Іскерлік ойын «МОНОПОЛИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК»
Ойынның мақсаттары:
-
«Жеке сұраныс», «шығын», «рыноктік сұраным», «монополия», «түсім», «пайда», «фирманың тепе-теңдігі», «тепе-теңдік баға» түсініктерін ұғып алу.
-
Сұраныс заңының мәнін сезіну (түсіну).
-
Монополиялық рыноктың баға жасау механизмін зерттеу.
-
Тұтынудың бағалауды қалыптастыру және тауарды жарнамалауы элементарлы дағдыларын білу.
Түсініктер:
-
Жеке сұраныс – белгілі бір уақыт аралығында кез келген адамның сатып алуға тілек білдіретін және ала алатын тауар саны.
-
Рыноктік сұраныс – берілген тауарды сатып алушылардың барлығының жеке сұраныс мәндерінің сомасы.
-
Сұраныс заңы – бағаның өсуіне байланысты сұраныс көлемінің азаюы.
-
Монополия – жалғыз сатушы.
-
Алып сатар - монополия – тауарды бір рынокта жазып алынған (фиксированный) баға бойынша сатып алатын және оны басқа рынокта еркін (моноплиялық) бағамен сататын монополия.
-
Түсім – бағаның және сату көлемінің туындауы.
-
Алып сатар - монополист шығыны – сатып алудың бағасының және сату көлемінің туындауы.
-
Пайда – түсім мен шығынның айырмашылығы.
-
Фирманың тепе-теңдігі – оның пайдасы максималды болған жағдай.
-
Тепе-теңдік баға – пайданы максимизациялау үшін үшін монополисттің қоятын бағасы.
Теория.
Алып сатар – монополияның тепе-теңдік бағасы барлық сатып алушылардың және сатып алынғанның бағасының жеке сұранысының суммасымен анықталады.
Мысал қарастырайық.
Рынокта екі сатып алушы және монополия. Бағалары 30, 25, 20 бірлік болғанда бірінші сатып алушының сұранысы 1, 2 және 3-ке тең, ал екінші сатып алушының сұранысы сәйкесінше 0, 1 және 1-ге тең. Сатып алу бағасы 9-ға тең. Рыноктік сұраныс Q-ды Q1 және Q2 жеке сұраныс функцияларын қосу арқылы табамыз. Жалпы шығын TC осы жағдайда сату көлеміне пропорционалды.
Осыны ескере отырып 1 кестенің мәліметтерін толтырамыз.
Максималды пайда – 48 бағаның 25 мөлшерінде жетеді. Бұл тепе-теңдік баға.
P
|
Q1
|
Q2
|
Q
|
TR
|
TC
|
П
|
|
|
|
Q1 + Q2
|
P*Q
|
9*Q
|
TR - TC
|
30
|
1
|
0
|
1
|
30
|
9
|
21
|
25
|
2
|
1
|
3
|
75
|
27
|
48
|
20
|
3
|
1
|
4
|
80
|
36
|
44
|
Ойын ережелері.
Бірнеше студенттер (2-3 кісі) алып сатар-монополия ролін атқарады (әр сатушының өзінің ерекше тауары бар).
-
Қалған студенттер сатып алушылар. Әр студент бір ғана тауарға сұраныс жасай алады.
-
Негізінен ойын студенттер-монополисттер арасында ойналады. Үлкен пайда алған монополия алады. Монополистің мақсаты тауарға рыноктік сұранысты көбейту үшін оны таңдау және жарнамалау болып табылады.
-
Монополист сатып алатын тауарға нақты рыноктағы тауар бағасына байланысты баға қояды. Бұл баға монополистің пайдасына тікелей әсер етеді. Егер сатып алу бағасы өте жоғары болса, онда монополист шығынға батады. Алайда сатып алудың бағасы өте төмен болуға тиіс емес. Егер сатып алатын тауардың бағасы 0-ге тең болса, онда монополист тауарды «ұрлаған» болып есептеледі.
-
Монополист оқытушыға сатып алу бағасын құпия түрде хабарлайды, себебі баға сатып алушының жеке сұранысының қалыптасуына әсер етпеуге тиіс (бұл «коммерциялық құпия»).
-
Студенттер – «сатып алушылар» да ойынға қатысады, олар кез келген сатушыларды қолдайды («теңгемен дауыс беру арқылы»). Әрбір сатып алушы тауарды таңдайды және оған сұраныс жасайды.
-
Егер сатып алушы сұраныс заңына бағынбайтын сұранысты ұсынған болса, онда мұндай сатып алушы дисквалификацияланады, оның өтініші қабылданбайды. Белгілі бір сатушы сатып алушының қолдауынан айрылады.
-
Жеке сұраныстың кестесін толтыру кезінде аудиторияда әр тауар бағасы диапозонының өзгеруіне байланысты дискуссия жүреді. Дискуссияның қорытындысы ретінде болуы мүмкін әр тауардың бағасы (4-5 мағынасы) алынады, аудиторияның пікірінше максималды және минималды болуы мүмкін мағыналар алынуға тиіс.
-
Тауардың баға диапозондық айтысына сатушы қатыспайды, себебі ол жоғары бағаға және жоғары тепе-тең баға қоюға ынталы.
-
Оқытушы бұл ойында ұйымдастырушы функциясын атқарады және қажетті есептеулерді тақтаға жазуы керек (есептеулерді тақтаға жазуды студенттерге тапсыруға болады).
Бірінші сұрақта экономикалық теория курсында өткен монополия нарығы мен таза монополияның негізгі белгілерін еске түсіру керек. Сонымен қатар салаға кіретін кедергілерді де еске түсіру керек. Одан кейін монополиялық биліктің мәнін, көріністерін, оны пайдаланудың дәрежесін және алғышарттарын жан-жақты талдау қажет. Бұл жағдайларды анықтау үшін монополия өнімінің сұранысының ерекшеліктерін қарастыру керек. Монополист өнімінің сұранысы нарықтық немесе салалық сұранысы болып табылады және сұраныс қисығы төмен қарай еңкіш болып келеді. Монополистің өніміне сұраныстың ерекшеліктерінің мәнін мен мағынасын түсініп алу керек. Сонымен қатар монополиялық билік жоғары пайда алудың кепілі емес екенін ұмытпауымыз керек.
Бірінші сұрақты дайындау барысында графиктің көмегімен баға, сұраныстың икемділігі, шекті табыс және жиынтық табыс арасындағы байланыстарды көрсетіңіз.
Екінші сұрақты дайындау барысында бірінші сұрақта қарастырылған мәселелерді, қысқа мерзімдегі монополиялық теп-теңдігінің графикалық көрінісін қолданыңыз. Бұл сұрақты толығымен түсіну үшін Хайман Д. Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т.2. с.16-17 кітабындағы 10.3 кестесінде берілген мәліметтерді қолдануға болады.
Үшінші сұрақта ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдікті қарастырыңдар. Графиктің көмегімен неге бір зауыты бар монополиялар өндіріс ауқымының өсуінен алынатын үнемді толық қолдана алмайтынын анықтаңдар. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдігінің шартын қарастырыңдар. Одан кейін монополия қандай жағдайда өндірісті екі немесе одан да көп зауыттарда жүзеге асыра бастайтынын анықтап алу керек. Монополиялық ұсынысты талдай отырып, неге монополиялық нарық ұсынысының қисығы үшін нарық бағасы мен ұсыныс көлемінің арасындағы тәуелділік болмайтынын түсіну керек? Неге монополистің ұсынысының өзгерісінің айқындаушы факторы сұраныс қисығының өзгерісі емес, шекті табыс қисығының өзгерісі болып табылады?
Тақырып 9 . Монополиялық бәсекелестік
СӨЖ тапсырмалары:
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
-
Монополиялық бәсеке моделі ерекше мағыналы айналым құрылымының қайсысын иемденеді?
-
Фирманың әс-әрекетін түсіндіріңдер қысқа мерзім кезеңінде сұранысты қалай азайтады?
-
Тепе-теңдік бағаның жағдайы қандай қысқа мерзім кезеңіндегі фирмалардың шығаруында?
-
Қандай жағдай ұзақ мерзімдегі нарықтағы тепе-теңдікте монополиялық бәсекенің?
-
Біздің көзқарасымызбен қарағанда халықтардың тіршілігін қамтамасыз етуде монополиялық бәсекенің?
-
Баға емес бәсекеде монополиялық бәсеке қандай жағдайды пайдаланады?
-
Немен кемітілген монополиянық бәсекенің кемшілігі және оны немен толтыруға болады?
СӨЖ арналған тапсырмалар:
-
Үй тапсырмасы.
-
Тақырып бойынша глоссарий жасаңыз.
-
Ситуациялық есепті шығарыңыз. Сол бойынша комментарий жасаңыз:
А. Барлық фирма монополиялық бәсекеде. Сала бойынша біріксе үлкен монополияға осы фирма сол тауарларды толық көлемінде шығара ма, түсіндіріңдер тауар ма не?
Б. Әрбір 20 фирма саланың монополиялық бәсекеде иемденеді dd қисығын, берілген теңдік P=10-0,001Q қандай болады, қисық әрбір фирмаға салаға кіргеннен кейін 5 жаңа фирма С-(117), “Экономикалық теория” Сұрақтар мен жауаптар.
Тест сұрақтары:
-
Қандай монополиялық бәсеке кәсіпорыны шығарады?
а) уникалды өнім;
ә) дифференциалдық;
б) стандартталған;
в) унифицираланған.
-
Қысқа мерзім кезеңінде кәсіпорыны монополиялық бәсеке жағдайында болатын, төменгі көрсетілгендерге істей алады, одан басқа:
а) пайдалы максимизациялау;
ә) зиянды минимизациялау;
б) нормальды пайда алу;
в) пайданы біркеліге келтіру және шектеулі шығын.
-
Ұзақ мерзімдік рыноктағы тепе-теңдік монополиялық бәсекені білдіреді:
а) нарықтық баға тең минималдық мағынасына ұзақ мерзімдік орташша шығында;
ә) баға теңдеседі шектеулі шығынмен;
б) фирма экономикалық пайда алмайды;
в) барлық өндірістік қуат кірістірілген.
-
Монополиялық бәсеке рыногында фирманың рыноктық өкіметтік көзі болады:
а) салаға кірудің жоғары барьері;
ә) өнімді дифференциялау;
б) бәсекенің болмауы;
в) өндірістік қуаттың артық болуы.
-
Монополиялық бәсекенің негізгі әлеуметтік тиімділігі болады:
а) өнімді жетілдіру;
ә) тауардың мол ассортименті;
б) тауардың бәсекелестігі;
в) барлық келтірілгендер.
Бірінші сұрақта олигополияның ерекшеліктерін қолдана отырып саналы бәсекелесу үлгісін қарастырыңыз. “Баға қақтығысының” мәні мен салдарын анықтаңыз. Қай уақытқа дейін баға қақтығысы болады және пайданы кім алады? Тепе-теңдік шарттарын көрсетіңіз. Осы сұрақта фирмаларды келісімге итермелейтін немесе картельді құру себептерін анықтаңыз. Картель құрудың қажетті шарттарын анықтаңыз.
Екінші сұраққа дайындалу барысында олигополияның басқа үлгілерін қарастыру керек: 1) “Сынған сұраным” қисығы үлгісі. Ол олигополия шарттарында таза бағалы бәсеке жағдайын көздейді. Мұнда мынаған негізделу керек: тығыз өзара қатынас шарттарында бәсекелестер фирманың баға көтеруіне назар аудармайды және сәйкесінше оның төмендеуіне жауап береді. Салалық сұраныс қисығының сынған қисық түріне неліктен ауысатынын және оның мәнін түсіну маңызды. Шекті табыс қисығының жағдайын ескере отырып, шекті шығындар өзгерісі кезінде нені пайымдауға болады? 2) Тосқауылды баға белгілеу үлгісі. Бұл үлгіні талдай отырып, салаға «бөтен» фирмаларды кіргізбеу тосқауылының мотивтері мен механизмдеріне назар аудару керек; 3) Баға лидерлігі үлгісі. Фирмалардың өзара іскерлігін анықтай отырып, мынаған назар аудару керек: санкциялар тек лидер жағынан емес, лидердің жетегіндегі фирмалардың лидердің болғанын қалайтындығымен де қамтамасыз етіледі; 4) Курно дуаполиясының үлгісі. Берілген үлгіні талдау барысында екі фирма іскерлігінің мәнін анықтау керек. Курно тепе-теңдігі.
Үшінші сұрақта ойын теориясы көмегімен олигополия нарығындағы фирмалардың өзара шартты тәртібін талдаңыз. Оқу материалын қолдана отырып, анықтаңыз, қалайша ойын теориясының көмегімен өзара іскерлік стратегиясын анықтауға болады және тепе-теңдік түрлері қалай жүзеге асады. Максимина стратегиясының не үшін қолданатынын және Нэш, Парето, Стэкельберг бойынша тепе-теңдік пен басымдау (доминирующий) стратегия тепе-теңдігінің мәнін түсіну маңызды (Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика: Учебное пособие для Вузов, 2-е издание, с.211-214, Курс экономической теории; Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики; Учебное пособие / Под ред. д.э.н., проф. А.В.Сидоровича, с.206-208, Хайман Д.Н: Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т.2. с.64-66).
Тақырып 10. Олигополия
СӨЖ тапсырмалары:
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Олигополия нарығын сипаттаңыз. Оның ерекшелігі неде?
-
Олигополия үлгілердің жіктеуін келтіріңіз.
-
Олигополияның әр түрлі үлгілерін сипаттаңыз. Әрқайсысы олигополиялық бәкелестің қай жақтарын көрсетеді?
-
Бағалық кемсіту деген не? Бағадан тыс бәсекелестіктің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер, жаттығулар, тест сұрақтары:
1. Монополистік бәсекелестік нарығы және олигополияның бірдейлігі неде?
а) нарық кіру кедергілері жоқ
б) фирмалар стратегиялық мінез-құлқымен сипатталады
в) бәсекелестердің аз ғана саны әрекетте (бар)
г) фирмалар нарық билігіне ие
2. 2 фирма өзара қатынасын Курно дуополиясы ретінде жіктеуге болады, егер
а) бәсекелес бағаларды қолдау саясатын жүргізетініне фирмалар сенеді
б) бәсекелес өз шығарымын өзгертпейтінін әр фирма үйғарады (сенеді)
в) фирмалар бірлесіп өндіріс көлемін таңдайды
г) барлығы да дұрыс (жоғарыда айтылғандар)
3. Ойындар теориясына сәйкес олигополистердің шешімдері қабылдау процесі (үдірісі) ұйғарады:
а) бәсекелес үшін фирмалар кез келген стратегия нәтижесін бағалап талдайды
б) фирмалар өз әрекеттеріне бәсекелестің іс-қимылдарын (әсер тигізуін) есептемейді
в) фирмалар әрқашан бәсекелестер сәйкес стратегияны таңдайды деп ұйғарады
г) барлық жауаптар дұрыс емес (қате)
4. Курно үлгісіндегі нарық сұранысының қисық сызығы
Р = 200 – Q теңдеуден берілген. А фирмасының шекті шығындары шығарудың әр көлемі үшін 30 тең.
Келесі сауалдарға жауап бер:
а) егер В фирмасы өнімнің 50 бірлігін өндірсе, оған ең жоғары пайданы қамтамасыз ету үшін А фирмасының көлемі қандай болу керек?
б) А фирмасы В фирмасының өндіріс көлемі 60 бірлікті құрайды деп санаса, оның өз шығаруы қалай өзгереді?
5. Баға көшбасшы – фирманың шекті табыс функциясы: MR = 9 – q. Шекті шығындар функциясы: MR = 1+q. Саланың қалған фирмалар ұсынысының қисық сызығы: Sn = 2 + 2q. Салалық ұсынысты анықтаңыз.
6. 2 олигополист – фирмалар өніміне деген сұраныс функциясы белгілі: Q1 = 20 – 3P1 + 2P2 және Q2 = 20 – 3P2 + 2P1, сонымен бірге олардың валдық (жалпы) шығындары: TC1 = 3Q1 және TC2 = 3Q2. Фирмалардың әрқайсысы балама бағалық стратегиясының біреуін таңдап алуға тиісті: нарықты иелену мақсатымен 10 долларды құрайтын бағаны қалдыру немесе оны 8 долларға дейін түсіру. Ойындар теориясы методологиясын пайдалана отырып, есепті шығарыңыз.
7. Олигополия нарығы 2 фирмамен көрсетілген әрқайсысының пайдасы тек қана өз шешімдері емес, бәсекелестер шешеімдерінен де тәуелді. Фирманың әр қайсысы 2 мүмкін стратегиясының 1 таңдайды: бағаны түсіру немесе сол қалпында қалдыру (бәсекелестің іс-қимылын білмей отыра). Мүмкін нәтижелер матрицасы кестеде көрсетілген (1 цифра – 1 фирманың пайдасы, 2 – екінші фирманың пайдасы сәйкес стратегияны таңдаған жағдайда).
-
1 фирма
|
|
2-ші фирма
|
Бағаны түсіру
|
Бағаны түсірмеу
|
Бағаны түсіру
|
(10,10)
|
(18,5)
|
Бағаны түсірмеу
|
(5,18)
|
(14,14)
|
Фирмалар қандай бағалық стратегияны ұстанады, неге? Олар осылай ең жоғары пайдаға жете ме?
8. Картель құрған 3 фирма шығындарының функциясы келесі кестеде көрсетелген:
-
Q
|
Жалпы шығындар
|
1 фирма
|
2 фирма
|
3 фирма
|
0
|
20
|
25
|
15
|
1
|
25
|
35
|
22
|
2
|
35
|
50
|
32
|
3
|
50
|
80
|
47
|
4
|
80
|
120
|
77
|
5
|
120
|
160
|
117
|
Егер картель өнімнің 11 бірлігін шығарамыз деген шешім қабылдаса, олар шығындарды азайтуға тырысқан жағдайда осы көлемнің өндірісі 3 фирма арасында қалай бөлінеді?
Бірінші сұрақта олигополияның ерекшеліктерін қолдана отырып саналы бәсекелесу үлгісін қарастырыңыз. “Баға қақтығысының” мәні мен салдарын анықтаңыз. Қай уақытқа дейін баға қақтығысы болады және пайданы кім алады? Тепе-теңдік шарттарын көрсетіңіз. Осы сұрақта фирмаларды келісімге итермелейтін немесе картельді құру себептерін анықтаңыз. Картель құрудың қажетті шарттарын анықтаңыз.
Екінші сұраққа дайындалу барысында олигополияның басқа үлгілерін қарастыру керек: 1) “Сынған сұраным” қисығы үлгісі. Ол олигополия шарттарында таза бағалы бәсеке жағдайын көздейді. Мұнда мынаған негізделу керек: тығыз өзара қатынас шарттарында бәсекелестер фирманың баға көтеруіне назар аудармайды және сәйкесінше оның төмендеуіне жауап береді. Салалық сұраныс қисығының сынған қисық түріне неліктен ауысатынын және оның мәнін түсіну маңызды. Шекті табыс қисығының жағдайын ескере отырып, шекті шығындар өзгерісі кезінде нені пайымдауға болады? 2) Тосқауылды баға белгілеу үлгісі. Бұл үлгіні талдай отырып, салаға «бөтен» фирмаларды кіргізбеу тосқауылының мотивтері мен механизмдеріне назар аудару керек; 3) Баға лидерлігі үлгісі. Фирмалардың өзара іскерлігін анықтай отырып, мынаған назар аудару керек: санкциялар тек лидер жағынан емес, лидердің жетегіндегі фирмалардың лидердің болғанын қалайтындығымен де қамтамасыз етіледі; 4) Курно дуаполиясының үлгісі. Берілген үлгіні талдау барысында екі фирма іскерлігінің мәнін анықтау керек. Курно тепе-теңдігі.
Үшінші сұрақта ойын теориясы көмегімен олигополия нарығындағы фирмалардың өзара шартты тәртібін талдаңыз. Оқу материалын қолдана отырып, анықтаңыз, қалайша ойын теориясының көмегімен өзара іскерлік стратегиясын анықтауға болады және тепе-теңдік түрлері қалай жүзеге асады. Максимина стратегиясының не үшін қолданатынын және Нэш, Парето, Стэкельберг бойынша тепе-теңдік пен басымдау ( доминирующий) стратегия тепе-теңдігінің мәнін түсіну маңызды (Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика: Учебное пособие для Вузов, 2-е издание, с.211-214, Курс экономической теории; Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики; Учебное пособие / Под ред. д.э.н., проф. А.В.Сидоровича, с.206-208, Хайман Д.Н: Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т.2. с.64-66).
.
тақырып 11. Өндіріс факторларының нарығы
СӨЖ тапсырмалары:
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
СӨЖ арналған бақылау сұрақтары:
-
Келесі тақырыппен танысу. Глосарий құру.
-
1 семинарлық сабақтың сұрағы дәстүрлі формада талқыланатын болады.
-
Семинарлық сабақтың 2,3 сұрақтары рефераттық формада қарастырлады.
Есептер:
Есеп 1. Соңғы он жылдықта Еуропа мен Құрама Штаттардағы кәсіподақ лидерлары фирмалардың осы елден жұмысшы күшін жалдаудың жоғары шығындарын болдырмау үшін «шетелден жұмысшы күшін жалдайтынына» шағымданады. Фирмалардың неге осылайша әрекет жасайтының көрсету үшін график сызыңдар.
Есеп 2. Аталмыш тенденцияға қандай экономикалық күштер қарсы әрекет жасай алады.
Есеп 3. Өндірісті шетелге ауыстыруға қандай салалар сіздің ойынызша ерекше қызығушылар танытар еді.
Тест сұрақтары:
1. Жұмысшы күшінің қосымша бірлігінен түсетін қосымша табыс – бұл:
-
Еңбек табыстылығы;
-
Пайдалылық;
-
Еңбектің қосымша табыстылығы;
-
Шекті шығындар;
-
Рентабельділік.
2. MRPL (Еңбектің шекті табыстылығы), қандай формула бойынша есептелінеді:
-
MPL/MR;
-
MPL+MR;
-
MRxMP;
-
MPLxMR;
-
MPL-MR.
3. Өндіріс факторлар саны және өнім шығару көлемі не үшін тербелейді:
-
Шекті табыс шекті шығындарға тең болуы үшін;
-
Шекті табыс шекті шығындардан аз болуы үшін;
-
Шекті табыс шекті шығындардан көп болуы үшін;
-
Шекті шығындар табыстан асып кетуі үшін;
-
Шекті табыс нөлге тең болуы үшін.
4.Еңбектің шекті табыстылығының өсуі кезінде еңбектің шекті табыстылық қисығы:
-
Өзінің қалпын өзгертпейді;
-
Оңға қарай жылжиды;
-
Солға қарай жылжиды;
-
Жоғарыға қарай жылжиды;
-
Төменге қарай жылжиды.
5. Еңбекке деген жиынтық нарықтық сұраныс қисығын алу үшін не қажет:
-
Сала сұранысының қисықтары қосу;
-
Әр фирмада оған деген сұранысын анықтау;
-
Алдымен әр фирмада оған деген сұранысын анықтау, содан кейін саланың сұраныс қисықтарын мүшелеп қосу;
-
Сала ұсыныстарының қисығын қосу;
-
Әр саладағы ұсыныс қисықтарын анықтау.
6. Алынатын өндіріс факторының бірлігіне кететін фирманың үлестік шығыстары нені білдіреді:
-
Орташа шығындар қисығы;
-
Шекті шығындарды;
-
Орташа табыс қисығы;
-
Шекті өнімді;
-
Шекті шығындар қисығын.
7. Өндіріс факторының әр қосымша бірлікке кететін фирма шығыстары бұл:
-
Орташа шығындар;
-
Шекті шығындар;
-
Үлесті табыстар;
-
Тұрақты шығындар;
-
Ауыспалы шығындар.
8.Шекті табыс қисығы шекті шығындар қисығынан төмен жатса, онда:
-
Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан төмен болады;
-
Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан жоғары болады;
-
Пайда шығындарға тең болады;
-
Жиынтық табыстар шығындарға тең болады;
-
Пайда нөлге тең.
9. Пайданы максималдау қандай шарттарды талап етеді (ME -шекті табыстылық; MRP -шекті шығындар):
-
MY=MP;
-
ME -
ME>MRP;
-
ME=MRP;
-
ME>MP.
9.Өндіріс факторларына кеткен шығындармен және осы факторларды жалдау үшін қажетті минималды төлем арасындағы айырма – бұл:
-
Орташа табыс;
-
Шекті шығындар;
-
Шекті табыс;
-
Экономикалық рента;
-
Таза табыс.
Достарыңызбен бөлісу: |