Дөңгелек термодинамикалық процестер мен циклдер.
Дөңгелек процесс немесе цикл деп – жұмыс денесі өзінің бастапқы қалпына айналатын процесті айтамыз.Қайтымды дөңгелек циклдер жылу қозғалтқышы мен тоңазытқыш машиналардың теориалық циклдердің негізі болып келеді.Цилиндрде газды бір рет кеңейткенде ғана жұмыстын шектеулі түрін алуға болады. Расында да цилиндрдегі газды кеңейту процессінде жұмыс денесінің температурасы мен қысымы қоршаған орта температурасы мен қысымына тең болады, осымен жұмысты алу процесі аяқталады. Жұмысты қайта алу үшін қысылу процесінде жұмыс күшін бастапқы жағдайға келтіріп отыру керек. Егер жұмыс күші 1-2-3 қисық түзу бойынша кеңейтілсе, онда ол жұмысты шығарады. Жұмыс күші 2 нүктесіне жеткенде бастапқы жағдайына қайтарылуы керек (1 нүктеге), ол жұмысты қайта шығаруға мүмкіндік беру үшін. Бастапқы жағдайға көшу 3 жолмен өтеді. 2-7-1 қисығы бойынша қайтарылуы, 2-6-1 қисығы бойынша немесе 2-3-1 қисығы бойынша, дөңгелек процесті жүзеге асыру үшін, жұмыс денесіне g 1 жылуын әкелгенде, ал ыстық құбырлардан g 2 жылуды суық құбырларға жіберу керек, яғни жылудың жартысы төменгі жылу (суық) құбырларына жылудың бір бөлігінің көшу процесін жүзеге асыру үшін әр түрлі температура болу керек.Дөңгелек процестерде жұмысқа жылуды жеткізуді толығымен түрлендіру мүмкін емес, сонымен жылулық КПД қандай да болсын теориалық циклдан әрқашан бірліктен кіші болады.
6 Сурет – Дөңгелек термодинамикалық процестер немесе циклдар ұғымына
Бақылау сұрақ.
Үдеріс дөңгелек бола ма? Егер де жылу өздігінен тым қызған денеден азырақ қызған денеге көшеді.
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
А. Иә.
Б. Жоқ.
Жауабыңызды 32 беттегі 2.8 т. салыстырыңыз.
Түзу циклы
Түзу циклдарында, жылу қозғалтқышы бойынша жұмыс істейтін, жылуды жұмысқа айналдыратын пайдалы тәсілі болып келеді.Термодинамиканың екінші заңына сәйкес бұл жағдайда толтырылған үдеріспен жоғары температуралық деңгейден төменгі деңгейге өздігінен көшу болып табылады.
Жұмыстың өң нәтижесін алу үшін 1-6-2 үдерісінде жұмыстың кеңейтілуі үшін, 1-6-2-5-1 оның сәйкес аумағы 2-3-1 үдерісте қысылған жұмыстан көп болу керек, яғни сағат тілі бойынша жұмыс денесі дөңгелек процесті жасайды.
Циклдың тиімділігі жылу мөлшерінің қатынасы жұмысына айналған, q1 жұмсалған жылудың мөлшерімен өлшенеді және оны қызметтің пайдалы термиалық коэффицент деп атайды
.
Сонымен, термиалдық КПД пайдалы жұмысқа айналған, жылу бөлігін көрсетеді.
7 Сурет – Жылу қозғалтқышы мен термодинамика циклының в координаттарындағы жай сызбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |