НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет11/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

14-НҰСҚА


40-есеп. “Новая заря” Кооперативі “Мыс” зауытына, зауытпен өз еркімен басып алынған, және учаскесінің аумағынан 3 жыл бойы зауыттың қосымша шаруашылығымен жиналған, картоп өнімінің құнын өндіріп беру туралы сотқа талап арыз береді. Жауапкер зауытпен өз еркімен басып алынған бұл жерлердің кооперативпен ешқашан бапталмаған және қазіргі уақытта шаруашылыққа қандай бір зиян келтірілмей қайтарылғанын айтып, талапты мойындамайды.

  • жерлерді өз еркімен басып алудың құқықтық салдары.

  • Істі шешіңіз.



41-есеп. Солтүстік – Қазақстан облысы Совет ауданының әкімі 2004 жылдың 15 маусымда жер учаскілерінің мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты “Ажар” және “Восток” шаруа қожалықтарының жерлерін 1 жыл мерзімге, уақытша алу және оны Акционерлік қоғамға беру туралы шешім шығарды.
Шаруа қожалықтары түсініктеме үшін адвокатқа өтінішпен барды.
-мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскілерін алып қою тәртібі және жағдайлары /шарттары/.
-жер қатынастарын реттеу саласында аудандық атқарушы органның уәкілеттігі.
-істі шешіңіз.
42-есеп. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл аудандық сотына “Хлебстроймонтаж” ЖШС-не өз еркімен басып алған учаскені қайтару туралы Буяновскийдан талап арыз түскен.
Сотпен анықтағандай, 2000 жылы Буяновскийге шаруа қожалығын жүргізу үшін тұрақты жер пайдалануға жер учаскесі берілген. 2003 ж. мамыр айында Буяновскийдің жер учаскесінің бір бөлігі /140га/ оның келісімімен “Хлебстроймонтаж” ЖШС-не уақытша пайдалануға берілген, “Хлебстроймонтаж” ЖШС жерге құқық беретін құжаттарды ресми куәландырмай егін егу жұмыстарын бастаған, “Хлебстроймонтаж” ЖШС-ң уақытша жер пайдалануға құқығы толығымен 7 қырқүйек 2003 ж. тіркелген. Буяновский сотта оның жер учаскесін өз бетінше басып алған үшін және өзінің 140 га жерінен егін егіп пайда ала алмағаны үшін 749700 тг. шығынның орнын толтыруды талап еткен. Жауапкер жер учаскесін пайдалануға беру туралы әкімнің шешім шығарғанын негізге алып және маусымдық мерзімнің келуіне байланысты егін ору уақытысы басталған соң жер учаскесі құжаттарының толық рәсімделуін күтпеген.

  • жер учаскесіне құқықты рәсімдеудің тәртібі мен шарттары.

  • Жерді өз бетінше басып алудың құқықтық салдары.

- істі шешіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет