О Қ ы т у ә дістемес І балабекова Қ


СҰХБАТТЫҚ ТІЛДЕСІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет16/17
Дата14.06.2016
өлшемі1.37 Mb.
#134283
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

СҰХБАТТЫҚ ТІЛДЕСІМДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бөлекбаева Л.Ә. – магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қатысым бірліктерін анықтау мен белгілеу және олардың ауызекі сөйлеудегі қызметін зерттеу бүгінгі лингвистикалық прагматиканың негізгі мәселелерінің бірі болып отыр. Осы бағыттағы зерттеу сұхбаттық тілдесімді (диалог) (басқа терминология бойынша: коммуникативті акт, дискурс) қатысым бірлігі деп санайтын сөйлеу актілері теориясында жүріп жатыр. Өйткені сұхбаттық тілдесімде тіл өзінің табиғи болмысында көрінеді және де сөйлеу актісі сөйлеушінің интенциясы мен оларды жүзеге асырудың шарттарымен сипатталады.

Сұхбаттық тілдесім зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативтік лингвистиканың негізгі нысанына айналып отыр. Күннен күнге тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Тұлғааралық қатысымның, демек сұхбаттық тілдесімді қатысымның компоненттері ретінде мыналарды:

1) сөйлеуші және адресат (субъект факторына жеке психологиялық, сөйлеушінің тұлғалық әлеуметтік ерекшеліктері; адресат факторына оның тең қатысымға дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар арасындағы интеракциялық және тұлғааралық қарым-қатынас);

2) сөйлеушінің коммуникативті ниеті, уәжі, қатысым мақсаты;

3) қатысым өтетін уақыт пен кеңістікке (коммуникативті акт барысындағы қатысымның жалпы әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени жағдаяттарына сүйенетін шарттарын белгілейтін экстралингвистикалық мәнбірлер) байланысты шынайылық деңгейі;

4) белгілі бір қоғамдық және статустық ролі бар коммуниканттардың өзара қарым-қатынасы;

5) қатысым жағдаятына сай пресуппозицияларды (авторлық интенцияның дұрыс қабылдануы, өйткені сөйлесімнің прагматикалық мағынасы сөйлеуші мен адресаттың пресуппозицияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығын, импликацияны анықтай алу қабілеттілігіне байланысты жүзеге асатынын) атап өтуге болады.

Осы жоғарыда аталған компоненттер сұхбаттық тілдесім зерттеудің артықшылығын көрсететін төмендегі екі белгісін дәлелдей түседі. Біріншіден, сұхбаттық тілдесімде әрбір сөйлесімнің авторы мен нақты тыңдаушысы бар да, екіншіден, сұхбаттық тілдесім психологиялық деңгейде стимул мен реакция болып бір-біріне бағытталған сөйлеу актілеріне байланысты орнайды.

Сонымен сұхбаттық тілдесім сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасына қарым-қатынас орнауына себеп болатын коммуникативтік жағдаят, прагматика үшін маңызды – тыңдаушының сөйлеу актісі мен оның коммуникативтік мақсатына негізделген – тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы сұхбаттық тілдесімді құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы сұхбаттық тілдесім қалыптасады. Сұхбаттық тілдесімді бір ғана мақсат құрай алмайды, сондықтан әртүрлі сөйлесім түрлері, мысалы, сұхбаттық тілдесімді бастаушы сөйлесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті мәліметті алудан басталғанымен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым-қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.

Сөйлеу актілерінің теориясы бойынша диалог – «основополагающее коммуникативное событие прямой коммуникации, в результате которого партнеры вербально, с помощью смены ролей говорящих, в конкретных социально-исторических условиях достигают определенных целей деятельности» деп анықталады /1, 72/. Бұл дегеніміз, прагматика үшін оқшауланған сөйлеуші, оқшауланған тыңдаушы маңызды емес, өз мақсаты, ағымдағы процеске деген жеке көзқарасы, кезекті сөйлеу қадамын жасауға деген нақты шешімі бар тыңдаушы «оппонент» маңызды.

Сөйлесімнің прагматикалық аспектісін қалыптастыратын негізгі фактор – сұхбаттық тілдесім екенін ескерсек, онда сұхбаттық тілдесім – екі адамның белгілі бір тақырып шеңберінде сөйлесуі. Сұхбаттық тілдесім теориясының негізін советтік тіл білімінде Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский, Е.Д. Поливанов, В.Н. Волошинов, В.В.Виноградов, М.И. Бахтин сынды лингвисттердің қалағаны белгілі. Бұл теорияға З.В. Валюсинская, Т.Г. Винокур, О.А. Лаптева, А.М. Радаев, Н.Ю. Шведова еңбектері арналды. Ал, қазақ тіл білімінде сұхбаттық тілдесім мәселесін алғаш рет қазақ лингвистикасының негізін салушы А. Байтұрсынов пен К. Жұбанов көтерген болатын. Осы мәселенің кейбір аспектілері С. Кеңесбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р.Сыздықова, Р.С.Әмір, К.Нұрмаханов, Х.Кәрімов, А.Жүнісбеков, Е.Есіркепов, З.Қ.Ахметжанова, М.К. Қармысова, Г.С. Имангалиева, Д.Б. Абдукаримова еңбектерінде талқыланды. Ағылшын тіліндегі бұл мәселеге Л.П. Чахоян, С.С.Беркнер, Т.М. Власова, А.В. Кучер, Н.В. Буренина, Ю. Дубовский, В.В.Бузаров, Е.Е.Карпушина және тағы басқалардың зерттеу жұмыстары арналған.

Сөйлеу тілінің жалпы сипаттағы сұхбаттық белгісін ашқан М.М. Бахтиннің пікірінше, сұхбаттық тілдесімді қатынастың туындауындағы басты шарт – бұл хабарға, «сөзге» бағытталған коммуникативтік мақсаттың болуы. Коммуникативтік мақсат заттық мазмұнның (идея, пікір) өзара қарым-қатынасын, олардың мәнін өзгертеді. Коммуникативтік жағдаят пайда болады. Бұл жағдаятта өзара қарым-қатынастағы объектілер жаңа жүйелік сипатқа ие болады. Мысалы, объект туралы пікір («өмір тамаша» – логикалық пікір) өзіндік заңдылықтарына бағынатын сөйлесімге («өмір тамаша» – растау, нақтылау ретінде) айналады. Бұл заңдылықтар логикалық пікірлерде кездеспейтін сөйлесімдер арасындағы диалогтық қатынас құрайды. «Коммуникативтік жағдаят – сұхбаттық тілдесімді қатысымның орнауына мүмкіндік беретін шарттар, жүйелі фактор» /2, 85/.

Сұхбаттық тілдесім теориясының бүгінгі көтеріп отырған мәселесі – сұхбаттық тілдесімнің дүниеге келуін, қалыптасуын анықтайтын әр түрлі шарттарды қарастыру болып отыр. Сөйлеуші тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана емес, тыңдаушының сол сөйлеу актісіне деген қызығушылығын оятып, оның жауап беруі үшін де қолданады. Себебі қатысым кезінде адресант хабарлап тұрып та, сұрақ қойып тұрып та, өтініп тұрып та өзінің тыңдаушысынан оның жауап (вербальды болмаса іс-әрекет түріндегі) реакциясын күтеді. Сұхбаттық тілдесімді құрайтын бірінен соң бірі қатар келетін репликалардың арасында мағыналық және құрылымдық байланыс болады. Реплика сұхбаттық тілдесімнің, сонымен бірге, сұхбаттық тұтастықтың компоненті ретінде екі жақты сипатқа ие, бұл стимул және реакция сипаты. Сұхбаттық тілдесімге қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің репликасының тууына түрткі болады да, ол өз кезегінде мазмұны жағынан сұраққа жауап, пікірді қостау арқылы растау, не оған қарсы болу, айтылған ойды түсіндіру, оны толықтыру, не өзін қоршаған орта, адам, уақиға жөніндегі ойы, көзқарасы т.б. болып келеді /3, 22/. Алғашқы ықпал етуші стимул-репликаның келесі репликаға тілдік әсерін талдаған кезде ықтимал, болжамды жауаптың қандай болатындығын анықтауға болады. Сондай-ақ, тілдесімдік тұтастықтағы репликаларды туғызатын иллокутивті күшті болжауға себеп болатын мәнбірлер де ескеріледі.

Сұхбаттық тілдесім арқылы берілетін хабар – семантикалық белгіні, ал оны анықтауға прагматикалық мәнбірлер қатысады. Прагматикалық мәнбірлер сөйлесімдердің тақырыпқа қарай коммуникативтік мақсатын анықтайды. Қарым-қатынас үстінде ортақ тақырыптың орнауы бірін-бірі мазмұн жағынан толықтырып отыратын, сөйлеу мақсатының үйлесімді тізбегін қалыптастырады. Өйткені алғашқы сөйлесімде берілген мазмұн келесі сөйлеу актілерінде жаңа мазмұнмен толықтырылады.

Сұхбаттық тілдесімнің түрлері – мақсаттардың өзара үйлесуі арқылы анықталады. Сұхбаттық тілдесім жауапты алмай тынбау, қайтседе де қажетті хабарды біліп барып аяқталатын сұхбаттық тілдесімнің хабар алу, жалыну/өтіну түріне жатады. Әртүрлі мақсат әртүрлі сөйлеу жағдаятын жасайды. Бұл сұхбаттық тілдесімнің түрленуіне де әсер етеді. Мысалы, И.П.Святогор сұхбаттық тілдесімнің құрылымына байланысты оның төмендегідей түрлерін ұсынады:


  1. жұпты сұхбаттық тілдесім, екі коммуникант арасындағы тілдесім.

  • You wouldn’t like to come with me, I suppose?

  • Julia could hardly believe her ears.

– Me? Darling, you know I’d go anywhere in the world with.

2) параллель сұхбаттық тілдесімге үш-төрт коммуникант қатысуы мүмкін.

– What a stunning room this is.

– I’m so glad you like it. – Her voice was rather low and ever so slightly hoarse.

– We think in the family that Michael has such perfect taste.

– Michael gave the room a complacent glance.

– I’ve had a good deal of experience. I always design the sets myself for our plays. Of course, I have a man to do the rough work for me, but the ideas are mine. 3) полилог – бірнеше адамдардың арасындағы әңгіме.

– I hope she’ll be a good wife to Frederic.

– I hope she won’t be too fond of going out – said Amelia, the second girl.

– Or extravagant – said Georgina, the third.

– There was some story of her being terribly in debt when she married Sir Florian – said Diana, the fourth.

– Frederic will be sure to see to that – said Augusta, the eldest.



  • She is very beautiful – said Lydia, the fifth.

  • And clever – said Cecilia, the sixth.

Сұхбаттық тілдесімнің бұл түрін Г.А.Тер-Габриелян квазидиалог, немесе ұжымдық сұхбаттық тілдесім деп атайды /4/. Құрылымы бойынша бұл – полилог. Мұнда қатысушылардың барлығы бәріне ортақ мәселенің бірін талқылайды. Шынайы сұхбаттық тілдесімнен мұның айырмашылығы бұл жерде пікір алмасу, пікірталас кезінде шындықты ашуға ұмтылыс болмайды. Тек сол бір мәселе бойынша қатысушылардың объективті қатынасты талқылаудың көрінісі болады. Дегенмен олардың әрқайсысы осы оқиғаға қатысты өзінің жеке көзқарасын, сөйлеушіге деген жеке қатынасын білдірді де қойды.

Квазидиалогта сөзді бөлу, іліп алу, қайталау, қайта сұрау, сұрақ пен жауап сияқты репликалар арасындағы байланыстың тәсілдеріне қарамастан, оған имплицитті мазмұндағы репликалар тән емес. Мәселен, үзіліп қалған сөйлесімдер келесі репликаларда эксплицитті түрде толығуы мүмкін.

Сонымен жоғарыда келтірілген сұхбаттық тілдесімнің үш түрін өзара талдаған кезде, олардың айырмашылығы тек қатысушылардың санында ғана емес екені айқындала түседі. Олар мақсаты, атқаратын қызметі, репликаларының байланысу тәсілдері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Мәселен, жұпты сұхбаттық тілдесімнің, немесе таза сұхбаттық тілдесімнің (Х. Кәрімов бойынша) құрамындағы репликалардың кімдікі екені әңгіменің жалпы барысынан, алдыңғы репликалардан, не алмасып отырған репликалардың мазмұнынан, ондағы қаратпа, қыстырма сөздерден т.б белгілі болып тұрады. Мұндай ерекшелік екінші сұхбаттық тілдесім түрінде (аралас сұхбаттық тілдесімде де кездеседі. Аралас сұхбаттық тілдесімде әр реплика төңірегінде оның кімдікі екенін білдіретін ремарканың (авторлық түсініктеме) болуы көркем шығармада шарт. Бұл ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеу жағдаятынан, сөйлесім пропозициясынан түсінікті болады. Ал, полилогты Х.Кәрімов көп дауысты сұхбаттық тілдесім деп атайды. Ғалымның сипаттамасы жоғарыда сөз болған Г.А.Тер-Габриелянның квазидиалогына ұқсас. Сонымен мұндай сұхбаттық тілдесім– оқиғаға қатысушы көптің, бір топ адамның сөзі болып келетін сұхбаттық тілдесімдер. Таза сұхбаттық тілдесім мен аралас сұхбаттық тілдесімнің құрамындағы репликалардың кімдікі екені белгілі. Соңғы сұхбаттық тілдесім түрінің ерекшелігі сол, олардың құрамындағы репликалардың кімдікі екенін айыру, ал кейде қатысушылардың саны қанша екендігін білу мүмкіндігі болмайды.

Көп дауысты сұхбаттық тілдесім бір топ адамның әр түрлі оқиғалардан, хабарлардан т.б. алған әсері, сезімі, бір мәселеге байланысты ойлары, әр кездегі репликалары болып келеді де, оқиғаға қатысушы көптің басындағы күйініші-сүйініші, қуаныш-қорқынышты бейнелеудің үйлесімді де ұтымды амалына айналады.

Қарым-қатынас үстіндегі тілдік және тілдік емес мәнбірлердің өзара байланысы сұхбаттық тілдесімнің шекараларын, ең төменгі түрін, құрылымын, сонымен қатар лексика-грамматикалық бірліктердің қызметін анықтауда үнемі басшылыққа алынады. Отандық тіл білімінде осы салада сұхбаттық тілдесім типологиясын жасаған Г.С. Иманғалиева сұхбаттық тілдесімнің тақырыптық сипатына қарай хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үшке бөледі. Бұлар өз тарапынан әңгімелесу, хабарласу, сұрасу, сұхбаттасу, хабарлама жасау, түсінісу, пікірталас, ұрыс, талқылау, өтініш, түрткі жасау, қорытындылау, мақұлдау, сәлемдесу, қоштасу сияқты түрлеріне жіктеледі.

Зерттеуші сұхбаттық тілдесім типологиясын жасауға тілдің қарым-қатынас құралы қызметін қалыптастыратын, соған ықпал ететін прагматикалық факторларды, яғни сұхбаттық тілдесімнің өту ахуалы, сөйлеушіге тән белгілер, тыңдаушыға тән белгілер, коммуниканттар арасындағы қарым-қатынасты басшылыққа алған. Ол сұхбаттық тілдесімдегі сөйлеу актілері арасындағы байланысты сөйлеушілердің мақсаты болмаса интенциясы тұрғысынан талдайды. Себебі сұхбаттық тілдесім бірлігін анықтауда бірқатар зерттеушілер де интенцияны басшылыққа алады. Әрине, мақсаттың қалыптасуы қарым – қатынаспен байланысты, ал, ол өз кезегінде сөйлеушілердің қатысым жасауының қажеттілігіне тәуелді. Сұхбаттық тілдесімді қалыптастырып, дамытатын – сөйлеушілер мақсатының үйлесімі.

Кейбір зерттеушілер (Н.Д. Арутюнова, С.Ф.Земская, Н.Г.Несина, В.Н.Волошинов) жоғарыда сөз болған сұхбаттық тілдесімнің түрлерінің, атап айтқанда хабарламалықтың орнына ұғымдық немесе диктальді сұхбаттық тілдесім және модальдік сұхбаттық тілдесім дегенді ұсынады.

Н.Д. Арутюнованың пікірінше ұғымдық сұхбаттық тілдесімнің мақсаты нақты мәлімет алу болса, модальдік сұхбаттық тілдесімнің мақсаты пікір алмасу. Мұнда әңгімелесушінің модусына, яғни оның мәліметке деген қарым-қатынасының аппелляциясы көрініс табады. Мәлімет – диктум.

– Ашуланшақ болып кетіпсің, Алма.

– Бұл елден ашуланшақ емесін табу қиын-ау бүгінде.

Мәліметке деген әртүрлі субъективті қатынастар цитацияда, әсіресе, адресанттың сөздерін басқа акцентпен келемеждеу, тәлкек ету болмаса сенімсіздік білдіру формаларында қайталағанда анық көрінеді.

– ... where do these people come from?

– Spain.


  • Spain?

  • Yes,Spain.

Сонымен модальді сұхбаттық тілдесімде бір фактінің болмаса құбылыстың әртүрлі модусы, әртүрлі субъективті бағалануы ылғи реңін өзгертіп жатады. Бұл дегеніміз бір мәліметті әртүрлі бағалап, шындыққа байланыстыруға болады.

Ауызекі сөйлеуді зерттеушілердің барлығы дерлік сұхбаттық жағдаят, қатысымның бейвербалды компоненттері сияқты ерекшеліктері көбіне таныс емес адамдардан гөрі жақын таныс адамдардың арасындағы, ресми емес жағдайдағы қатысымда айқын көрінетіндігін айтады. Себебі сұхбаттық тілдесім – бұл бірін-бірі түсінуге мақсатталған екіжақты қатысым. Коммуниканттардың екеуі де әңгіме тақырыбын қабылдауға, оны түсінуге ұмтылады. Сұхбаттық тілдесімді қажет мәліметті алу үшін қалыптасқан әрекет десек те болады.

Сұхбаттық тілдесімді қатысымды лексико-грамматикалық және интонациялық амалдардың көмегімен мазмұн жағынан өзара тығыз байланысты екі болмаса одан да көп репликалардан тұратын коммуникативті-функционалдық тұтастық деуге болады. Сұхбаттық тілдесімнің қалыптасу процесі коммуниканттардың арнайы ұйымдасқан ұғымдық-практикалық жағдайларымен белгіленеді. Адамның сөйлеу әрекеті уәжден, тапсырмалар мен оларды орындаудың шарттарынан тұрады. Мұны анықтау үшін бір қатар психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық мәселелерге, сондай-ақ сөйлеу әрекеті мен оның қабылдануын түсіндіретін сөйлеу актілері мәселесіне мән беруге тура келеді.

Сұхбаттық тілдесім – көп қырлы күрделі құбылыс. Сондықтан оның әртүрлі аспектілерін зерттеудің көптеген жолдары мен тәсілдерінің болуы заңды да. Мәселен:

а) формальді-құрылымдық тәсіл, мұндағы басты мәселе репликалардың құрылымдық түрі және олардың арасындағы байланыс жолдары;

ә) семантикалық тәсіл, яғни репликалардың белгілі бір түрінің семантикасы мен бір-бірімен байланысты репликалардың мазмұны;

б) функционалды тәсіл сұхбаттық қатысымның функциясы тұрғысынан оның құрылымы мен элементтерін талдайды;

в) логика-семантикалық тәсіл сұхбаттық тілдесімнің логикалық құрылымын зерттейді, яғни сөйлесімдердің логикалық түрлері немесе сөйлесімдер мен репликалар арасындағы логикалық байланысты анықтайды;

г) психолингвистикалық тәсіл репликаны – сөйлеу әдебі ретінде қарастырады, себебі бұл тәсіл сұхбаттық тілдесімді екі психологиялық жүйенің өзара қарым-қатынасы деп сипаттайды;

д) әлеуметтік лингвистика коммуниканттардың әлеуметтік статусы мен ауызекі қатысымның әлеуметтік ерекшеліктеріне көңіл бөледі.

Лингвистер сұхбаттық тілдесімнің құрылымы (М.Н. Орлова), сұхбаттық тұтастықтағы репликалар арасындағы өзара байланыстың сипаты мен мұндағы синтаксистік байланыстың түрлері (С.С. Беркнер, Н.Н. Гаврильев, Л.П. Чахоян), сұхбаттық тілдесімнің стилистикалық және интонациялық құрылымы (А.В. Кучер, Ю. Дубовский) сияқты аспектілерге қызығушылық танытқан. Дей тұрғанмен, соңғы уақытта зерттеу шеңбері кеңейе түсті де, ендігі мәселелер сұхбаттық тілдесімнің актуальді мүшеленуі, диалогтағы байланыстың прагматикалық аспектісі, модус-диктум тұрғысынан оның сарапталуы және тағы басқалар төңірегінде жүріп жатыр.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Техтмайер Б. Диалог: проблемы анализа // Общение. Текст. Высказывание. – Москва, 1989. – С. 71-83.

  2. Бахтин М.М. Проблемы поэтики Достоевского. – М., 1979. – С. 227-238.

  3. Кәрімов Х. Қанатты тіл. Оқу құралы. – Алматы, 1993.

  4. Тер-Габриелян Г.А. Структурно-функциональные характеристики диалога

в турецкой прозе: авторефер. ... канд.филол.наук. – М.,1989.
РЕЗЮМЕ

Данная статья рассматривает взаимодействия реплик диалогической речи в функционально-синтаксическом, функционально-семантическом и функционально-коммуникативном планах.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада тілдің қатысым әрекетіндегі және ауызекі сөйлеудегі қызметі қарастырылады. Аталмыш мәселе лингвистикалық прагматиканың бірі бола отырып, сұхбаттық тілдесімде тіл өзінің табиғи болмысында көрінетіні және де сөйлеу актісі сөйлеушінің интенциясы мен оларды жүзеге асырудың шарттары ретінде сипатталады.



ДИАЛОГ ӘРЕКЕТІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бөлекбаева Л. Ә. – магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қазіргі кезде халықаралық қатынастардың күшейіп, соған сәйкес халықтар арасындағы өзара түсіністік мәселесінің алдыңғы қатарға шығуы және шетел тілін меңгеруде тіл мен мәдениет мәселелерінің ара қатынасына, олардың өзара байланысына, әртүрлі ұлт өкілдері арасында диалог өзара түсіністік, ынтымақтастық жағдайында өрбіп, қалыптасуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Және осы талап тіл меңгерту үрдісінде ұлтаралық қатысымды негізге ала отырып, әрбір халықтың тілі мен мәдениетіндегі ұлттық ерекшіліктерді сыйлап, құрметтеуге бағытталады. Ұлтаралық және мәдениетаралық қарым -қатынаста әр халықтың тілі мен мәдениетіндегі ұлттық ерекшілікті есепке алу – тілді өзге тіл ретінде меңгертудің нәтижелі болуындағы басты шарттардың бірі ретіндегі әлеуметтік лингвистика мен лингводидактиканың басты салаларының қатарына жатады. Сонымен қатар, әрбір адам басқа мәдениет өкілімен тілдесу үстінде өзінің туған елінің мәдениеті атынан сөйлейді. Тілдесу үстінде адам өз халқының мәдениеті, ұлттық ерекшілігін тілдік бірліктер арқылы, әртүрлі тілдік құралдар мен ұлттық таным арқылы білдіреді. Диалогқа қатысушылар осылайша өздерінің тілден алған білімдерін де, өздерін де жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік алады. Демек, студенттердің диалог мәдениетін қалыптастыру – аса маңызды міндет. Тіл меңгерту үрдісінде қазіргі ғылымда кең қолдау таба бастаған лингвоелтану, лингвомәдениеттану құзіреттіліктерін қалыптастыру, сол арқылы сұхбаттық тілдесімге шақыру. Бұл міндетті жүзеге асыру диалогтарды пайдалану қажеттігін алға тартады. Диалогтарды тіл меңгертуде пайдалану – өзіндік күрделілігі бар мәселе.

Адам тілдесу барысында әр түрлі көмекші құалдарды да пайдаланатыны белгілі. Сондықтан диалог үстінде көмекшілік қызмет атқаратын ым, қимыл, ишара мәселелері туралы, олардың диалог мазмұнынан алатын орнын, қазақ тіліндегі ерекшіліктеріне де мән беруді талап етеді.

Қазіргі кезде өзге тілге үйретуде көбінесе, ауызша тілдестіруге мән беріліп жүр, осы күнге дейін өзінің мән-маңызын жоймаған әдіс – коммуникативтік әдіс. Бұл әдістің негізін Е.И. Пассов салды. Бұл әдістің негізіне коммуникативтік лингвистика, психологиялық әрекеттесу теориясы, мәдениеттер сұхбатында жеке тұлғаның белсенділігін дамыту мәселелері де енді.

«Тіл білімі сөздігінде»: «Диалог (грек, dialogos – әңгіме, сұхбат). Диалогтық сөйлеу өзара тілдесу негізінде ауызша, ауызекі тілде сөйлеу формасы. Диалогтық сөйлеу ауызша, ауызекі сөйлеу сипаты сөйлеуші мен тыңдаушының тікелей байланысынан туады. Осыған байланысты диалог сөйлеуге құрылымдық жағынан толықсыздық репликалар байланысы тән (сұрақ, /жауап, қарсыласу/, келісу, тіл мәдениеті, толықтыру, қайталау т.б. )», – деп жазады /1, 107/.

«Тілдесім» (общение) – айтылым мен жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. «Тілдесім» терминіне ғалым Ф.Оразбаева былай деп сипаттама береді, «Тілдесім – адамдардың қоғамдық- әлеуметтік өмірде бір бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауп қайтаруы» /2, 120/.

Тілдесім – адамдардың өзара әрекетіндегі өте күрделі құбылыс. Бұл туралы А.А.Леонтьев былай дейді: «В современной науке об общении существует огромное количество несовпадающих определений данного понятия» /3, 26 /.

Бұл тілдесім құбылысының сан қырлы, алуан жүйелі, сан тарау құбылыс екенінен болса керек. Диалог тілдесім ұғымына екі адам сөйлесетін диалог, үш адам сөйлесетін трилог та, үштен көп адам тілдесетін полилог та кіреді.

Диалогты зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативті лингвистиканың негізгі нысанына айналып отыр. Күннен күнге тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Диалогты зерттеудің артықшылығы мынадай екі белгісінен көрінеді:

• диалогта әрбір сөйлесімнің авторы және нақты тыңдаушысы бар;

• диалог психологиялық деңгейде стимул мен реакция болып бір-біріне бағытталған сөйлеу қадамдарына байланысты орнайды.

Сонымен диалог сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасына қарым- қатынас әрекетінің орнауына себеп болатын коммуникативтік жағдаят, прагматика үшін маңызды – тыңдаушының сөйлеу актісі мен оның коммуникативтік интенциясына негізделген тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы диалогты құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы диалог қалыптасады. Диалогты бір ғана мақсат құрай алмайды, сондықтан әртүрлі тілдесім түрлері, мысалы, диалогты бастаушы тілдесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті хабарды алудан басталғанмен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым-қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.

Тілдесе отырып адам өзінің қайғысымен, мұңымен, қуанышымен, өміріндегі сәтті, сәтсіз жайттарымен, басқаша айтқанда, сезімдерімен бөлісе алады. Білім беру, оқыту, білімді насихаттау, білімді алу сияқты өзекті мәселелер – тілдесіп сөйлеспей шешілмейтін мәселелер.

Адам диалогқа түсу үшін ең әуелі ойлай және сөйлей білу керек. Басқаша айтқанда, өзінің ойына келгенін екінші тыңдаушы жаққа айтып бере білуі тиіс.

Ал тілдесімдегі тактика дегеніміз – тілдің қатынасқа түсу тәсілдерінің жиынтығы, белгілі бір диалог кезінде сөйлеу актісін дұрыс таңдау мен оның бірізділігін сақтау. Мысалы, серіктесінің назарын аударумен байланысты оның ықыласын ұстап тұру, сендіру және мойындату, қысым жасау немесе қысымның әлсіреуі, қулық жасау, жағымсыз істерге ұрындыру, арандату, итермелеу т.б . осы сияқты белгілі бір көңіл-күй жағдайларына түсу. Әңгіме барысында тактикалар өзгереді, олар-бейімделгіш, жылжымалы, икемделгіш. Айтушы неғұрлым тілдік қатынастық және прагматикалық жетістікті жақсы меңгерген болса, оның тактикасы да солғұрлым жан-жақты және жылжымалы болып келеді.

Мысалы, талап ете отырып, өзіне бағынатын адамға жеңіл өтініш жасау стратегиясы:

«– Zhandos, bring me the report you made.



  • I haven’t finished it yet.

– I need it now. I ’m having a meeting .Be quick, please ».

Жауаптан қашу тактикасына қарсы, шынайы емес сұрақ қоюды айтуға болады. Мысaлы, қарсы, қашқақтау сұрағы: – Why haven’t you informed them about the meeting?

– Who?

– You know who. I mean the staff .



Диалогтағы сөз бастаушы адам әңгімені өз қолына алады: сөз туғызу ниетін таңдау, сөзді қосымша ақпараттармен, дәлелдермен байытып отыру, әңгіменің жүрісіне, сөз, сөйлем құрылысына әсер ету-бәрі соның қолында болады.

Адамдар кез келген жағдайда өз ойын біреуге түсіндіріп, білдіруде, пікірлермен алмасу үшін тілдік қарым-қатынасқа түседі, демек тілдеседі. Зерттеушілердің пікірлерінше, адамның бір- бірімен қарым қатынас жасауының үштен екі бөлігі сөзден, сөйлесе қатынас жасаудан және олар үнемі тілдік қарым қатынас жасаудан және олар үнемі тілдік қарым қатынасқа түсуден тұрады. Яғни адамдар арасында үнемі диалог жүріп жатады. Диалогтың табысты жүруі сөйлесетін серіктестерінің біліміне, тәрбиесіне, сөйлесе білу әдебіне т.б. шарттарға байланысты. Тілдесе отырып адам өзінің қуанышымен, қайғысымен, басқаша айтқанда, сезімдерімен бөлісе алады.

Сөйлеу тілінің жалпы сипаттағы диалогтік белгісін ашқан М.М. Бахтиннің пікірінше, диалогтық қатынастың туындауының басты шарты – бұл хабарға, «сөзге» бағытталған коммуникативтік мақсаттың болуы. Ол заттық мазмұнның (идея, пікір) өзара қарым-қатынасын, олардың мәнін өзгертеді. Коммуникативті жағдаят пайда болады. Бұл жағдаятта өзара қарым-қатынастағы объектілер жаңа жүйелік сипатқа ие болады. Мысалы, объект туралы пікір («өмір тамаша» – логикалық пікір) өзіндік заңдылықтарына бағынатын сөйлесімге («өмір тамаша» – растау, нақтылау ретінде) айналады. Бұл заңдылықтар логикалық пікірлерде кездеспейтін сөйлесімдер арасындағы диалогтық қатынас құрайды. «Коммуникативная ситуация – это системообразующий фактор, условие, делающее возможным возникновение диалогических отношений».

Сөйлеу әрекетінің күрделілігі диалогтың қандай жағдайда жүргеніне, қалай жүргеніне және оның жүзеге асуы үшін қажет алғышарттарға тәуелді. Адам диалогқа түсу үшін ең әуелі ойлай және сөйлей білуі керек. Сонымен қатар өз ойын жүзеге асыруға деген ынта мен ықылас болуға тиіс. Басқаша айтқанда, өзінің ойына келгенін тыңдаушыға жеткізе білуі тиіс.

Диалог түрлері – мақсаттардың өзара үйлесуі арқылы анықталады. Диалог жауапты алмай тынбау, қайтседе де қажетті хабарды біліп барып аяқталатын диалогтың хабар алу, жалыну/өтіну түріне жатады. Әртүрлі мақсат әртүрлі сөйлеу жағдаятын жасайды. Бұл диалогтың түрленуіне де әсер етеді. Мысалы, И.П. Святогор диалогтың құрылымына байланысты оның төмендегідей түрлерін ұсынады:


    1. жұпты диалог, екі коммуникант арасындағы сұхбаттық тілдесім;

    2. параллель диалогқа үш-төрт коммуникант қатысуы мүмкін;

    3. полилог – бірнеше адамдардың арасындағы әңгіме.

Қарым-қатынас үстіндегі тілдік және тілдік емес факторлардың өзара байланысы диалогтің шекараларын, ең төменгі түрін, құрылымын, сонымен қатар лексика- грамматикалық бірліктердің қызметін анықтауда үнемі басшылыққа алынады. Отандық тіл білімінде осы салада диалог типологиясын жасаған Г.С.Иманғалиева диалогтің тақырыптық сипатына қарай хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үшке бөледі. Бұлар өз тарапынан әңгімелесу, хабарласу, сұрасу, сұхбаттасу, хабарлама жасау, түсінісу, пікрталас, ұрыс, талқылау, өтініш, түрткі жасау, қорытындылау, мақұлдау, сәлемдесу, қоштасу сияқты түрлеріне жіктеледі /4/.

Хабарламалық диалогта көбіне коммуникацияның басталғанына дейін әңгімелесушілердің біріне белгісіз жаңа мәлімет болады. Сондықтан олар жайбарақат күйде, орта темпте өтеді. Бұл диалог түрінің мақсаты коммуникативті акт процесінде жаңа мәлімет алу болмаса мәлімет беру болып табылады. Зерттеуші хабарламалық диалогтың сипатына қарай мұнда әңгімелесу, хабарласу, сұрасу және түсінісу сияқты диалогтың түрлерін жатқызады.

Диалогтың әр түрлі болуы оның күрделілігімен сипатталады. Мұны диалогтың ұзақтылығымен, жағдаят пен контекстің әсерімен, әңгімелесушілердің санымен түсіндіруге болады. Дегенмен, диалог өз құрамындағы әртүрлі бағыттағы репликалардың сипатымен күрделенеді. Ал, диалогтың прагматикалық түрінде әртүрлі сөйлеу интенциясы бар сөйлесімдердің бір ізділігі байқалады. Мұндай диалогтың мақсаты тыңдаушыға анық әсер ету. Бұл дегеніміз, пікірталас, ұрыс, талқылау, өтініш, түрткі жасау, хабарлама жасау. Модальдік диалогта объективті шындықтың саналы көрінісі беріледі. Бұл диалог-мақұлдасу, диалог-қорытындылау, диалог-сәлемдесу, диалог-қоштасу.

Реплика диалогтың, сонымен бірге, диалог тұтастықтың компоненті ретінде екі жақты сипатқа ие, яғни стимул және реакция сипаты. Диалогқа қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің репликасының тууына түрткі болады. Жауап реплика мазмұны жағынан сұраққа жауап, айтылған пікірді қостау, не оған қарсы болу, айтылған ойды түсіндіру, оны толықтыру, не өзін қоршаған орта, адам, уақиға жөніндегі ойы, көзқарасы т.б. болып келеді.

Диалог көбіне дәстүрлі реплика-сәлемдесуден басталады. Сосын әңгіме желісіне қарай қажетті реплика-ниет, реплика-сұрақ, бірдемені хабарлайтын реплика, қайталаумен қайта сұрайтын және т.б. репликалар болуы мүмкін. Әрине әңгіменің ары қарай қалай өрбитіндігі реплика- реакцияға да көп қатысты. Егер екінші коммуникант диалогтың жалғасуын ынталандыруға жеткіліксіз, тек біржақтама (Иә. Жоқ. Білмеймін.) жауап берсе, онда диалог қалыптаспайды. Коммуникативті актінің пайда болуында белгілі жағдай мен алғы шарттар маңызды роль ойнайды. Сондай-ақ, оның жүзеге асуы үшін коммуниканттардың психологиялық жай-күйі де ескеріледі.

Диалогтағы репликалардың лингвистикалық және экстралингвистикалық зерттелуінің негізінде, оларды анықтайтын мінезі мен құрылымын ескеріп, коммуникативті- прагматикалық сипатына мән бере отырып Д.Б. Абдукаримова реплика-стимулдың мынадай түрлерін белгілеген /5/. Олар: 1) реплика-сұрақ, 2) реплика-бұйрық, сыпайы формадағы реплика-бұйрық, 3) реплика-ниет, 4) реплика-таңдану, 5) реплика-нақтылау, 6) реплика-хабарлау, 7) реплика-өтініш. Зерттеуші бұл репликалардың құрылымын реплика-реакциямен лексика-семантикалық байланысымен, сұраулы пысықтауыштар, есімдіктер, демеулік шылаулардың бар болуымен, вокативтердің қолданылуымен, реплика мазмұнына қарай интонациялық конструкциялардың әртүрлілігімен, сондай-ақ, күрделі және жай тілдік конструкциялардың, эллипсистің болуымен және күшейту үшін қайталаудың қолданылуымен сипаттайды.

Тілдік қарым-қатынас, коммуникацияның қай-қайсысы да тек диалог арқасында өмір сүреді. Тіл үйрету мен меңгеру ісінде- диалогпен жұмыс ерекше мәнге ие болады. Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде диалогтың алатын орны ерекше. Олай болса, дұрыс сөйлеу әрекетіне көңіл аудару қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Тіл білімі сөздігі (Жалпы ред. басқарған проф. Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 540 б.

  2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 272 б.

3 Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность. – Москва: Просвещение, 1969. – 214 с.

4 Имангалиева Г.С. Типология диалога: дисс. ... канд.филол.наук: 10.02.20. – Алматы, 1999. – 117 с.

5 Абдукаримова Д.Б. Типология реплик казахского и русского диалогов: дисс... канд. филол. наук: 10.02.20. – Алматы, 1999.
РЕЗЮМЕ
Данная статья рассматривает диалогическую речь в коммуникативном плане. Означает те функций, которые выполняют номинативные единицы в высказываниях. Рассмотрение диалога в функционально-семантическом плане подразумевает рассмотрение диалога в аспекте актуального членения.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада коммуникацияның қай-қайсысы да диалог әрекетімен тығыз байланысты болғандықтан, оның біліктілігін арттыру тек тілдік құралдарды қолдану тәсілі ғана емес, әрекет актісі ретінде қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет