ептілі болу керек:
- құрылыстың инженерлік – геологиялық жағдайларын бағалау;
- топырақтардың түрлерінің жасы (геохронология), құрамы (петрография), шөкпелігі, сорғыштығы және т.б. бойынша баға беру;
- әртүрлі экзогенді және гравитационды процесстерді болжау және алдын алу;
- негіздіктердің сулы – ылғалды тәртібі бойынша гидротехникалық есептерді орындау.
дағдылы болу керек:
- негіздіктердің көтеруші қабілеттеріне дұрыс баға беру үшін құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларына талдау жасау.
Пререквизиттер:
Математика 1; Сәулет 1; Инженерлік механика 1.
Постреквизиттер:
Геотехника 2; Құрылыс конструкциялары 1,2; Құрылыс поцесстерінің технологиясы 1; Құрылыс машиналары мен жабдықтары 1; Құрылыстағы экономика және менеджмент 1; Құрылыс – жөңдеу жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы; Ғимараттар мен үймереттерді тексеру, сынау және қайта құру.
1.3 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Геотехника 1 (Инженерлік геология) – бұл адамның инженерлік - құрылыстық қызметімен байланысты жер қыртысының жоғарғы горизонттары мен оның динамикасын оқытатын геология саласы. Ол тау жыныстарының топырақ ретінде пайда болуын, құрамын, құрылысын және қасиеттерін қарастырады, үймереттердің жергілікті табиғи қоршаға ортамен өзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын процесстер мен құбылыстарды, сондай – ақ олардың кері әсерін жою мақсатымен оларды болжау әдістері мен оларға әсер етудің жолдарын оқытады. Сондай – ақ мұнда жер асты суларын оқытатын геология
сұрақтарын, олар әртүрлі ғимараттар мен үймереттердің құрылысы мен эксплуатациясы және адамның басқа да шаруашылық қызметі әсерінен ұшырайтын өзгерістерді қарастырады.
Пәнді оқыту процессінде болашақ маман тау жыныстары және негізгі жыныс құраушы минералдары, Жердің ішкі және сыртқы динамикасының процесстері, гидрогеология негіздері, табиғи геологиялық және инженерлік – геологиялық процесстері мен құбылыстары, оның ішінде үймереттердің құрылысы және эксплуатациясымен байланысты құбылыстары туралы білім алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |