«Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және қҰҚЫҚ академиясы» КӨп профилді оқУ-Ғылыми өндірістік кешені мекемесі учреждение «много профильный учебно-научно-производственный комплекс «академия экономики и права имени у. А. Джолдасбекова»



бет5/7
Дата09.03.2016
өлшемі2.68 Mb.
#47387
1   2   3   4   5   6   7

«Информатика» термині латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау деген мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда информация – таңбалар мен сигналдар (белгілер) түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып табылады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар (белгілер) түрінде берілетін мағлұматтар.


Курстың мақсаты:

  • Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;

  • Компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандырылуларының қазіргі жағдайын, даму перспективаларын зерттеу.

Курстың міндеттері:

  • Компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі.

  • Инженерлік-экономикалық ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек.

  • Корпаративтік желілермен бүкіл әлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалан білу іскерлігі.

  • Компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру.

  • Қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдыларының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі.

  • Қазіргі заманға сай компьютерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді пайдалан білу.

Оқу процесі дәріс, семинар сабақтары, практикумдар және студенттердің өзіндік жұмысын қарастырады. Бақылау нысаны ретінде студенттермен топтық, жеке жұмыстар, тестілеу және емтихан жатады.

Дәрістер, ереже бойынша, нақты қарастырылған проблемалық және жалпылай шолу материалдарын, сондай-ақ оларды шешу (орындау) ретін қарастырады. Бірінші дәріс – курстың жалпы ережелері мен бағыттарын қамтитын шолу дәрісі болып табылады. Сабақ тақырып және онда қамтылған проблемаларды таныстырумен, сонымен қатар, сабақтың мақсатының ашылуымен басталу керек. Сабақ басталармас бұрын студенттердің ойын сергіту сабақ жүргізудің маңызды бастамасы болып табылады, себебі, студент назарын (ойын) тікелей сабақ мазмұнына аудару әрқашанда сәтті бола бермейді. Жалпы айтқанда, оқу процесінде «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы қолданылады. Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:



  • шыңдалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға сыни көзбен қарау;

  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрады: 1) қызығушылықты ояту; 2) мағынаны ажырату; 3) ой толғаныс.

Ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Студенттер үшін Лабораториялықжәне өз бетімен жұмыстар – ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік сынаққа дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып табылады. Өз бетімен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

Семинар және Лабораториялықсабақтар тақырыптық жоспарға сәйкес дәріс сабақтарында қарастырылған тараулар мен тақырыптар бойынша жүргізіледі. Оқытылатын курстың Лабораториялықзор мәні болғандықтан, Лабораториялықжәне лабораториялық сабақтарда компьютер оқу құралы ретінде студенттердің дербес танымдық белсенділігінің операциялық жағын қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Біріншіден, компьютер студенттің қандай да бір әрекетті үйренуге оны орындаудың нормативтік тәсілмен өз тәсілін салыстыруына шынайы жол ашады. Екіншіден, ЭЕМ кез-келген әрекеттің нәтижесін көрнекі түрде алға тартып, оны орындау шарттарын көрсетеді. Үшіншіден, компьютер оқу құралы ретінде студенттердің негізгі әрекетін қайта құрып, мысалы, шешім іздеуге немесе алынған нәтиженің дұрыстығын бақылауда оқу материалын операциялау тәсілін едәуір өзгертеді.

Студенттерге консультация берудің бірден-бір тәсілі - әр студентпен жеке жұмыс жасау болып саналады. Мұндай сабақтар, әдетте, СОӨЖ сабақтарын жүргізуде көзге түседі. Бұл сабақтың мақсаты – студенттерге оқу және ғылыми әдебиеттерді өз бетінше оқуға, күрделі теориялық сұрақтарға дұрыс жауап іздеуге баулу.

Сонымен, компьютерлік технологияны қолдану кезінде Лабораториялықнемесе өздік жұмыстардың оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы алынуы тиіс.

Студенттердің алған білімдері аралық бақылауда (тестілеу), межелік бақылауда (жоба жұмыстарын қабылдау), емтиханда қорытындыланып отырады. Тестілеу әдісі жүргізілген тараулар (жеке тақырыптар) бойынша, тьютор белгілеген уақытта жүргізіледі. Жоба әдісі студенттердің дербес танымдық белсенділігін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, оқу процесінде бұл әдісті қолданудың ерекшелігі – ол студенттердің өзіндік талпыныс, ізденіс жасай алу қабілеттерін дамытып, логикалық ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өзіміз байқағандай, білім беруде жоба әдісін пайдаланудың негізгі стратегиясы – студенттің тұлғасын жан-жақты дамытуға көңіл бөлу.



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Лабораториялық жұмыс №1.

Тақырыбы: «Санау жүйесі. Базис және санау жүйесінің негізі»

Тапсырма №1

Келесi ондық сандарды сегiздiк және он алтылық санақ жүйелерiне ауыстырыңыз: 35; 1024; 1135.



Тапсырма №2

Келесi екiлiк сандарды сегiздiк және он алтылық санақ жүйелерiне ауыстырыңыз:

а) 11110101000100000100111100101000;

б) 10001010101011001100110000000111;



Тапсырма №3

Екiлiк санақ жүйесiн қолдана отырып, екi сан қосындысын табыңыз:

а) 75+44; б)158+36; в)144+56.

Ондық жүйеге оларды ауыстыру жолымен есептеу нәтижесiн тексерiңiз.



Тапсырма №4

Екiлiк есептеудi қолданып, екiге дейiн толықтырып қосу жолымен алып тастауды орындаңыз: а)75-44; б)-15-36; в)14-56.

Ондық жүйеге оларды ауыстыру жолымен есептеу нәтижесiн тексерiңiз.

Лабораториялық жұмыс № 2.

Тақырыбы: «Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару»

Тапсырма №1

Екiлiк есептеудi қолданып, бөлудi орындаңыз: а) 75 : 5; б) 54 : 6; в) 56 : 14. Ондық жүйеге оларды ауыстыру жолымен есептеу нәтижесiн тексерiңiз.



Тапсырма №2

Келесi сандарды сақтау үшiн қажеттi, еске сақтау көлемiн есептеп шығарыңыз:

а) 3510; б) 102410; в) 11358; г) 10АF16.

Тапсырма №3

Келесi сандарды сақтау үшiн қажеттi, еске сақтау көлемiн есептеп шығарыңыз: а) 12, 123456789; б) 1456123,13 бiрлiк және екiлiк дәлдiкпен.



Тапсырма №4

Әртүрлi кодтауды қолдануда сiздердiң оқу тапсырмаларыңыздың толық адресiн жазудан тұратын ақпараттар санын есептеу.



Тапсырма №5

Екiлiк кодтау барысында еске сақтау тетiгiнде түрлi түстi картина алатын көлемдi есептеңiз:

а) 256 түстi қолдану арқылы 2х4 см өлшемдi:

б) 15 000 түстi қолдану арқылы 5х6 см өлшемдi:

Әрбiр квадраттық сантиметр 24х24 нүктеден тұратынын есепке алыңыз.

Тапсырма №6

Оперативтiк жадыға орналасқан қандай көлем 16-биттiк адрестiк ұйымнан тұратын ОЗУ деп аталады?


Лабораториялық жұмыс № 3.

Тақырыбы: «Есептерді алгоритмизациялау негізі»

Бұл тапсырмалар құрылымы сызықтық және тармақталу болатын алгоритмдерді синтездеу және талдау есептерін қамтиды.

Алгоритмдерді талдау компьютермен есептер шығару барысында жүретін процесстер негізінде орындалады, және де ол алгоритмдегі қатені жою және іздеу тәсілдерінің бірі болып табылады.

Алгоритмдерді талдаудың құралы ретінде мәндер кестесі қызмет етеді.



Тапсырма №1. Алгоритмнің келесі үзіндісінің нәтижесінде алынатын Х айнымалысының мәнін анықтаңыз, егер де А=2 және В=2 болса:

. . . . . . . .

Егер A≥B Онда

X:=2;


Әйтпесе

X:=3:


Соңы – Егер;

. . . . . . . .



Тапсырма №2. Мына формуламен берілген Ү функциясының мәнін есептеу алгоритмін құру керек: 2+1

Y=eX + cos (X2+1)+ln(X2+1).



Тапсырма №3. Келесі шарттың орындалу барысында А мәніне 1 санын меншіктеуді қамтамасыз ететін алгоритмді өңдеп шығарыңыз:

Х айнымалысы (0;1) аралығында жатады.

Тапсырма №4. Мына формуламен берілген Ү функциясының мәнін есептеу алгоритмін құру керек:

Y=(X+1)-arcsin(X+1)+X+1.



Тапсырма 5. Келесі формуламен берілген Ү функциясының мәнін есептеу алгоритмін құру керек:

Y=e0.5∙X-1-sin(0.5∙X-1)+cos(0.5∙X-1).



Мысал

Егер енгізу кезінде айнымалылар келесі мәндерге ие болса, алгоритмнің орындалу нәтижесінде баспаға не шығатынын анықтау керек: А=2.5; В=0.5.

  1. Басы;

  2. Енгізу (А,В);

  3. Х:=А-В;

  4. Ү:=А+В;

  5. Z:=YX;

  6. Z:=(10*A-Z)1/2/(Z+1);

  7. Шығару (A, B, X, Y, Z);

  8. Соңы.

Есепті шешу алгоритмі псевдокод түрінде көрсетілген және 8 жолдан тұрады. Есептеу процесінде бес айнымалы қолданылады: A, B, X, Y, Z. Басы командасы компьютер процессоры берілген есепті шешуге кірісті дегенді білдіреді. Енгізу (А,В) А жадысының ұяшығына 2.5 санын, ал В жады ұяшығына – 0.5 санын жазуға мүмкіндік береді. Алгоритмнің үшінші жолында Х:=А-В меншіктеу операциясы жазылған. Компьютерде ол келесі түрде жүзеге асады: А және В ұяшықтарының мәндері процессорға бағытталады, осы жерде азайту операциясы орындалады. Осы әрекеттің орындалу нәтижесі Х ұяшығына жазылады. Осыған сәйкес Ү:=А+В меншіктеу операциясы орындалады: А және В ұяшықтарының мәндері қайтадан процессорға қарай бағытталады, қосу операциясының нәтижесі Ү ұяшығына тіркеледі. Бесінші әрекетті орындағаннан кейін Z ұяшығына 9 саны жазылады. Ал алтыншы әрекетің орындалуы кезінде процессорға A және Z ұяшықтарының мәндері (2.5 және 9) бағытталатын болады. Одан кейін меншіктеу операторының оң жағында орналасқан әрекеттер ережеге сәйкес орындалады, яғни: көбейту, азайту, квадрат түбірден шығару, қосу, бөлу. Алынған нәтиже (0.4) Z ұяшығына алдыңғы мәннің (9) орнына жазылады.

Шығару (A, B, X, Y, Z) – X, Y және Z айнымалыларының мәндерін баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Соңы командасы компьютер процессоры есепті шешуді аяқтайды деген сөз.

Есеп алгоритмін талдау барысындағы мәндерді кесте түрінде көрсетейік.



Мәндер кестесі

Жады

Шарт

Нәтиже

A=2.5

B=0.5

X=2

Y=3

Z=9, 0.4




2.5 0.5 2 3 0.4



Лабораториялық жұмыс №4.

Тақырыбы: «Алгоритмдер (типтері, қасиеттері). Алгоритм жасау әдістері. Сызықты, тармақты және циклдік алгоритмдерге мысал»
Бұл тапсырмалар құрылымы циклдық болатын алгоритмдерді синтездеу және талдау есептерін қамтиды.

Алгоритмнің берілу тәсіліне (псевдокод, күрделі схема, қарапайым схема) қарамастан алгоритмді талдауды мақсатқа сай күрделі схема түрінде жүргізу керек, себебі онда орындалатын әрекеттер тізімі қамтылады және олардың орындалу тізбегі көрсетіледі. Талдаудың негізгі құралы ретінде мәндер кестесі қалады.



Тапсырма №1. Алгоритмнің келесі үзіндісінің нәтижесінде алынатын М айнымалысының мәнін анықтаңыз, егер де

а) A=1, B=5, C=1; в) A=3, B=9, C=2; д) A=5, B=2, C=-1;

б) A=2, B=-6, C=-2; г) A=2, B=7, C=1; е) A=6, B=12, C=3;

. . . . . . . .

Егер A≥B Онда

X:=2;


Әйтпесе

X:=3:


Соңы – Егер;

. . . . . . . .


Тапсырма №2. Массив элементтерінің қосындысын қамтамасыз ететін алгоритмді құрыңыз:

N

C= Xi.



i=1

Тапсырма №3. Төменде схемасы көрсетілген алгоритмнің орындалу нәтижесінде баспаға не шығатынын анықтаңыз:

+

Тапсырма №4. Берілген бір өлшемді массив N элементтері {Ai} үшін келесі түрлендіруді орныдайтын алгоритмдерді өңдеңіз:

  • Ai максимал мәнін есептеңіз;

  • Aj болатын элементтердің минимал мәнін есептеңіз;

Тапсырма №5. Y=f(X) функциясының X1, X2, …, XN нүктелеріндегі мәнін есептеп шығаратын алгоритм құрыңыз:

  • Y= Xi-e-xi;

  • Y=(sin2Xi-cosXi2)Pxi.



Деректер типтері (тұрақтылар, айнымалылар, операциялар, функциялар)

Тапсырма №1. Тек келесі символдарды қолданып, 4 символдан тұратын ұзыңдығы бар және Паскаль тіліне жазуға болатын атау санын есептеңіз.

Тапсырма №2. Атау 1-тапсырма ережелерімен құрылсын дейік. Параметрмен берілген, атаудың дұрыс құрылғандығын тексеретін функцияны жазыңыз. Егер функция ережеге сәйкес құрылған болса, онда оның мәні TRUE болады. Кері жағдайда мәні – FALSE болады.

Тапсырма №3. Файлдардың аттары ′ Т ′ символынан, басқарушы нольдерді ескергендегі файлдың реттік номерінен, ′ а ′ немесе ′ b′ символдарынан және ′ dat ′ кеңейтпесінен (расширение) тұрады. Алфавиттік ретте барлық файлдардың аттарына (100-ді қоса алғанда) программа (бағдарлама) жазыңыз.

Тапсырма №4. Көп пәтерлі үйдің тұрғындары туралы келесі ақпараттарды қамтитын айнымалыларды сипаттаңыз:

  1. әр аудандағ пәтер саны;

  2. әр пәтердегі тұрғындардың орташа саны;

  3. пәтерде жануарлардың болуы;

  4. әр пәтердегі тұрғындар саны.

Тапсырма №5. Үш символдан кем болмайтын, a және b әріптерінің көмегімен 14 атау құрастыру программасын (бағдарламасын) жазыңыз.

Мысал

2-тапсырманың Паскаль тіліндегі шешімінің бір нұсқасы:

function prov_imja(s:string):boolean;

var i:integer;

f:boolean;

begin f:=true;

for i:=2 to 4 do f:=f and (s[i] in

[‘4’, ‘8’, ‘9’, ‘A’, ‘B’]);

prov_imga:=(length(s)=4) and (s[1] in [‘A’, ‘B’])

and f;

end.
Лабораториялық жұмыс №5.

Тақырыбы: «Архиваторлар. Архивке файлдарды орналастыру»

  1. Архивтiк файлдардың мазмұнын көру, сол сияқты архив iшiнде орналасқан файл мазмұнын көру.

  2. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

  3. Архивтен шығару, қысу

Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауга мүмкіндік беретін программалар тобы.

ARJ архиваторы ирограммасын пандалану ARJ программасын орындай алатын бірнеше функциялар бар. ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі. Мысалы, А (add) - архивке файл енгізу, Т (test)-архивті мәтін аркылы тексеру, Е (exctract) - файлды архивтен шыгарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete) - архивтегі файлды жою. Архивтік файл дегеніміз - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы.



Жұмыстың орындалу әдiстемесi

1. WinRar бағдарламасын жүктеу.

2. File менюi командаларының көмегiмен С:\ дискiсiн таңдаңыз.

3. Каталогтар терезесiнде Windows\Command бумасын ашыңыз.

4. .COM кеңейтiлуiмен берiлген файлдарды таңдаңыз (SpaseBare түймешiгi немесе File менюi командалары көмегiмен).

5. Add түймешiгiн басыңыз.

6. Enter archive name…(Архив атын енгiзiңiз) диалогтық терезеде Аrchive командалық қатарға myarch архивiнiң атын енгiзiңiз. <ОК> түймешiгiн басыңыз.

7. Архивтiк файлдарды қарап шығыңыз (архивтiк файлдың атына курсорды орналастырыңыз, Enter түймешiгiн басыңыз.)

8. Архивтiк файлдар (Info – түймешiгi) жөнiнде ақпараттарды қарап шығыңыз.

Есеп беруде .COM кеңейтiлуiмен берiлген файлдардың қосынды өлшемiн және архивтiк файл өлшемiн, сол сияқты архив, сығылу дәрежесi қанша файлдан тұратындығын көрсетiңiз.



Тапсырма №2. Өзiнiң жұмыстық бумасынан файлдарды Zip-архивiне орналастыру.

Жұмыстың орындалу әдiстемесi

1. Өзiңiздiң жұмыстық дискiде тәжiрибе үшiн Менiң тәжiрибем және Менiң архивiм екi бумасын құрыңыздар.

2. Менiң тәжiрибем бумасына кез келген каталогтан бiрнеше файлдарды көшiрiңiз.

3. WinZIP- программасын жүктеңiз.

4. WinZIP- программасы терезесiнде құрал саймандар панелiнен New түймешiгiн басыңыз немесе File менюiнен – New Archive (Файл – Жаңа архив ) командасын орындаңыз.

5. Ашылған терезеден айталық, Менiң архивiм - деп аталатын жаңа архив сақталатын буманы таңдаңыз.

6. Файл аты аймағында архив атын енгiзiңiз. Айталық, архив myarch деп аталатын болсын.

Файл типi аймағында Zip files типi орнатылған болуы керек.

7. Add Dialog жалаушасын орнатыңыз. (Архивке қосу терезесiн ашу). <ОК> түймешiгiн басыңыз.

8. Add диалогтық терезесi ашылады.

9. Add(Архивке қосу) диалогтық терезесiнде Action (Действие-Iс әрекет) ашылатын тiзiмде Add (and replase) files (Файлдарды толықтыру және ауыстыру (Добавлять и заменять файлы)) пунктiн таңдаңыз.

10. Compression (Степень сжатия-Сығу дәрежесi) ашылатын тiзiмде Normal (обычное-кәдiмгi) пунктiн таңдаңыз.

Folders (Папки)- басқару элементтерi тобында Include Subfolders (Включая вложенные папки) жалаушасын орналастырыңыз.

11. Архивке қосылған файлдарды таңдаңыз: Ctrl+A түймешiгi комбинациясының - барлық файлдарды таңдау; Shift түймешiгiмен тышқанның сол жақ түймешiгiн бiрлестiкте –файлдар тобын таңдау.

12. Add (Добавить в архив) командалық түймешiктi шерткенде – архивтеу процесi басталады.

13. WinZIP-архивтеу аяқталғаннан кейiн myarc.zip архивтiк файл терезесiн көремiз. Бұл терезеде архив мазмұны, архивтен бұрынғы және соңғы файлдар өлшемi, архивте файлдардың сығылу дәрежесi. көрсетiлетiн болады.

Есеп беруде, архивтiк файл мазмұны көрсетiлген экран фотография түрiнде көрсету талап етiледi.

«Көп томдық архивтер құру»

Тапсырма. WinRar программаларының көмегiмен solid – С:\ Windows\COMMAND. Размер тома — 1213800 каталогының барлық файлдары сиып кететiн көптомдық архив құру.

Жұмыстың орындалу әдiстемесi

1. WinRaR бағдарламасын жүктеңiз.

2. File менюi командаларының көмегiмен С:\ дискiсiн таңдаңыз.

3. Каталогтар терезесiнде Windows\Command бумасын ашыңыз.

4. Барлық файлдарды белгiлеңiз(клавиша Grey+).

5. Add түймешiгiн басыңыз.

Enter archive name…(Архив атын енгiзiңiз) диалогтық терезеде Аrchive командалық қатарға arcl архивiнiң атын енгiзiңiз.

Volume size қатарында 1213800 томының өлшемiн таңдаңыз.

Solid archiv – жалаушасын орнатыңыз.

<ОК> түймешiгiн басыңыз.

10. Архивтiк файлдарды қарап шығыңыз (архивтiк файлдың атына курсорды орналастырыңыз, Enter түймешiгiн басыңыз.)

11. Архивтiк файлдар (Info – түймешiгi) жөнiнде ақпараттарды қарап шығыңыз.

12. Есеп беруде архивтен құрылған томдардың саны және соңғы томның өлшемi, сол сияқты архив, сығылу дәрежесi қанша файлдан тұратындығын көрсетiңiз.


Лабораториялық жұмыс №6.

Тақырыбы: «Антивирустық прграммалар. Утилиттер»

Тапсырма:

  1. Вирустан сақтанудың тәсілдерін игеру;

  2. Вирустарды емдей білу;

  3. Файлдарды архивке енгізуді игеру;

  4. Файлдарды архивтен шығара білу.

Қазіргі кездегі вирустар екі топқа бөлінеді:

- Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

- Резиденттік емес вирустар.

Вирустар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:
Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтілулері (заты) .сот және .ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске косылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал, егерде олар AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS арқылы іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.

Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің еи басты мәлімет жуктеу жазбасы

Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» (загрузочная) не.месе Boot -вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі - компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мүндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондыктан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.

Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG.SYS файлының шеткері кұрылғылар көрсетілетін Оеүізе деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болағындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына (МS DOS.SYS және ІО.SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болганымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жұғатын» вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.



Файлдықжүйені өзгертетін вирустар

Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар оз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, осы дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді.

Барлық .СОМ және .ЕХЕ типті файлдар үшін - каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш - таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез-келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өндейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 нс 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырган» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Aidstest программасының соңғы нұскалары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет