Бақылау сұрақтары:
1. «Билік» ұғымына анықтама беріңіз?
2. Биліктің түрлерін атаңыз және олардың мазмұнын ашыңыз?
3. Ықпал ету мен биліктің арасындағы өзара байланысты көрсетіңіз?
4. Жетекшілік (лидерлік) дегеніміз не?
5. Лидерлік проблемасын шешудің әдістері?
Тақырып 13. Ұйымдағы мотивация процесі
Тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға негізделген дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып шығу керек:
Мотивация және негізгі ұғымдар
3.Мотивацияның мазмұндылық теориялары
Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін менеджерлер тәжірибе жүзінде мотивация қағидаларын қабыл алады. иМотивацияның әр түрлі анықтауы мен түсінуі бар.Ол ұйымның жеке мақсаттарына жету үшін іс- әрекетке өзін және басқаларын жетелейтін, түрткі болатын үрдіс ретінде түсіндіріледі. «Мотивация адамды іс-әрекет жасауға және өзін-өзі белгілі бір тәртіппен ұстауға мәжбүр етеді». Бұл сіздің барлық күш-жігеріңіз қандай бағытқа жұмылдырылатынын, сіздің нақты оқиғада қаншалықты батыл түрде іс-әрекет жасайтыныңызды алдын ала болжайтын зияткерлік, физиологиялық және психологиялық үрдістердің ұштасуы.
Бақылау сұрақтары:
1. Адамның мінез-құлқын айқындайтын сансыз көп себептерді атаңыз.
2. Қызығушылық дегеніміз не?
3. Мотивация теориясының шартты категориялары?
4. Абрахам Маслоудың қажеттіліктерді категорияға бөлуге болады деп пайымдайды?
5. Лидерлік проблемасын шешудің әдістері?
Тақырып 14. Іскерлік әкімшілік етудегі шешімдерді қабылдау
Тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға негізделген дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып шығу керек:
1.Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты
2.Шешімдерді әзірлеудің және қабылдаудың негізгі сатылары
Ұйымдастыру шешімдерін қабылдайтын және оларды басқа адамдар арқылы жүзеге асыратын адамдарды ғана менеджер дей аламыз. Шешім қабылдау ақпаратпен алмасу сияқты кез-келген басқару функциясы қызметінің бір құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттілігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы және сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. Кез-келген басқару өнерін игерем деген адам үшін шешім қабылдау табиғатын түсіну аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге көмек ретінде басқарушылардың шешім қабылдау түрлерін, қолданылатын тәсілдерін, осы үрдістің тиімділігін арттырудағы ғылыми әдістерін және басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі факторларға көңіл аудару қажеттігін қарастыруға болады.
Тақырып бойынша талдауды келесі ретпен баяндаңыздар:
Жоспарлау
Сіздің бизнесіңіздің табиғаты қандай және оның жоғарғы мақсаты неде?
Сіздің мақсатыңыз қандай болуы керек?
Сыртқы ортада қандай өзгерістер болуы мүмкін және олар ұйымдарға қалай әсер етуі мүмкін?
Қойылған мақсатқа жету үшін қандай стратегияны немесе тактиканы таңдап алу керек?
Қызметті ұйымдастыру
Ұйым жұмысын қандай үлгіде құру қажет? Орындалған жұмыстардың одағын мақсатқа сәйкес қалай кеңейту қажет?
Бұл одақтың қалай жұмыс істеуін үйлестіру керек?
Жетекшілерге және ұйымдардың мүшелеріне қандай қабылдаған шешім сенімді?
Сыртқы орта өзгерісіне байланысты ұйым құрылымын өзгерту қажет пе?
Мотивация
Менің бағыныштыларымның мұқтажы неде?
Ұйым мақсатына жету үшін бұл мұқтаждықтар қалай қанағаттандырылады?
Өнімнің көбеюі және жұмысшылардың жұмыспен қанағаттануына не әсер етті?
Одан әрі өнімді көбейту үшін не істеу қажет?
Бақылау
Жұмыс нәтижесін өлшеуді қалай қадағалау қажет?
Қорытынды қалай бағаланады?
Мақсатқа жету үшін біз қанша еңбектендік?
Қойылған мақсатқа жеткіліксіз жылжысаң, неге олай болады және қандай өзгерістерді енгізу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |