18-НҰСҚА
52-есеп. Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық басқармасы облыстық сотқа “Шнос” АҚ – на қарсы қоғамды пайдалану нәтижесінде оның манындағы “Ақ дала” ЖШС-ның 22 га жерін дегредациялау және сортаң жерлерге айналдыруына байланысты 2456584 тенге мөлшерде келтірілген шығынның орнын толтыру туралы талап-арыз берген.
Сотпен анықталғандай, тоған пайдалануға 1980 жылдың желтоқсан айында берілген. 2003 жылдың шілде айында талапкердін сұрауы байынша тоған маныңдағы жерлерге коммисиялық тексеру жүргізілген, оның нәтижесінде “Ақ дала” ЖШС-ның жайылымдылық жерлерінде топырақ қабатының тұздану және сортандану процессі жүріп жатқаны анықталған. Топырақ қабатының бүліну себебі, 25 жыл бойы тоған суын парықсыз пайдалану нәтижесінде жер асты суларынан тұз топырақ қабатына жиналған. Жауапкер сотта талап-арызды ішінара мойындады да, 1998 жылға дейін кетірілген шығынның орнын толтырмайтындығын айтты.
Жерді қорғауға байланысты жер пайдаланудың міндеттері.
Жерге келтірілген зиянның орның толтырудың шарттары мен тәртібі.
Істі шешіңіз.
53-есеп. Пулиев ауылдық жердегі жер үйді мұраға алды. Мұраға құқық туралы куәлікті алғаннан кейін ол кооператив төрағасынан оған үй манындағы 0,06 га жер учаскесін бекітуді сұраған. Төраға мынандай талаптар кояды: кооперативке жұмысқа орналасу, сонда жер учаскесін беру туралы мәселе шешіледі, одан бас тартса үй сатылады немесе бұзылады. Пулиев сотқа шағымданды.
жерге меншік құқығыгның пайда болу шарттары және тәртібі.
Жер учаскесін мұраға алу тәртібі.
Істі шешіңіз.
54-есеп. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының “Ақ мойын” ауылының тұрғындары /барлығы 59 адам/ аудандық сотқа “АГРО” кооперативіне қарсы бірнеше шаруа қожалықтарын құру үшін жер үлесін беру туралы талап-арызбен жүгінді.
Сотпен анықталғандай, талапкерлердің жер үлестурін беру туралы талаптары шаруа қожалықтары құрумен байланысты емес, өйткені талапкерлердің барлығы зейнеткерлік жаста / 60-90 жас/ және жас мөлшерімен денсаулығына байланысты өз бетінше жерді өндеу мен шаруа қожалығын жұргізе алмайды. Талапкерлер шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін бөліп беру туралы арыз тек жерді алудың әдісі ретінде пайдаланылғаның атқан. Негізінен, зейнеткерлер кейін дивидеттер алу ішін өз мұліктік және жер пайларын біріктіру арқылы жаңа кәсіпорын құру мақсатты көздеген.
шартты жер үлесін бөліп берудің шарттары және тәртібі.
Шаруа /фермер/ қожалағын құру тәртібі.
Істі шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |