- РНҚ — полимер, мономерлеріне рибонуклеотидтер жатады. РНҚ бір полинуклеотидті тізбектен тұрады (кейбір РНҚ-лы вирустар екі тізбекті болып келеді). РНҚ тізбегі ДНҚ тізбегіне қарағанда біршама қысқа.
- РНК-ның мономері — нуклеотид (рибонуклеотид) — үш зат қалдығынан тұрады:
- азотты негіздер,
- Пентоза (рибоза),
- фосфор қышқылы.
- РНҚ пиримидинді негіздері — урацил, цитозин, пуринді негіздері — аденин және гуанин.
РНҚ түрлері - РНҚ үш түрге бөлінеді: 1) ақпараттық (матрицалық) —аРНҚ (мРНҚ), 2) тасымалдаушы — тРНҚ, 3) рибосомалық — рРНҚ.
РНҚ - РНҚ барлық түрлерінің арнайы кеңістіктік құрылымы тармақталмаған полинуклеотидтерден тұрады және нәруыз синтезіне қатысады. Барлық РНҚ түрлерінің құрылысы туралы ақпарат ДНҚ-да сақталады.
- ДНҚ матрицасындағы РНҚ-ның синтезі транскрипция деп аталады.
Ақпараттық РНҚ - Ақпараттық РНҚ нуклеотид құрамы бойынша әрқилы және молекулалық салмағы (50 000 - 4 000 000). Жасушадағы аРНК үлесіне 5% келеді.
- аРНК қызметі: 1) генетикалық ақпаратты ДНҚ-дан рибосомаға тасымалдайды, 2) нәруыз молекуласының синтезі үшін матрица, 3) нәруыз молекуласының біріншілік құрылымын анықтайды.
Тасымалдаушы РНК - Тасымалдаушы РНК әдетте 76 (75-95) нуклеотидтерден тұрады; молекулалық салмағы — 25000–30000. Жасушадағы РНҚ-ның жалпы мөлшерінің 10% тРНК үлесіне келеді.
- тРНК қызметі: 1) нәруыз синтезі орнына, яғни рибосомаға тасымалдайды, 2) трансляциялық делдал. Жасушада шамамен тРНҚ 40 түрі кездеседі, оның әрбіріне өзіне нуклеотидтер бірізділігі тән. Алайда барлық тРНҚ бірнеше ішкімолекулалық комплементарлық учаскесі болады, солар арқылы тРНҚ өзіне тән беде жапырағына ұқсас кұрылымға ие болады.
Тасымалдаушы РНК - Кез келген тРНҚ-да рибосомамен байланыс жасауға арналған ілмегі (1) бар, антикодонды ілмек (2), ферментпен байланыс жасауға арналған ілмек (3), акцепторлық сабақ (аминқышқылы 3'-ұшынан акцепторлық сабақпен қосылады (4), антикодон (5).
Достарыңызбен бөлісу: |