Экологиялық пирамиданы құрастырудың үш әдісін ажыратады. Сан мен сандық пирамидасы- әрбір деңгейдегі жеке ағзалардың санын көрсетеді. Мысалы, бір түлкіні қоректендіру үшін кем дегенде бірнеше қоян немесе тышқан керек. Ал кемірушілерді қоректендіруге алуан түрлі өсімдіктердің көп мөлшері қажет.Бұл қоректік тізбек негізіндегі модельдер, бірақ олардың ерекшелігі- ағзалардың түрлерін ғана емес, мөлшерін де көрсетуге ұмтылу.
Шөпқоректі жануарлар орналасатын деңгей:
ІІ реттік консументтер
І реттік консументтер
продуценттер
ІІІ реттік консументтер
барлық деңгей
Продуценттер:
күннен энергия алатын ағзалар
шөппен қоректілер
жыртқыштар
әртүрлі консументтерде де тіршілік ететін паразиттер
әртүрлі сапрофиттер
Қоректік деңгей:
әрбір деңгейдегі жеке ағзалар
продуценттер
қарапайым ағзалар
қоректік тізбекте белгілі бір орын алатын ағзалар тобы
тек жыртқыштар
Қорек неғұрлым қолжетімді болса:
талғаусыз қоректене алады
түрлер арасында бәсекелестік болмайды
ағзаға тіршілік ету соғұрлым оңай
бәсекелестік азаяды
басқалар жемейтін қорекпен қоректене алады.
География
Халықтар географиясымен – демография ғылымы айналысады. Халықтың ұлттық құрамы этностық белгілеріне байланысты. Діни-қоғамдық сананың бір түрі (бір Құдайға деген сенімге негізделген түсінік). Дін әрбір елдің саяси және экономикалық өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, салтына, демографиялық және этникалық үдерістеріне үлкен ықпал етеді. Демографиялық талдау халық санын анықтаудан басталады. Жер шары халқы бастапқыда баяу өскен.
Халықтың ұдайы өсуін сипаттау үшін Туған адамдармен өлген адамдардың ара -қатынасын анықтау - абсолюттік және халықтың ұдайы өсуін пайызбен 100 немесе 1000 промиллемен шаққандағы коэффициенттер - салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер арқылы есептелінеді. Кең мағынасында, шынайы қозғалыс, көші-қон, адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы негізінде халықтың үнемі жаңарып отыруы алынады.
Әлемдік діндер:
иудаизм, буддизм, индуизм;
христиан, ислам, идуаизм;
буддизм, христиан, ислам;
конфуциандық, буддизм, христиан;
ислам, христиан, синтоизм.
Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типі қандай елдерде таралған?
Солтүстік Америка, Жапония, Ресей, Қытай;
Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Аустралия;
Жапония, Еуропа, Ресей, Аустралия;
Аустралия, Үндістан, Франция, Жапония;
Франция, Үндістан, Қытай, Қазақстан.
Қазақстандағы халқының саны жөнінен 3-орын алатын диаспора: A.Түріктер;
B. Орыстар;
C. Ұйғырлар; D.Өзбектер;
E. Украиндер.
10 000 000 халқы бар бір А мемлекетінде жыл бойында 360 000 балалар туылып, 120 000 адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі және туу коэффициентін есептеңіз.
A. 240 000 адам, 36 ‰;
B. 200 000 адам, 35 ‰
C. 140 000 адам, 26 ‰
D. 10 000 адам, 13 ‰;
E. 300 000адам. 37 ‰
Достарыңызбен бөлісу: |