О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет53/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
химия рус (1)

 
9.6. Майлы кремдер 
Қазіргі уақытта майлы кремдер эмульсиялық жəне майсыз 
кремдерге қарағанда, өзінің төмен косметикалық əсеріне байла-
нысты өз орнынан айырылды. Олардың косметологияда пайдалану 
саласы, негізінен, дисперстік орта ретінде суспензиялық кремдерді 
пайдаланумен ғана шектеледі. 


137 
Майлы кремдердің əсері, негізінен, майлардың əсеріне негіз-
делген, сондықтан осындай кремдердің рецептураларын жасау 
кезінде ерекше назар майлар мен май тəріздес заттардың қасиет-
тері мен сапасына аударылады. 
Май жəне май тəріздес заттар ретінде шикізат орнына табиғи, 
синтетикалық өнімдер пайдаланылады, мұнда косметикалық пре-
параттың мақсаты мен сəйкесінше, қажетті əсер ету деңгейі есепке 
алынады. 
Майлы кремдердің рецептураларын құрау кезінде өсімдік май-
лары (зəйтүн, миндаль, шабдалы), ланолин, спермацет, ара балауы-
зы, минералдық майлар (вазелин, иіс сулық), вазелин, парафин, 
церезин, стеарин жəне т.б. гидробтық сипатты заттар қолданыла-
ды. Осы компоненттердің əртүрлі комбинациялары арқылы крем-
дердің жəне майлы негіздердің көптеген түрлері алынуы мүмкін. 
Сонымен қатар майлы кремдердің рецептураларын жасау 
кезінде жабысқақтық, балқу температурасы сияқты шикізат қасиет-
тері есепке алынады. Крем «жұмсақ жəне нəзік» болуы қажет. Осы 
белгілер кремнің тек органолептикалық жəне тұтынушылық 
қасиеттерін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар препараттың 
косметикалық тиімділігін де қамтамасыз етеді. Майлы кремдерге 
арналған кейбір негіздердің рецептуралары 2-кестеде көрсетілген. 
2-кесте 
 
Майлы кремдерге арналған негіздердің рецептуралары 
 
Құрамдас заттар, % 
Рецептура 
Ара балауызы 10
5
7
-
12
10
-
Сүйек майы 60
65
48
-
68,5
40
-
Кашатол сала майы
20
15
-
20
-
12,5
30
Спермацет 10
10
10
-
12
10
15
Сусыз ланолин 
-
5
5
-
7,5
7,5
5
Вазелин 
-
-
-
60
-
-
-
Жүгері майы 
-
-
10
5
-
-
-
Церезин 
-
-
10
5
-
-
-
Кастор майы -
-
10
10
-
2-
47
Льянянь майы 
-
-
-
-
-
-
3
Майлы кремдерді дайындау келесі операциялардан тұрады: 
компоненттерді балқыту
– суыту; 


138 
– кремді иіс суландыру; 
– қоя тұру; 
– кремді пластикалық өңдеу; 
– дайын өнімді қаптау жəне орау. 
Косметикалық препараттардың ерекше тобын косметикалық 
вазелиндер құрайды, олар қол жəне бет терісін жұмсарту үшін қол-
данылады, сонымен қатар оларды атмосфералық əсерден қорғау 
үшін пайдаланылады. 
Вазелиндер қатты (церезина, парафина) жəне сұйық көмірсу-
тектердің (иіс сулық жəне вазелиндік май) балқытылған қойырт-
пақтары болып табылады, кейбір жағдайларда табиғи вазелин 
қосады. Вазелиннің жабысқақтығын ұлғайту жəне кейін онда там-
шылардың пайда болуын алдын алу мақсатында 10-20% тазалан-
ған петролятум қосады. Вазелиндерді дербес өнім ретінде жəне 
хош иісті немесе мелдік вазелин ретінде шығарады, олар теріні 
жұмсарту, массаж жасағанда сырғанауды жеңілдету үшін пайдала-
нылады. Вазелиндер рецептуралары 3-кестеде көрсетілген. 
 
3-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет