НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет25/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

28-НҰСҚА


82-есеп.“Луч” кооперативінің мүшелері Ильинның тракторға салақтықпен қарауы және техника кауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан 221 мың теңге көлемінде трактордың бөлшектері сынып, ал Катинның қауіпсіздігі салдарынан кооперативтің бұзауы өліп қалған.
Кооператив басшылығы Ильиннен ремонттың толық құны 221 мың теңгені өндіруді, ал Катиннен өлген бұзаудың толық емес құны мөлшерінде, яғни келтірілген зиянның 1/3 бөлігін өндіру туралы шешім шығарады. Бірақ, Катин мен Ильин кооператив басшылығының шешімімен шығарылған келтірілген зиян мөлшерін өтеуден бас тартады. Кооператив басшысы кооператив мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру үшін Катин мен Ильиннің ай сайыңғы жалақы мөлшерінен 25% мөлшерінде ұстап қалу туралы нұсқау береді.

  • Бұл істі қалай шешуге болады.

  • Кооператив меншігін қорғаудың құқықтық әдістеріне сипаттама беріңіз.



83-есеп.“Достық” шаруа қожалығының басшысы, мүліктік қажеттілік үшін саз балшықтан (топырақтан) кірпіш шығарып, болашақта оларды ауылдастарына сату мақсатымен, жер бөліп беруін аудандық әкімге өтініш жолдайды. Аудандық әкім “Достық” шаруа қожалығының өтінішін қанағаттандырды. Бірақ, аудандық прокурор, әкімнің шешіміне наразылық білдіреді.

  • Істі шешіңіз.

  • Шаруа қожалығы аталған шаруашылық қызметінің түрімен айналысуға құқылы ма?

  • Жер пайдаланушы ретінде шаруа қожалығының құқықтары мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.

84-есеп. Ауылшаруашылық серіктестігі кірпіш заводын салды. Кірпіш жасауға қажетті саз балшық (топырақ) ауылшаруашылық серіктестігінің жер пайдалану құқығының шегінде алынып отырды. Алдымен заводта жасалынған барлық кірпіш, өздерінің ішкі шаруашылық қызметтерін қанағаттандыруға жұмсалса, ал қалғаның сыртқа сата бастады.
Аудандық әкімшілік басшысы, жер заңдарын бұзу арқылы шығарылып сатылып жатқан артық кірпіш анықтады.

  • Ауылшаруашылық жер пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды тарату мен шығару құқығына түсініктеме беріңіз.

  • Әкімнің әрекеті заңды ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет