Шығарма мазмұнының дұрыс ретін тап.
1. Қайсар қыздың сөзі
2. Патша үкімі
3. Қолын көтерген қыз
4. Күнәлі төре
А. 4,3,1,2
В. 4,2,3,1
С. 3,1,4,2
Д. 2,4,1,3
№3.
Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Мейірімді бала.
Ы. Алтынсарин
Қытай жұртыңда ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін » деп , мәлім қылады. Қызды патшаға алып келісті.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала- шағаларын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала- шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруды бұйырыңыз. Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсі кешті дейді.
Патша неліктен төренің күнәсін кешті?
А. қыздың «әкем үшін жауап беремін» дегені үшін
В. қыз өзінің қолын көтергені үшін
С. Қыз атасының жазықты екенін айтқан соң
Д. Баланың мейірімділігіне рақымы келді
№4.
Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Мейірімді бала.
Ы. Алтынсарин
Қытай жұртыңда ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін » деп , мәлім қылады. Қызды патшаға алып келісті.
Тақсыр патшам, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемінің қолы, - деп өзінің қолын көтерді.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала- шағаларын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала- шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруды бұйырыңыз. Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсі кешті дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |