Нұра селолық округі бойынша 2014 жылға атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Ж. Төлебайдың есепті баяндамасының тезистері



Дата29.02.2016
өлшемі51.98 Kb.
#31059
Нұра селолық округі бойынша 2014 жылға атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Ж.Төлебайдың есепті баяндамасының тезистері

Селолық округ әкімінің жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Заңдары негізінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа алып жүргізіледі. Елбасы жарлығымен жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар алдында есеп беруі жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауындағы негізгі қағидаларды толққандылықпен жүзеге асыруда Нұра ауылдық округінде 2014 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау барысында барша қазақстандықтармен бірге жұмыла еңбек етеміз.

Нұра селолық округі ауданның солтүстік-шығысында орналасқан. Округтің елді мекендері: Нұра, Мамыр, Дүкен, Белшер. Жер көлемі 641500 га. Селолық округ солтүстігінде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданымен, оңтүстігінде Тәуіп селолық округімен, шығысында Қостанай облысымен, батысында Ырғыз селолық округімен шектеседі. Аудан орталығынан 90 км, Шалқар теміржол станцасынан 246 шақырым, Ақтөбе қаласынан 540 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқы1370 адам. Оның ішінде: Нұра селосында - 710, Мамыр аулында – 210, Дүкен аулында – 181, Белшер аулында 269 адам тұрады. Тұрғындар негізінен қазақтар. 2014 жылға 19 бала туылып, 7 адам қайтыс болып, 4 отбасы құрылды.

Округте Т.Жүргенов атындағы орта, Дүкен, Мамыр, Белшер негізгі мектептері, мектеп жанындағы интернат, «Бөбек» балабақшасы, 3 мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін шағын орталық, 3 клуб, 3 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП, пошта, байланыс жүйесі, 2 телехабарлар тарату орталығы, метеостанция, электр жарығын беру станцасы, халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен бірге 9 жеке сауда дүкені, 2 жеке монша, бар. Селода Отан соғысына қатысып майдан даласынан елге оралмағандарға арналған ескерткіш белгі аллея орнатылған.

Өткен жылы атқарылған округтегі негізгі жұмыстарға тоқталар болсам облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында селодағы дәрігерлік амбулаторияның қас бетіне жөндеу жүргізілді. Бұл құрылыс жұмысына түрлі салада қызмет жасайтын ауылдан шыққан жерлес азаматтар, Нұра өңірінде қызмет жасаған аудан азаматтары демеушілік көрсетті. Сонымен қатар көп жылдан бері айтылып келе жатқан « Қожа» бөгетін салу жұмысы биыл аяқталды.



Ауылшаруашылығы саласы бойынша жер пайдаланушы ауылшаруашылығы құрылымы 21, пайдаланып отырған жер көлемі 28216 га. Округ бойынша мал басы: Түйе – 48 бас, Жылқы - 463, ірі қара – 4056, аналығы-1668 бас, қой ешкі -10864, құстар - 1636 басты құрайды .

Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру жұмысы жүргізіліп 2014 жылға 110 бас қолдан ұрықтандырылды.

Ауданда өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде жергілікті тұрғын Елібаев Абылай бақша өнімдерінің барлық түрлерін апарып сатып нәтижесінде аудан әкімінің алғыс хатын иеленді. Ақтөбе қаласында өткен облыстық жәрмеңкеде де ет,балық т.б барлық өнім түрлері апарылып,арзан бағаға сатылды.

2014 жылы «Байдалы» қыстағына «Айбек» шаруа қожалығы басшысы А.Балаев, «Сүлеймен» қыстағына «Н-Сыдық» шаруа қожалығының басшысы А.Тайғарин жаңадан үй,баз салды. «Уәлі» қыстағына «Парасат» шаруа қожалығы жаңадан үй,баз салып шаруашылықтарын кеңейтті. «Еркөбек» қыстағында «Айту» шаруа қожалығы басшысы Ү.Ұзақов бұрынғы салынған үйі мен базын күрделі жөндеуден өткізіп,малдарын базда бағып отыр.«Көркейе бер,туған жер» акциясының соңғы жылында ауылдың 1978 жылы туылған

азаматтары өз үлестерін қосып мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай Нұра ауылына шаштараз ашып берді.

Шағын кәсіпкерлік бойынша тіркеуде тұрған кәсіпкерлік субьектілер саны – 37, шаруа қожалықтары – 21, жеке кәсіпкерлер саны – 16. Кәсіпкерлікке қамтылған жұмысшы саны – 25,Тұрғындарға қызмет көрсетуге – 13 сауда жасаушы, 4 мал дәрігерлік қызметінде, 2 телехабарлар таратуда кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтар биыл 7 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып,малды асылдандыру мақсатында жұмыс жасауда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып «Айбек»шаруа қожалығы шаруашылығын кеңейтті.

Кәсіпкерлік субьектілері арқылы бақша дақылдарын егуде 9.8 га жерге бақша егіліп, 133,4 тн өнім алынып тұрғындарға сатылды. Биылғы жылға дайындалған мал азығы-18307 тонна. Көлік саны бойынша 107 бірлік, жүк таситыны - 25, жолаушы тасуға арналғаны - 5, жеңіл көліктер - 44, тракторлар саны – 33. Еңбек ресурсы селолық округ бойынша –535 адам, жыл ішінде есепте тұрып тіркелген жұмыссыздар саны 12 адам.

Орта мектепке 2 адам, резерват мекемесіне 1 адам, оның ішінде жұмыссыз болып тіркеуге алынғандардан 1 адам жұмысқа орналасты. Әр түрлі саладағы жұмыстарға ақылы қоғамдық жұмысқа 12 адам тартылды. Округте 2014 жылға әлеуметтік жәрдемақы алушылар жоқ, себеп жанұялық табыстың отбасын қамтуына байланысты кедейшілік шегінен шыққандығы.

Әлеуметтік төлемдер бойынша табысы төмен 30 отбасының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.



Қоғамдық тәртіп Азаматтардың қауіпсіздігін,қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Мал ұрлығы жоқ,тіркелген қылмыс жоқ. Округ бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Нұра ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу,болдырмау жөніндегі жұмыстар атқарылуда. Заңдардың талаптарын қатаң сақтап сыбайластық көріністерге жол бермеуін қадағалау жіті бақылауға алынған.



Қаржы көрсеткіштері бойынша мүлік-жер салығы 57800 теңге, 10802 теңге мөр алымы жиналынды.

Тазалық жұмыстары:

Спорт және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұдайы спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Нұра селолық округі бойынша абаттандыру жұмысына бөлінген қаражат игерілді. Баннерлер орнатылды, округтегі мекемелердің жанына және жеке тұрғындарға таратылып беріліп 100 түп тал,гүлдер егілді. Округ бойынша көшелер күл- қоқыстан тазартылды..Бөлінген қаражат игерілді.

Бұралқы ит-мысықтардың көзі жойылып, бөлінген қаражат игерілді.



Білім саласы бойынша округтегі жалпы білім беретін 1 орта мектеп, 3 негізгі мектеп жұмыс жасайды, 2013/2014 оқу жылына тартылған оқушы саны 267 бала.

Т.Жүргенов атындағы орта мектеп жанында интернат жұмыс жасайды, онда 14 бала тәрбиеленуде. «Бөбек» балабақшасында 30 бала тәрбиеленуде.

4 мектепте ай сайын 129 балаға ыстық тамақ беріледі. «Мектепке жол» акциясы кезінде мекеме қызметкерлері,шаруа қожалықтар,кәсіпкерлер жиналып,көп балалы ,аз қамтылған отбасылардың балаларына, ақшалай,заттай көмек көрсетті. Биыл Т.Жүргенов орта мектебі күрделі жөндеуден өтті.Жұмысқа 25 ауыл азаматтары тартылды..

Электр энергиясымен елді мекендер толық қамтылған. Электр жарығы толық уақытылы беріліп тұрады.

Телехабарлар таратылуы Округ орталығына 1 канал арқылы телехабар таратылады, Дүкен елді мекенінде 2 канал дербес телетаратқыш жұмыс жасап тұр.

Мәдениет саласы бойынша округте 3 кітапхана, 3 клуб үйі жұмыс жасайды. Мереке күндері және жылдық жоспарларында белгіленген шаралар уақытылы аталып өтілуде.

Округтегі елді мекендер бойынша ұйымдастырылып келе жатқан спартакиада биыл бесінші рет Белшер селосында өткізілді.Нұра ауылындағы клуб үйі жай жөндеуден өткізілді.



Пошта байланысы бойынша халыққа еңбекақы және т.б. төлемдер уақытылы таратылып тұрады, баспасөзге жазылу округ бойынша ұйымшылдықпен толық аяқталды.

Денсаулық саласы бойынша 1 ОДА, 3 ФАП бар оларда 1 дәрігер, 7 медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды,компьютерлендірілген.

Өкпе ауруымен жаңадан тіркелгендер жоқ.



Ауыз сумен қамту. Нұра селосы, Мамыр, Дүкен елді мекендері аудан орталығынан тасылатын тасымал сумен қамтамасыз етілуде, Белшер елді мекені құдық суын пайдаланады.

Бүгінгі күнгі округ бойынша басты проблемалар: ауыз су мәселесі және қыс мезгілі кезіндегі елді мекендер мен аудан орталығы аралығындағы жол қатынасы.

Алдағы уақытта осы аталған жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдіремін.


Нұра ауылдық округ әкімі Ж.Төлебай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет