Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
Білу: -әкімшілік-басқару қызметінің мәні, мазмұны және принциптері; -ұйымдарда басқарудың заманауи концепциялары мен стильдері; -әкімшілік-басқару қызметі психологиясының, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың және конфликтологияның базалық ережелері, олар арнайы пәндерді одан әрі оқу үшін қажет; -ұйымды топтастыру және осыған сәйкес әкімшілік-басқару қызметінің сұлбасын таңдау; -шығармашылық және жоспарлы командалар құру, олардың жұмысын ұйымдастыру және оларда жұмыс істеу; -ұйымның сыртқы ортадағы жүріс-тұрыс сұлбасын таңдау және оның ішкі ортасын басқару.
Дағдылар: ұйымдарда мотивация, бақылау және әкімшілік-басқару қызметі жүйесі туралы;
Құзыреттіліктер: әкімшілік-басқару қызметінде құзыретті болу.
Негізгі бөлім
Модуль 1. Әкімшілік-басқару қызметінің мәні, мазмұны және ұйымдастыру
Тақырып 1. Әкімшілік-басқару қызметінің мәні, мазмұны және принциптері
Тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға негізделген дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып шығу керек:
1.Басқару ғылымның мазмұны мен әдісі 3.Басқару ғылымының мазмұны 4.Басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы
Сабақтың мақсаты: Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика үрдісінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейтінін, маңыздылығын білу
Әдістемелік нұсқаулар: тақырыпты тәуелсіз талдау үшін әдебиеттермен алдын-ала жұмыс жүргізіп негізгі ұғымдарды нақты анықтаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпорындарды басқару ісі калай жүзеге асады?
2. Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша қалай жіктеледі?
3. Өндірісті басқару теориясы – кешенді білім жүйесі. Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?
4. Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер қолданылады, оған жататындар?
Тақырып 2. Ұйымдарда басқарудың заманауи концепциялары мен стильдері
Тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға негізделген дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып шығу керек:
Ұйымның мәніне және құрылымына көзқарастар эволюциясы.
Ұйымның теориясы және ұйымның принциптері.
Тиімді ұйымның факторлары.
Достарыңызбен бөлісу: |