Ұнтақтарды дайындау. Сұрақтар. Коллекцияның қандай түрлері бар? Мерзімі өсімдік жинау Тапсырма. Әдістері ұнтақтау жинау. Алу тәсілдері жинау



бет8/8
Дата23.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454763
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
2 lab

Дәріханалық пипетка қондырғысы. Дәріханалық пипетка (сурет 10) аз көлемді сұйықтықтарды өлшеуге арналған. Пипетка комплектісі төменгі бөлігі тарлау болып келетін градуирленген түтіктен тұрады және 2 тубусы бар: жоғарғы және бүйірлі. Жоғарғы тубусқа сұйықтықты пневматикалық соруға арналған шар тәрізді резина баллон кигізіледі. Бүйірлі тубусқа бос ұшы қатты резина тығынмен жабылған кішірек резина трубка кигізіледі. Пипетканы этикеткамен безендірілген баллон ішіне орналастырады. Пипеткаларды 3, 6, 10 және 15 мл сыйымдылықта шығарады.

Тамызғыш қондырғы. Аз көлемді сұйықтықтарды (1,0 мл дейін) стандартты тамызғыштан ағу кезінде түзілетін тамшы арқылы өлшейді. МФ анықтамасы бойынша стандартты тамызғыш – 200 С-температурада 1 мл 20 тамшы суды дозалаушы аспап. Мұндай тамызғыштың тамшы түзгіш бетінің сыртқы диаметрі 3 мм, ішкі диаметрі 0,6 мм. 1 мл (1 г) әртүрлі сұйықтықтардағы стандартты тамызғыш бойынша тамшы саны МФ «Тамшылар кестесінде» көрсетілген. Дәріхана тәжірибесінде стандартты тамызғыш орнына көз пипеткалары қолданылады. Олар алдын-ала стандартты тамызғыштарға сәйкес калибрленеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәрілік түрлер технологиясында массасы бойынша дәл дозалауды қалай қамтамасыз етуге болады?

2. Тарирлі және қол таразыларының құрылысына сипаттама беріңіз.

3. Масса бойынша дозалау кезінде таразыларды дұрыс таңдауға дәйектеме келтіріңіз.

4. Дәрілік түрлер технологиясында аз мөлшердегі дәрілік заттарды дәл дозалау қандай метрологиялық сипаттамасына байланысты болады?

5. Масса бойынша дозалаудың тамшы және көлем бойынша дозалаудан артықшылығы неде?



6. Масса, көлем және тамшылар бойынша дозалау дәлдігі қандай факторларға байланысты?

7. Стандартты емес тамызғыштар қандай мақсатта калибрленеді?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет