Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


-сурет – Жоңғыштардын түрлері және өңдеу беттері



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#123924
1   2   3   4

4-сурет – Жоңғыштардын түрлері және өңдеу беттері

Арнайы бұймдарды өңдеу үшін арнайы станоктарда және әмбебап жоңғылау станоктарында қолданылатын стандартталған жоңғыштар түрлі-түрлі типті, пішінді және тағайындауы бойынша айырылады (4-сурет).

Жоңғыштардын классификациясын келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі.

Тістер оське қатысты орналасу бойынша ажыратылады: цилиндрлік жоңғыштар, оларда тістер цилиндрлік беттерінде орналасқан (4а-урет), түпбетті жоңғыштар, оларда тістер цилиндрдің бүйіржағында орналасқан (4б-сурет), бұрышты жоңғыштар, оларда тістер конусты бетте орналасқан (4е-сурет), фасонды жоңғыштар, тістері фасонды беттерінде орналасқан (дөңестік және ойыстық пішінімен) (4г- сурет).

Кейбір жоңғыш типтерінде тістері цилиндрлік және бұйыржақ беттерінде бар, мысалы дисклі екі және үш жақты (4д сурет), саусақты (4е-сурет), кілтекті (4ж, з сурет) жонғыштарда.

Жоңғыштың тістер бағыттары бойынша болады: тік тісті (4д-сурет), оларда жүздің алдыңғы бетінің бағыттауыш сызығы негізгі кесу қозғалыстың жылдамдық бағытына түзусызықты және перпендикулярды; қиғаштісті (4г сурет), оларда жүздің алдыңғы бетінің бағыттауыш сызығы негізгі кесу қозғалыстын жылдамдық бағытына түзусызықты және көлбеулі; винтті тісті (4а сурет) оларда алдыңғы бетінің бағыттауыш сызығы винтті болады.

Конструкция бойынша жоңғыштар болады: тұтас, құрамды, мысалы дәнекерленген немесе желімделген кесу элементерімен, құрастырылған, мысалы қатты қорытпалы көп жақты тілімшемен жабдықталған; жиынды, бір мезгілде бірнеше беттерді өңдеуге арналған (5−21-сурет) бұл кезде бірнеше жеке стандартты немесе арнайы жоңғыштардан құрастырылады.

5-суретSANDVIK COROMAND фирмасының жоңғыштары




6-сурет – SANDVIK COROMAND фирмасының жоғғыштары





7-сурет – SANDVIK COROMAND фирмасының жоңғыштары




8 сурет Инелі жоңғыш

9-сурет Көп жақ тілімшелі саусақты жоңғыш

10-сурет Жоңғыштар жиынтығы

а

б

в

г


а) цилиндрлік саусақты; б) кілтек саусақты; в) Т- түрлі ойықтар үшін; г) сегментті кілтектердің ойықтары үшін
11-сурет – Жоңғыштар

12-сурет – Модульді саусақты жоңғыш




13-сурет – Бұрамдық модульді жоңғыш




14-сурет – Құрастырылған қайқы жартыдөңгелек жоңғыш




15-сурет – Цилиндрлік жоңғыш

16-сурет – Құрастырылған цилиндрлік жоңғыш

17-сурет – Түзу тісті екіжақты дөңгелекше жоңғыш



18-сурет – Қиып-кескіш жоңғыш

19-сурет – Ойықтар үшін бірбұрышты жоңғыш



20-сурет – Фасонды жоңғыш

21-сурет – Дөңестік жартыдөңгелек жоңғыш
6 Жоңғылау жұмыстарының негізгі түрлері
Горизонталь жазық беттерді горизонталь немесе вертикаль жоңғылау станоктарында цилиндрлік немесе түпбетті жоңғыштармен жоңғылайды.


22-сурет – Жазық беттерді жонғылау сұлбалары

Енді дайындамаларды өңдеу кезінде түпбетті жонғыштар өнімді болып жұмыс істейды. Үлкен диаметрлерге осы жоңғыштарды ендірме тісті құрастырылмалы жасалады, ең көп таралғандары қаттықорытпалы.

Вертикаль беттерді горизонталь-жоңғылау станоктарында екі және үш жақты дисклі жоңғыштармен (22а-сурет), шет жақтық жоңғыштармен бойлық жоңғылау станоктарда (22б-сурет), саусақты жоңғыштармен вертикаль-жоңғылау станоктарда (22в-сурет). жоңғылайды.

Көлбеу беттерді горизонталь-жоңғылау станогында бұрыштық жоңғыштармен (22г-сурет), айналдырығы бұрылған вертикаль-жоңғылау және бойлық жоңғылау станоктарында шет жақтық жоңғыштармен (22д-сурет) өңдейді.

Кемер, ойық және бунақтарды вертикаль-жоңғылау станоктарында саусақты жонғыштармен және горизонталь-жоңғылау станоктарында екі немесе үш жақты дисклі жоңғыштармен өңдейді. Фасондық беттерді горизонталь-жоңғылау станоктарында арнайы фасондық жоңғыштармен немесе стандартты жоңғыштар жиынтықтарымен өңдейді (22е-сурет).

Бұрама және сомындардын бастиегіндегі оймакілтектерді (бунақтарды) кертіккесу немесе кесіп алу жұмыстары үшін жіңішке дисклі жоңғыштар қолданылады.


7 Бөлгіш бастиегі көмегімен жоңғылау
Дайындама шеңберін тең немесе тең емес бөліктерге бөлуге, тіктісті доңғалақтарды, алтыжақтыларды, оймакілтек білікшелерді және т.б. беттерді өңдеуге арналған бөлгіш бастиек болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет