ІV нұсқа
Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Жаһандану дәуірінде ұлттық сананы қалай қалыптастырамыз?
Қазір барлық мемлекеттер жаһандану жағдайына бейімделіп күн кешуде. Батыстың өркениетін меңгеру жолында ұлттың төл тарихы мен мәдениетін жоғалту қаупі бар ма? Батыстың білімі, ғылымы, технологиясы біздерге қажет-ақ, бірақ шамадан тыс еліктеу дәстүрлі тәрбиелік, адамгершілік құндылықтардан айырады. Сондықтан жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз болмысына қарай бейімдеп сіңіре алса қауіпсіз болары анық. Біз осы уақытқа дейін ұлттық мәдениет пен тіл, дін мен діл және басқа мәселелер түбегейлі шешілді деп айта алмаймыз.
Қазақ халқы балаға тәрбие беру ісін қашанда үлкен даналықтың көрінісі деп санаған. Сондықтан ұлттық тәрбиенің ең маңызды шарты – саналы, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Талай халықтың дамыған ұлттың жетегінде кетіп, сол ұлтқа сіңіп, жоқ болып кететіні тарихтан аян. Сондықтан да ұлттық болмысымызды сақтап қалу үшін, қоғамда болып жатқан жаңалықтарды ақиқат ретінде қабылдап, озық бөлігін ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналдыра білуіміз керек. Өйткені мұндай жаңалықтарды жастар тез бойына сіңіріп алады. Біздің менталитетімізге еніп жатқан жаңалықтарды ұлттық болмысымызға қарай бағыттап, заман талабына сай әрекет етпесек, тарихи дәстүрлерімізді де жаңғырта алмаймыз.
Жаһандану үдерісіндегі ұлттық тәрбиеде жастарды қазақ халқының өткен тарихын меңгерту және бүгінгі тарихи кезең аясында бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық жағдайдан шығу жолдарын қарастыру секілді екі бағытта тәрбиелеу керек деген пікірдеміз. Өйткені, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрі, тілі мен ділі, сенімі мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен өткен рухани құндылықтарға мән берілуі керек.
Бүгінгі қазақ ұлты – «Рухани жаңғыру» аясында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен қаруланған тәуелсіз ел. Қоғамдағы жастардың таным- түсінігі мүлде басқаша. Олар өздері қалаған ісімен айналысып, еркін әрекет ете алады. Тіпті ұлттың құрамы ала-құла, яғни отбасының құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Кез келген мемлекет дамып, гүлденуі үшін ұрпағы көзі ашық, көкірегі ояу, білімді болуы шарт.
Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең ұлт жаһандану деген алып мұхитта өз келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Шығыстың ұлы ойшыл ғалымы Әл- Фараби: «Маған жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса ұрпақ тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азаматтарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
жаңа технологияны қажет ететін ұрпақ тәрбиесі
өз құқыын білетін азаматтарды тәрбиелеу
С) батыс мәдениетін сіңірген оқушыларды тәрбиелеу
ұлттық тәрбиені меңгерген жастарды тәрбиелеу
еркін әрекет ететін, жігерлі жеткіншектер тәрбиесі
Жаһанданудың қауіпсіз болу шартын көрсетіңіз.
батыстың мәдениетін толық меңгеру
әр ұлт өз болмысына қарай бейімдеу С) озық технологияны жете үйрену
өзге елдің мәдениетін, тілін түсіну
заман талабына сай әрекет ету
Жаһандану үдерісіндегі ұлттық тұлғада жастарды тәрбиелеудің екі жолының бірін көрсетіңіз.
жаһанданудың ерекшелігін түсіндіру
түрлі ақпараттарды оқып, қабылдау С) мемлекеттің дамуына жастарды тарту
қазақ халқының өткен тарихын меңгерту
қоғамдағы жастардың таным-түсінігіне әсер ету
Жаһандану үдерісіндегі ұлт келбетін сақтау үшін қажетті фокторды анықтаңыз.
жаңа технологиялармен қаруланған ұрпағы болуы қажет
халқы жаңашыл, озық тәжірибені қабылдауы керек С) экономикалық сауатты, өз кәсібін меңгеруі шарт
жастары еркін, батыс мәдениетін қабылдауы керек
рухы мен мәдениеті биік, білімі терең ұлт болуы қажет
Мәтін мазмұнына сай ақпарат реттілігін табыңыз.
Ұрпақ тағдырын ұлт тағдыры ретінде қарайтын жастарды тәрбиелеу
Ұлттық тәрбиенің маңызды шарты – саналы, қабілетті жастарды тәрбиелеу
Мемлекет дамып, гүлденуі үшін ұрпағы көзі ашық, білімді болуы шарт.
Халықтың тарихтың сүзгісінен өткен рухани құндылықтарына мән берілуі керек.
Жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз болмысына қарай бейімдеп сіңіруі қажет
A) 4.2.3.1.5
B) 5.2.4.3.1
С) 5.3.2.4.1
D) 2.4.3.5.1
E) 3.4.1.2.5
Әл-Фарабидің: «Маған жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» сөзінің мәнін көрсет.
халықтың сауаттылығы азаматтарға байланысты
ел болашағы дәстүрі мен тұрмысына байланысты С) ұлт болмысы жастардың тәрбиесіне байланысты
мемлекеттің сыртқы елмен қатынасына байланысты
адамдардың тұрмысы қабілетті жастарға байланысты
4-азатжолдағы сөйлем ішіне сызықшаның қойылу себебін табыңыз.
бастауыш та, баяндауыш та зат есім
бастауыш та, баяндауыш та сын есім
С) бастауыш зат есім, баяндауыш сын есім
бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім
бастауыш тұйық етістік, баяндауыш зат есім
Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Олар өздері қалаған ісімен айналысып, еркін әрекет ете алады.
ыңғайлас салалас құрмалас
себеп бағыныңқы сабақтас
С) қимыл-сын бағыныңқы сабақтас
қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
түсіндірмелі салалас құрмалас
Берілген сөйлемдегі қос нүкте, тырнақша, сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.
Шығыстың ұлы ойшыл ғалымы Әл-Фараби: «Маған жас жеткіншектеріңізді көрсетсеңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен.
төл сөзді төлеу сөздерге айналдыру
төл сөз, автор сөзі, төл сөз
С) автор сөзі, төл сөз, автор сөзі
автор сөзі, төл сөз, автор сөзі, төл сөзі
төл сөз, автор сөзі, төл сөз, автор сөзі
Берілген мәтіннің стилі мен жанрын анықтаңыз.
көркем әдебиет стилі, әңгіме
ауызекі сөйлеу стилі, диалог
С) ғылыми стиль, ғылыми баяндама
публицистикалық стиль, мақала
ресми іс қағаздар стилі, хабарлама
Достарыңызбен бөлісу: |