42-НҰСҚА
124-есеп. Ауылшаруашылық кооперативінің мүшесі С. өз жер үлесін несие алу үшін салды. Бұл туралы білген кооператив басшылығы С. азаматтың әрекеті заңға сәйкестігі туралы және оның кооперативте қалуы туралы мәселе көтерді.
Істі шешіңіз.
Кооператив мүшелігінен шығару негіздері қандай?
125-есеп. 1995 жылы Ф., кооператив мүшесі өз бетімен кооперативтен шығып, қалаға жұмысқа орналасады. Кооперативтің жалпы жиналысы оны кооператив құрамынан шығарады және оның жанұясына үй маңындағы жер учаскелерін пайдалануына тиым салады. Ф. жанұясы елді мекенде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлерге 0,80 га көлемінде жер учаскесін берілуі керек деп, өз бетімен сол жер учаскесінде картоп пен капуста егеді.
Кооператив басшылығы аудан прокурорына жолданады және қылмыстық жауапкершілікке тартып өз еркімен иеленген жер учаскесінен алынған өнімді кооператив пайдасына беруін өтінді.
Істі шешіңіз.
Тиісті аумақта тұратын кооператив мүшесі емес азаматтарға берілетін үй маңындағы жер учаскесінің жағдайын сипаттаңыз.
126-есеп. “Лужский” кооперативі колхоз мүшесі П-ні мәдени ағарту жұмысына дайындалуға байланысты курсқа жіберді. Оқу кезендерінде кооператив 6600 теңге стипендия төлеп отырды. Соңғы курсты бітіруіне байланысты ол сүретші мамандығын алды және сүретшіге сәйкес келетін мамандық беруді сұрайды. Тараптардың келісімі бойынша П-ге курсты бітіргеннен кейін баяншы болу міндетті қарастырылған болатын. Кооператив П-ға сүретші жұмысын бермеді, ал П., баяншы жұмысын атқарудан бас тартады. Кооператив П.-ға оқуға жұмсалған шығынды өтеу және 6600 теңге көлемінде төленген стипендияны толық қайтару жөнінде шағым берді.
Істі шешіңіз.
Кооператив мүшелерінің материалдық жауапкершілігінің түрін сипаттаңыз.
43-НҰСҚА
127-есеп. Әкімшілік өкілдері кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын тексеру мақсатында аудан көлемінде орналасқан бірнеше шаруа қожалығының қызметін тексерді. Тексеру нәтижесінде анықталғандар: 1) бірде бір шаруашылықтың жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктері жоқ; 2) “Бірлік” шаруа қожалығы “Қандай” фермер қожалығы жер пайдаланушы ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген; 3) “Достық” фермерлік шаруашылығында ешбір рұқсатсыз бақша дақылдарын өндіру үшін нитрат қолданған.
Жеке кәсіпкер және жер пайдаланушы ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеудің құқықтық салдары қандай?
Қандай мемлекеттік органдар және қандай жағдайларда шаруа (фермер) қожалығының қызметін бақылауға құқылы?
Тиісті рұқсатсыз ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін нитрат қолданғанына қандай жауапкершілік жүктеледі?
Достарыңызбен бөлісу: |