Н с аулар Методические указания к изучению дисциплин Геотехника
Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар. Түрлі ғимараттар мен үймереттер құрылысын салу тәжірибесінде
таяз орналасқан іргетастары сияқты қадалы іргетастар да кеңінен тараған.
Осы тақырыптың материалдарымен жұмыс істеуді қада және қадалы іргетастардың классификациясын оқып үйренуден бастау керек:
– топыраққа сығылған жүкті беру әдісі бойынша;
– қада әзірлеу үшін қолданылатын материалдар бойынша;
– қада әзірлеу және топыраққа сіңу әдісі бойынша;
– қаданың бойлық және көлденең қималарының геометриялық
пішіні бойынша;
– ростверктің тік жазықтықта (жоғары және аласа) жатқан қалпы
бойынша.
Қадалы іргетас құрылымын және қада материалдарын таңдау құрылыс алаңының инженерлік–геологиялық жағдайына және құрылыс сұлбасы мен салмағына байланысты жүзеге асырылады. Осы және өзге де жағдайларда қаданың әртүрлі үлгілерінің берілген сыни баға бойынша артықшылығы мен кемшілігіне назар аудару қажет.
Сондықтан техникалық–экономикалық көрсеткіштер маңызды роль атқаруы тиіс.
Содан кейін тік және көолденең жүктемелердің әсерінен дара қаданың (ілінген қада және тіреуіш-қада) кедергісін анықтаудың негізгі әдістерін қарастыру қажет. Сонымен қатар топырақтың қарама-қарсы үйкелісін есепке ала отырып, қада шегінде баяу төселімдік қабаты болуына көңіл аудару керек.
Қаданың есептік кедергісін статистикалық және динамикалық сынау нәтижесі бойынша, сондай-ақ топырақты байқап қарау нәтижесі бойынша анықтау әдісін игеру өте маңызды.
Студент қада айналасындағы топырақтың кернеулі-деформацияланған күйі және оның көтеру қабілетіне әсері; топырақ қасиеттерінің қада кедергісіне әсері жайлы түсініктерді меңгеруі керек.
Аласа және жоғары ростверкпенқадалы іргетастарды жобалаудың негізгі ережесін, қадалы іргетастарды жобалауға қойылатын құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын ұқыпты оқып – үйренуі қажет. Студент ең шектеулі жағдайлары ылдамдық жағдайы бойынша қадалы іргетастарды есепке ала білуі тиіс (оның жекелеген элементтерінің беріктік жағдайы және тұрақтылықтық негізі, өзгеру негізі бойынша).
Қада және қадалы іргетастар құрылысы технологиясының «қабылдамау» ұғымын анықтау және қағылатын қада үшін қада орнату жабдығын таңдау принциптерінің ерекшелігін де қарастыру керек.
Терең орналасқан іргетастарын үйрену кезінде, алдымен оларды қолдану жағдайына көңіл аударуды қажет етеді, терең орналасқан іргетастар негізі жұмыстың ерекшелігі болып табылады.
Шектеулі жағдай бойынша терең орналасқан іргетастар негізінің есебін жақсы игеру керек.
Студент түсірмелі құдықтарды зерделей отыра, олардың түрлерін, құрылымдық элементтерін, сондай–ақ құдықтарды түсіру кезінде жұмыстардың жүргізілу ерекшелігін қарастыруы тиіс. Түсірмелі құдықтардың есеп және құрылымдық принциптерін игеру қажет. Құрылыс тәжірибесінде кеңінен қолданылатын жинақталған темір бетон қабығынан жасалған іргетастар ерекше назар аударуды қажет етеді.
Кессондық іргетастарды қарастыра отыра, кессон құрылысының ұғымын анықтап алу керек; түсірмелі құдықтардан кессонға мақсатқа сәйкес ауысуға мәжбүр ететін шартын талдау; түсіру барысында кессонның әртүрлі қалыптағы әрекет етуші күшін анықтау әдісіне, кессоннан топырақты өңдеу және шығару тәсілдері, кессондық жұмыстар кезінде техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарға көңіл бөлу.
Бұрғы тірегін зерделеуге көше отыра, олардың құрылысы мен жүргізілетін жұмыстарға көңіл аудару керек. «Топырақтағы қабырға» тәсілімен салынатын іргетастардың қазіргі құрылыстағы маңызы ерекше. Осы тәсілді үйрену кезінде, басымдыққа ие болатын, олардың құрылыс технологиясын нақты игеру қажет. Одан әрі іргетастардың құрылымдық шешімі және құрылымының технологиясына байланысты негізгі құрылымдық түрлері мен есебінің ерекшеліктері қарастырылсын.