Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы Ақпараттық хат Құрметті жас ғалымдар!



жүктеу 48.37 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі48.37 Kb.
Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
Ақпараттық хат


Құрметті жас ғалымдар!

Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Бизнес және құқық факультеті, Жария құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 23-ші қазанында өтетін «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты қалалық жастар арасындағы ІІІ-ші ғылыми жұмыстар (рефератар) байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың мақсаты: Жастарға егеменді еліміздің тәуелсіздігін жете түсіндіру, еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын жоғары сапалы мамандар дайындауға бағытталған басымды жолдарды белгілеу.
Байқау келесі бағыттар (секция) бойынша жұмыс жүргізеді:

1 бағыт – Отандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері

2 бағыт - Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуындағы жастардың құқықтық санасының орны мен рөлі
Байқауға жоғарғы сынып оқушылары қатысуына болады.

Қатысу тәртібі:

Ғылыми жұмыс (реферат) мұқаба беті – Жоғары жағында мекеменің атауы-Times New Roman, кегль -16., 11 абзац төменгі жолдан соң парақ ортасында 35 кегль қою үлкен әріптермен «Ғылыми жұмыс» деген атау, 2 абзац төмен түскен соң парақ ортасында қою 25 кегльмен баяндама тақырыбының атауы жазылады. 10 абзац төмен түскенде парақтың оң жағында 14 кегльмен орындаушының аты-жөні (сыныбы, курсы), 1 абзац төменгі жолақта ғылыми жетекшісінің аты-жөні толық жазылады. Мұқаба беттің соңында Қала атауы мен жыл 14 кегльмен ортаңғы жолда жазылады (Қосымша 1).


Ғылыми жұмыстың мәтіні 12 беттен аспауы тиіс (Қосымша 2).

Парақтың параметрлері: жағарғы, төменгі және оң жағы -2 см, сол жағы -3 см.

Шрифт: Times New Roman, кегль - 14.

Интервал: 1

Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай ғылыми жұмыстың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін. Мысалы: [1,102].

Ғылыми жұмыстың кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаттамасы, мақсаты, тақырытың өзектілігі, әдіснамалық негіздері (Пайдаланылған әдебиеттер) міндетті түрде көрсетілуі тиіс (Қосымша 3).

Ғылыми жұмыстар келесі санаттар бойынша бағаланады:

1) Жұмыстың техникалық рәсімделуі;

2) Тақырыптың ашылуы;

3) Қолданылған деректердің жаңалығы;

4) Қорытындысы (өзіндік көзқарастар мен ұсыныстардың болуы).

Ғылыми жұмыстар Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, 409 кабинетте баспа түрінде автордың өзінен қабылданады.


Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 77 үй. № 409 кабинет. тел/факс: 8 (7282)24-27-56 (141 коммутатор) Орындаушы Назым Едильжановна

Ғылыми жұмыстар байқауына қатысушылардың барлығы сертификаттармен, ал жүлделі орындарға ие болғандар дипломдар және жүлделі сыйлықтармен марапатталады.


Біз Сіздерді ғылыми жұмыстар байқауына белсене қатысады деп шын жүректен күтеміз!

Қосымша 1
№2 Лермонтов атындағы орта мектеп

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Жастар саясатының қазіргі

таңдағы рөлі

Орындаған: Мырзабеков Мырзабек

Мырзабекұлы,10 сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Мырзабекова

Мырзагуль Мырзабековна

Талдықорған, 2015 жыл



Қосымша 2

Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3

1 Оқиға болған жерді қарау-алғашқы тергеу амалы ретінде..........................4

2 Әртүрлі қылмыстарды тергеу кезіндегі оқиға болған жерді қараудың тактикалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері...................................9

Қорытынды........................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................15

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста қылмыстарды ашу мен тергеу, оның алдын алуды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, оның ішінде қылмыстылықпен күресу, оның алдын алу қызметін крнимсиналистік-тактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелеріне арналып отыр.

Жұмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты болып республикадағы қылмыстарды ашу мен тергеу, ескерту қызметінің ұйымдастырылуы жағдайын кешенді және жан-жақты қарастыып, онда кездесетін мәселелерді зерттеп, оңтайлы ұсыныстар енгізу табылады. Атап, айтқанда, олар криминалистік-тактикалық әдіс амалдарға қойылатын талаптардың ерекшеліктерін әрі қарай ғылыми зерттеу, қылмыстарды тергеу мен ашуда қолданылатын техникалық құралдардың, тактикалық-ұйымдастырушылық жұмыстарының қылмыстардың ашылуын қамтамасыз етуге тигізетін әсерін ғылыми бағалау, оқиға болған жерді қараудың шапшаңдығын, шынайылылығы мен нәтижелігін, тиімділігін арттыратын методикалық тәсілдерді дайындау табылады.

Жұмыстың өзектілігі. Кез-келген қылмыстарды тергеу кезінде оқиға болған жерді қарау амалын жүргізудің тактикалық және ұйымдастырушылық өзгешеліктері теория мен практикада бүгінде өзекті болып табылады. Бұл орайда криминалистика ғылымында жекелеген қылмыстарды тергеудің жемісті болуына жағдай жасайтын оқиға болған жерді қараудың тактикалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін ескере отырып тың ұсыныстар енгізу өте маңызды [1,65].

Жұмыстың әдістемелік негіздері. Отандық және Рессейлік авторлардың криминалистика саласындағы ғылыми еңбектері жұмысымның теориялық әдіснамалық негіздерін қүрады. Атап өтсем, Абуов А.Ғ., Жәкішев Е.Ғ, Исаев Ә.А., Найманова Г.Х., Александров И.В., Ищенко Е.П., Ищенко П.П., Гусев С.И., Шиканов В.И., Баранов Н.Н., Ищенко Е.П., Топорков А.А., Белкин А.Р.., Лившиц Е.М.және т.б.

Қосымша 3
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне. Түсінік.-Алматы:

Норма –К, 2004. - 648 б.

2. Абуов а.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 2004. - 256 б.



3.ЖәкішевЕ.Ғ, Исаев Ә.А., Найманова Г.Х. Криминалистика: Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 520 б.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет