НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет42/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

47-НҰСҚА


139-есеп. Жер ресурсын басқарудағы аумақтық органның шешімімен “Алға” шаруа қожалығының 50 гектар суармалы жері суарылмайтын жерлердің қатарына ауыстырылады, және де “Бірлік” кооперативіне тиесілі 100 гектар жыртылған жер жайылымға кіргізіледі. Шаруа қожалығының басшысы және “Бірлік” кооперативінің төрағасы жерге орналастыру органының шешімімен келіспей, аудандық әкімшілігінің заң бөліміне кеңес алуға келеді.

  • Туындаған дауға заңды кеңес беріңіз.

  • Ауылшаруашылық алқаптары дегеніміз не, олардың ерекше қорғалуы қалай қамтамасыз етіледі?



140-есеп. Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорны шаруа қожалығына 3 жылға 50 гектар шөп шабатын жерді шаруа қожалығы бұл кәсіпорынға жыл сайын 4 бұзау беріп тұру шартында береді. Прокурор бұл шешімді заңсыз деп наразылық білдіреді.

  • Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорнының жерге деген мемлекетік меншікті қорғаудағы міндеті неден тұрады?

  • Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның құқықтық жағдайын сипаттаңыз.

  • Істі шешіңіз.

141-есеп. “Сеятель” кооперативі аудандық әкімшілік басшысына Жарғысын ұсынады. Онда: “Кооператив Жарғысымен белгіленген нормадан тыс малды ұстауға тыйым салынады. Жарғыдан тыс артық мал кооператив басшылығымен құны бойынша оның бағасының 50 % төлеуімен алынады” –делінген.

  • Осы жарғы тіркелуі мүмкін бе?

  • ҚР аумағында азаматтар жеке қосалқы шаруашылықта малды ұстау нормасы қандай және кіммен анықталады?


48-НҰСҚА


142-есеп. Ауылшаруашылық кооперативіне қарасты малы “Заря” кооперативінің 5 гектар алаңының бидай егініне жайылып жіберілген. Тексеру барысында ауылшаруашылық кооперативінің мүшесі А.-ға жайылымдағы кооперативтің бір табын малы тапсырылған. Ол спирттік ішімдікті пайдаланып ұйықтап қалғанда, егістікке зиян келтірілген.
“Заря” кооперативі ауылшаруашылық кооперативінен осы учаскедегі сатылу құны бойынша жиналмаған егіннің бағасын шығарып, егістікке келтірген шығыны үшін айыппұл өндіріп беру туралы сотқа шағымданады.

  • Істі шешіңіз.

  • Егістікке келтірілген зиян үшін қандай жауапкершілік тағайындалады?

  • Осы жағдайда жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?

  • “Заря” кооперативіне келтірілген шығын қандай тәртіпте, қалай өтелуі керек?

143-есеп. Азамат Петров асыл тұқымды мал өсіру мақсатымен шаруа қожалығын құруды шешіп аудандық маслихатқа өтініш жолдады. Бұл өтінішті Мәслихат төрағасы қарап, Петровтың жалғыз өзі шаруа қожалығын құра алмайды және тұқымды мал өсіру тек уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен ғана жүргізіледі деген негізде өтінішін қабылдаудан бас тартады.

  • Барлық сұрақтарға түсінік беріңіз.



144-есеп. “Восход” кооперативінен 4 гектар жеміс ағаш бар бақша учаскесі магистральді труба жолы құрылысын салу үшін алынады. Кооператив басшылығы алынған учаскіге жеміс ағашын бағалауына келіспейді. Осыған байланысты кооперативке шығынды өндіру мөлшері туралы мәселе бағалау комиссисымен сотқа қарауына беріледі. Сотта “Восход” кооперативінің төрағасы жер учаскесін алып қоюымен келіспейтінін, оның негізсіз екендігін және жеміс ағашының құнын бағалау комиссиясының оның бағасын анықтауда тек ағашты отырғызу, қарау және өсіруді ғана есепке алып, ал, болашақта жиналатын жемісінің құнын ескермегендігі туралы хабарлайды.


  • Істі шешіңіз.

  • Ауылшаруашылық жерін ауыл шаруашылық емес қажеттілік үшін алудың негізі және тәртібі қандай, сонымен қатар ауылшаруашылық жер пайдаланушыларға шығынды өндіру қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет