Нуклеин ќышќылдары



бет2/4
Дата18.11.2023
өлшемі2.19 Mb.
#483644
түріЛекция
1   2   3   4
Лекция №9 Теор биол рнк днк атф

ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

  • ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидті тізбектен түзілген орам, (тек кейбір ДНҚ-лы вирустарда бір тізбекті), ДНҚ екі орамының диаметрі — 2 нм, көрші нуклеотидтер арасындағы арақашықтық — 0,34 нм.

ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

ДНҚ қосарланған оралмасының бөлігі

ДНҚ

  • ДНҚ молекуласының ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Адам жасушасының ядросындағы ДНҚ-ның жиынтық ұзындығы – шамамен 2 м. Эукариоттар жасушасында ДНҚ нәруыздармен кешен түзеді және ерекше кеңістіктік пішінге ие болады.

ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

  • Нуклеотидтердің (аденин — тимин, гуанин — цитозин) бір-бірімен талғампаздық қосылуы комплементарлық принципі деп аталады. Дж.Уотсон мен Ф.Крик комплементарлық принципті тек Э. Чаргафф еңбегімен танысқаннан кейін түсінді.
  • ДНҚ тізбектері антипараллельді (әртүрлі бағытта), яғни бір тізбектің 3'-соңына қарсы басқа тізбектің 5'-соңы орналасады.

ДНҚ екі еселенуі - редупликация

  • Жасуша бөлінер алдында ДНҚ екі еселенеді.
  • А Т А Г Ц А болса
  • Т А Т Ц Г Т болады
  • ДНҚ екі еселенуін 1958 жылы М.Н.Мейсельсон мен Ф.Сталь дәлелдеді.

ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫ (РЕДУПЛИКАЦИЯ)

  • ДНҚ репликациясы — екі еселену үдерісі, бұл ДНҚ молекуласының басты қасиеті. Репликация процесі ферменттер қатысуымен жүретін, матрицалық синтез реакциясына жатады. Ферменттер әсерінен ДНҚ молекуласы ажырайды және матрица рөлін атқаратын әрбір тізбектің қасына комплементарлық және антипараллельдік принциптер бойынша жаңа тізбек құралады. Сөйтіп, жаңа түзілген ДНҚ-ның бір тізбегі аналық, ал екіншісі – жаңадан синтезделген тізбек. Бұл синтез тәсілі жартылай консервативті деп аталады.

ДНҚ екі еселенуі

  • Репликацияда келесі ферменттер қатысады:
  • 1. геликазалар (ДНҚ «ажыратады»);
  • 2. тұрақсыздандырушы нәруыздар;
  • 3. ДНК-топоизомеразалар (ДНҚ кеседі);
  • 4. ДНК-полимеразалар ( дезоксирибонуклео-зидтрифосфаттарды таңдап алып, комплементарлы түрде ДНҚ матрицалық тізбегіне қосады);
  • 5. РНК-праймазалар (РНК-уландыру, праймерлер);
  • 6. ДНК-лигазалар (ДНҚ фрагменттерін бір-бірне тігеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет