НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет23/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

76-есеп. Бұрын қолданылмаған жерді қайтадан қолданысқа беру мақсатымен, аудандық әкімшілік басшысы, мемлекеттік босалқы жерлерден 10 гектарды шаруа (фермер) қожалығына беру туралы шешім шығарады. Осыған сәйкес, шаруа қожалығының қызметін жалғастыруға берілген жер, “Бірлестік” мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жайылымынан аттамалық (кірме) жерден беріледі. Осыған сәйкес, шаруа қожалығы мен “Бірлестік” мемлекеттік кәсіпорны бұл аттамалық жерді (1 шаруашылықтың жерінің 2-ші бір шаруашылық жерінде болуы) жою мақсатымен мемлекеттік кәсіпорынның жерінен 0,71 гектарға дейінгі жерді қысқарту арқылы, жер учаскелері мен айырбас жасау туралы келісімге қол жеткізеді.

  • Жерді айырбастауға байланысты шаруашылық субъектілерінің арасында туған мәселені шешудің жағдайлары мен тәртібі қандай?

  • Ауылшаруашылық жер пайдалану құқығының түсінігі мен ерекшелігіне сипаттама беріңіз?



77 -есеп. Иванов 1990 жылдан бері Беловамен тіркеусіз некеде, бір отбасында тұрған және кооператив мүшесі болып табылған. Олардың бірге тұрған уақыт аралығында, ортақ үйлері, сиыры, тағы басқа да мүліктері және 200 мың теңге көлеміндегі Ивановтың атындағы ақшалары болған. Ивановтың аудандық ауылшаруашылық өндірістік бірлестігінің дайындаушысы болып жұмыс істеген уақыт аралығында, Ивановтың жұмысы барысында көрініс тапқан 660 мың теңге көлемінде жетіспеген ақша көлемін төлеу жүктелген. Бұл шешім 15 мамыр 1999 жылы шығарылады. Ал, 22 тамыз 1999 жылы Иванов бұл шығынының орнын толтырмастан, қайтыс болады. Аудандық ауылшаруашылық өндірістік бірлестігі қайтыс болушының кооператив мүлкіндегі үлесінен, және кейін тіркелген некеден Беловаға мұрагерлікпен қалған 200 мың теңгені, Беловадан өндіру туралы талап арызбен сотқа жолданды.

  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшарушылық өндірістік кооперативінің мүлкінің құқықтық режимі қандай?

  • Иванов пен Беловаға қойылған талап арыз қанағаттандыруға жата ма?



78-есеп. “Қайырбек” кооперативінің басшылығы, кооператив мүшесі Сагитовтың кооператив мүлкіне абайсызда зиян келтіргені үшін, 3-есе көлемде зиянды өтеуін міндеттейді. Сагитов бұл шешімді орындаудан бас тартып сотқа жолданды.

  • Кооператив басшылығының шешімі заңды ма?

  • Материалдық жауаптылыққа тартудың негіздері мен түрлерін атаңыз және ауыл шаруашылығында бұның ерекшелігі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет