Дәріс сабағының тақырыбы: Организмде заттар мен энергияның алмасуы



бет1/12
Дата07.12.2023
өлшемі2 Mb.
#485726
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ФЧЖ №10 Асқорыту физиологиясы (копия)

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Биология және оқыту әдістемесі кафедрасы Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша Химия– Биология, Биология мамандықтары 3 курс, 5 семестр Оқыту түрі: күндізгі Дәріс сабағының тақырыбы: Организмде заттар мен энергияның алмасуы (Ас қорыту жүйесінің физиологиясы)


ЖОСПАР:

Сабақтың мақсаты: студенттерге асқорыту мүшелері жайлы мәліметті толық, анық беру. Асқорыту мүшелерінің орналасу ретін, құрылысын және физиологиясымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

- асқорыту мүшелерінің орналасу ретімен таныстыру;

  • ауыз қуысының, жұтқыншақтың құрылысын, ерекшеліктерін, қызметерімен таныстыру;
  • ішек- қарын құрылысы, қызметі және ерекшеліктерімен таныстыру;
  • асқорыту жүйесіндегі қосымша мүшелерінің құрылысы, физиологиясы және ерекшеліктерімен таныстыру.

Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп- өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді.

-Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл –экзогендік тамақтану.

-Сырттан қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің калыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады.

Ас қорыту жолындағы өңдеу

  • Механикалық өңдеу- шайнау аппараты
  • Химиялық өңдеу- ас қорыту жолы сөлдерінің сілті, қышқыл, фермент әсерімен атқарылады.
  • Биологиялық өңдеу- микроорганизм ферменттер әсерінен жүруі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет