрсетіңіз. А) Бала сәлем бергенді ұнатады.
В) Бала ат пен тонды жек көреді.
С) Бала дүниеден гөрі аталы сөзді артық көреді.
Д) Бала естен кетпейтін сөздерді қызық көреді.
2. Мәтіндегі Жетес бидің іс- әрекетіне қатысты мақалды көрсетіңіз. А) Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
В) Бота алғанша, бата ал.
С) Мал бір жұттық, батыр бір оқтық.
Д) Болар елдің баласы бірін- бірі батыр дейді.
3.Мәтінде қай оқиға орын алған жоқ, табыңыз.
А) Жетес арнайы Төле биге сәлем беруге келді.
В) Төле би баланың қалауын сұрады.
С) Жетес Төле бидің қалауын берді.
Д) Жетес Төле биге сөз қадірін білетінін сезіндірді.
4. Мәтіндегі қарамен жазылған тіркестің синонимі
А) жаңарады
В) ескіреді
С) жоғалады
Д) табылады
Достарыңызбен бөлісу: |