Ұнтақтарды дайындау. Сұрақтар. Коллекцияның қандай түрлері бар? Мерзімі өсімдік жинау Тапсырма. Әдістері ұнтақтау жинау. Алу тәсілдері жинау



бет11/13
Дата23.01.2022
өлшемі0.5 Mb.
#454760
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2 lab.

Қатты дәрілік формалар

3-4 Зертханалық жұмыс - Ұнтақтар. Дәріханалық және өндрістік жағдайларда өндірудің технологиялық сызбасы

Дәріс жоспары:

1.Ұнтақтар сипаттамасы. Классификациясы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар.

2. Дәріхана жағдайларында дайындаудың технологиялық сызбасы. Күрделі ұнтақтарды дайындау тәртібі.

3.Ұнатақтардың жеке технологиясы.

4. Ұнтақтарды дозалау. Қаптама және ұнтақтарды рәсімдеу.

5. Өндірістік жағдайларда ұнтақтар өндірісінің технологиялық сызбасы.


1. Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. Ұнтақтардың артықшылғы мен кемшіліктері бар:

Артықшылығы: 1) ұнтақтардың басқа дәрілік формаларға мысалға таблеткаларға қарағанда дайындалу технологиясы оңай, 2) жоғары био қол жетімділігі, ұсақ ұнтақталумен және контактінің үлкен беті организмнің сіңіру бетімен байланысқан, 3) сұйық дәрілік формаларға қарағанда тасымалдау ыңғайлы, 4) құрамның универсалдығы, яғни құрамына органикалық және бейорганикалық қышқылдар, сонымен қоса аз мөлшердегі сұйықтар және тұтқыр заттар кіруі мүмкін.

Кемшіліктері: 1) Дәрілік заттардың (ерітінділерге қарағанда) әсері баяу. 2) Қоршаған орта әсерінен қасиеттердің өзгеруі а) криссталдық судың жоғалуы ( Na2SO– артық дозалау) б) ауадан диоксид көміртегін жұтуы басқа қосылысқа айналунына әкеп соғады в) ылғал әсерінен өзгеру. 3) Кейбір дәрілік заттардың қабыққа тітіркендіргіштік әсері. 4) Ащы дәмді, пайдалануға жағымсыз және бояғыш заттар. 5) Ес түссіз жағдайларда ұнтақтарды пайдалануға болмайды.

Ұнтақтар қолданудың тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған , сыртқы қолдануға арналған (ұнтақ, иiс, үрлеу үшiн) деп жіктеледі.

Құрамы бойынша: қарапайым (1 ингредиенттен), күрделі ( 2 немесе одан да көп ингредиенттен).

Мөлшерлеу сипаты бойынша: бөлінбеген - науқасқа ортақ масса бойынша беріледі, науқас мөлшерлеуді өз көмегімен жүргізеді, ал бөлінген мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі.

Жаздыру тәсiлi бойынша: орналастырушы - дозалар саны көрсетілген бір дозаға жазылған дәрілік заттар. Дәрілік заттардың жалпы массасын есептегенде кезде дозаға жазылған олардың санын дозалар санына көбейтеді; бөлінген - барлық дозаларға жазылған дәрілік заттар, массаны қанша доза бөлу керек екенідігі көрсетілген.

2. Ұнтақтау. Бұл кезеңнің мақсаты - бөлшектердiң мөлшерін кiшiрейтуi және олардың санының үлкейту арқылы бiртекті ұнтақ қоспаны алу. Демек, дәрiлік заттар ұсақтарының артуымен терапевтикалық тиімділіктің жоғарлауы ұнтақталудың әр кезде қабат бетінің үлкеюуі мен еркін бет энегриясының жоғарлауымен түсіндіріледі: F = S , мұндағы F - еркiн бет энергиясының өзгеруі, S - бет ауданының өзгеруi,  - беттiк керiлiс.

Еркiн бет энергиясының қоры дәрiлік формалар технологиясы үшiн үлкен мәндi алады, себебі ол дәрiлік заттардың терапевтикалық белсендiлігінің жоғарлауына алып келедi. Кез келген дене термодинамиканың екінші заңы бойынша еркiн бет энергиясының кiшiреюіне ұмтылуымен түсіндіріледі, яғни ұсақ ұсақталған дәрілік заттар тез сіңіріліп, ериді.

Дәрiханаларда дәрiлік заттарды ұнтақтау үшін кофемолкаларды пайдалану орынды. Ұнтақталуды Исламғұлова (электрондық ұнтақтағыш) аппаратында жүргізеді. Кофемолкалардың жылдамдығы - 18 000 айналу минутына.

Елеу. Елеудiң мақсаты - бөлшектер мөлшерi бiрдей өнiмді алу. Дәрiханалық тәжiрибеде елеуді сирек пайдаланады. Ұнтақталған бөлшектердің мөлшері визуальды түрде анықталады. Әдетте дәрiханада ұсақталған дәрiлік шикiзатты елейдi, сонымен қоса ұнтақтар дайындауында елеудi пайдаланады.

АраластыруАраластыру кезеңінің мақсаты - бiркелкi ұнтақ қоспасын алуы.

3. ГФ XI нұсқауына сәйкес барлық ұнтақтар массасына 0,05–тен кіші улы, қатты әсер ететін заттар жазылса, онда олардың тритуациясы , яғни индифференті заттар қоспасын (1:10 немесе 1:100) пайдалану қажет. Бұл улы заттарды тура мөлшерлеу үшін қажет. Сұйылтқыш ретінде сүт қанты қолданылды , себебі ол гигроскопиялық қасиетке ие емес және көптеген улы заттардың тығыздығына жақын.

Тритуация қабаттасуын төмендету үшін оны кіші банкаларда сақтайды және әр 5 күн сайын араластырады. Тритуацияны аз уақытта 1 айға дейін ұсақ компонеттерді жалпы араластыру ережесі бойынша дайындалады. Сүт қантын уқалаудын бастайды, үккіште ұнтақтың аз мөлшерін шамамен улы затқа тең шаққандағыдай мөлшерде қалдырып, улы затпн бірге бір текті қоспаға түзілгенге дейін уқалауды жүргізеді. Одан кейін оны бірнеше тәсілдермен мүқият араластырып, қалған сүт қантын қосады. Штангласта тритуациямен бірге мынадай жазу болуы керек:

1,0 Atropini sulfatis + 99,0 Sachari lactatis (1:100).немесе

0,001 Atropini sulfatis = 0,1 truturationes 1:100





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет