Катасонова елена сергеевна



Дата01.07.2016
өлшемі34.58 Kb.
КАТАСОНОВА ЕЛЕНА СЕРГЕЕВНА
Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен екіжақты жарығын емдеудің бастапқы кезеңдерінде жаңа технологияларды қолдану негіздемесі

14.00.21 – Стоматология
Тұжырым
Жұмыстың мақсаты жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен екіжақты жарығы бар балаларды инновациялық технологияларды қолдана отырып емдеуді жетілдіру болып табылды.

Біздің бақылауымызда жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен екіжақты жарығы бар 1-ден 3-ке дейінгі жастағы 80 бала болды. Емдеу әдістері бойынша олар келесі топтарға бөлінді: 1) операцияға дейінгі ортодонтиялық дайындық жасалмаған 30 пациент; 2) операцияға Т.В.Шарованың әдісімен дайындалған 32 пациент; 3) операцияға инновациялық әдістермен дайындалған 18 пациент.

Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен екіжақты жарығы бар барлық балаларға операцияға дейін жалпы қабылданған клиникалық-зертханалық тексеру және антропометриялық зерттеулер жүргізілді. Екіжақты ЕТТЖ бар балалардың жоғарғы жағының дамуы Г.В.Долгополованың бақылау-диагностикалық үлгілерін зерттеу жөніндегі біздің модификациямыз бойынша жүргізілді (2003). Жоғарғы жақтың қатты деформациялануы жағдайында жақүсті аппаратының бекіткіш бөлшектері мен кішіиплантанттарды (Absoanchor, Dentos корпорациясы, Дэгу, Корея) орналастыруды жаспарлау үшін Somatom-CR (Siemens) рентгендік компьютерлік томографта 3Д сүйекті қалпына келтіру бағдарламасы бойынша компьютерлік-томографиялық зерттеу жүргізілді.

Екіжақты ЕТТЖ бар балалардың диагноситкалық үлгілерін зерттеу нәтижелерін талдау жоғарғы жақ пен жақаралық сүйектерінің әртүрлі дәрежеде деформацияланғаны, оның орта сызықтан ауытқу бұрышы (жақаралық сүйек деформациясы ауырлығының бірінші, екінші, үшінші дәрежесі) анықталды. Бұл осы патологияға ұшыраған балаларды операцияға дайындаудың белгілі бір әдістерін жіктеп қолдануға мүмкіндік берді.

Екіжақты ЕТТЖ бар балаларды операцияға дайындауда алынбайтын сүйекішілік миниимплантанттар ҚР-да алғаш рет қолданылып отыр. Жақаралық сүйек пен оның төңірегіндегі сүйек құрылымдарының деформациялануы ауырлығының үшінші дәрежесі (жақаралық сүйектің 25 мм-ге дейін қажалуы, орта сызықтан 11 градустан астам ауытқу бұрышы, жоғарғы жақ альвеолярлық өсіндінің шеткі бөлімдері ара қашықтығының 25 мм-ден асуы) көрсетілім болып табылады деп санаймыз. Шетелдік тәжірибеге негізделіп және жақаралық сүйек деформациясын ескере отырып, біз осы емдеу әдісін 3 айлық балалардан бастап қолдандық.

Екіжақты ЕТТЖ бар балаларға сүйек ішінде бекітілетін жақүсті алынбайтын аппараттардың сүйеуін жасау үшін имплантанттарды орнатудың хирургиялық хаттамасы денталдық имплантацияның қатты таңдайға аса сақтықпен жасалатын стандартты әдістерінен айырмашылығы болған жоқ. Қатты таңдайға орнатылған импланттанттардың ұзындығы кем болуы тиіс (4-6 мм), бұл қолжетімді сүйектің көлеміне байланысты болып келеді.

Имплантантты сүйекке енгізу тереңдігі оған кейіннен сымды бекіту тәсіліне байланысты болды. Ілмек пен бұранда көмегімен тікелей бекітілген жағдайда қолайлылық үшін имплантанттың мойнағын сүйектің бетінен 1-2 мм жоғары орнатылды. Сымды бекітуге арналған арнайы супрақұрылым қолданылған жағдайда имплантант әдейі дайындалып қалыптастырылған сүйек ойығына толық кіргізіліп орнатылды. Операция жалпы ауруды сездірмейтін дәрілер әсерімен жасалды. Алынбайтын аппаратты бекіту жақ-бет хирургиясында қолданылатын микробұрандаларды пайдаланып жүзеге асырылды.

Келесі кезең аппаратқа бейімделу және оны ретке келтіру, тамақтандыру және аппарат пен ауыз қуысын күтуді үйрету болды. Балалардың денсаулық жағдайына қарай балалар 6-шы-7-ші күні стационардан ортодонт дәрігердің қарауына шығарылып отырды.

Аппаратқа бейімделуден соң екі күнде бір рет бұранданы 0,5 мм-ге белсендендіру және сонымен бір уақытта созылмалы тартқышты үш күн ішінде бір үзбеге белсендендіру жүргізілді. Белсенді кезеңнің ұзақтығы 20-30 күнді құрады. Маңызды кезеңдердің бірі 15-30 күнге созылатын ретенциялық кезең болып табылады. Осы кезең аяқталған соң аппарат шығарылып, бір уақытта екі жақтан хейлопластика жасалды.

Микроимплантанттарды жақүстілік ортодонтиялық аппаратты пайдаланбай қолдану кезінде ортодонтиялық емдеудің бастаудан 1 айдан соң жақ бөліктерінің орын алмасуы, тіс-жақ доғасының қалпына келуі орын алды.



Операцияға әртүрлі әдістермен дайындалған екіжақты ЕТТЖ бар балалардың жақтарының үлгілерінен алынған антропометриялық деректемелер инновациялық технологияларды қолданудың толық басымдығын көрсетті. Операцияға дейінгі дайындықсыз немесе Т.В.Шарованың әдісімен дайындалған пациенттерден алынған деректермен салыстырғанда, микроимплантанттармен бекітілетін алынбайтын жақүсті аппараттарды қолдана отырып операцияға дайындалған аурулардың МЧК мен жоғарғы жақ бөліктерінің шеттері толық байланысқа қол жеткізілді, бұл материал статистикалық өңдеу кезінде расталды (Р0,005).

Сонымен, екіжақты ЕТТЖ бар балаларды кешенді емдеуге инновациялық технологияларды ендіру 1-2 ай ішінде жақаралық сүйектің қалпы мен жоғарғы жақ формасын қалпына келтіріп, сонымен қатар ұтымды мерзім ішінде біруақытты екіжақты хейлопластиканы жасауға мүмкіндік береді, жалпы бұл жағы мен бетінің күрделі патологиясы бар пациенттерді оңалтуды мектепке дейінгі жаста аяқтауға мүмкіндік береді, ал бұл жағдай өз кезегінде аурулардың мүгедектік мерзімін едәуір қысқартады.
Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2010
2010 -> Қарабатырова толқын әбдікерімқызы қызамықты вакцинамен алдын алу нәтижесін бағалау және осы инфекцияның туыла пайда болатын синдромға әсері
2010 -> «Бекітемін» С. Ж. Асфендияров атындағы
2010 -> Ғылыми-практикалық журнал
2010 -> Организационно-методические и финансово-экономические основы инновационно-инвестиционной стратегии развития системы здравоохранения Республики Казахстан. 14. 00. 33 общественное здоровье и здравоохранение
2010 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2010 -> Условия кредитования
2010 -> ҚАДырова шарипа әДілханқызы
2010 -> Становление медиаторного этапа нервного аппарата челюстно-лицевой области в пренатальном онтогенезе человека и лабораторных животных 14. 00. 02 анатомия человека
2010 -> Тесты по теме: «В12-дефицитная анемия. Гемолитическая анемия. Апластическая анемия»
2010 -> Даниярова анара бахиткеревна


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет