Ізденушілік және тәжірибелік тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Студент ізденушілік және тәжірибелік тапсырмаларды орындаған кезде анқты аргументтерге тоқталып, тапсырмалар бойынша өздерінің көзқарастарын нақтылы түрде талдай отырып, логикалық түрде істің шешімін таба білуі тиіс.
Тапсырмалармен жұмыс жасаған кезде мына кездеңдер бойынша жұмыс жасауы қажет:
- дәріс курсының материалдарын оқу;
-
нормативті-құқықтық актілер мен оқу әдебиеттерін оқу;
-
тәжірибелік комментерияларға, кезеңдік және монографиялық әдебиеттерге қорытынды жасау;
- мәселелі жағдайлар бойынша шешім шығарып (тапсырмаларды орындау), сұрақ бойынша өз шешімдеріне жауап беру.
Тапсырмаларды шешкен кезде әдебиеттер тізімінде көрсетілген нормативті актілер мен әдебиеттерді қолдана білу қажет.
Сонымен қатар тапсырмаларды шешкен кезде мамандық бойынша арнайы шығатын мына журналдарды да оқуға болады: «Мемлекет және құқық», «Құқықтану», «Законность», «Заң және тәртіп», «Нотариус» және тағы басқа.
1 – Тақырып Азаматтық құқық – ғылым, құқықтың бір саласы ретінде
1 ҚР-ның жаңа Азаматтық Кодексінде қабылданғанға дейін азаматтық құқықтың пәні ретінде әдеттегідей қоғамдық қатынастың үш түрі қарастырылды: мүліктік; мүлікпен байланысы бар мүліктік емес; мүлікпен байланысы жоқ мүліктік емес. Бірақ қазіргі кезде осы түсінікке бір қатар өзгерістер енгізілді.
Сіздің ойыңызша қазіргі азаматтық құқықтың пәніне қандай қоғамдық қатынастар жатады? Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қандай бабында ол туралы айқын айтылған? Сіздің ойыңызша бұл енгізілген өзгеріс азамттық құқық пәнінің анықтамсын дәлелдеді ме?
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарын көрсете отырып мүліктік қатынастар және жеке мүліктік емес қатынастарға үш мысал келтіріңдер.
2 Азаматтық құқық басқа құқық салаларынан құқықтың рттеу әдісі, пәні және қағидасы арқылы ажыратылады. Қағидаларға қатысты цивилистер арасында келіспеушілік жоқ, ал әдіске қатысты әр маман өзінше бағалайды.
Сіздің пікіріңізше, неге азаматтық құқық әдісін айқындағанда келіспеушілік болады да, ал азамттық құқық қағидасына келетін болсақ ортақ пікір орын алады. Сіздің пікіріңізше, азаматық құқық «әдісі» және «қағидасы» ұғымының қайсысы ең қолайлы? Жауапты дәлелдеңдер?
3 Азаматтық құқық жүйесін, институтын және саласын қалай түсінесіз? Сіздің ойынызша меншік құқығы, заттай құқық, патентік құқық, авторлық құқық, мұра құқығы иниституты және саласы болып табылады ма?
4 Көптеген мемлекеттердің цивилистері құқықты жалпы және жеке деп бөледі. Кеңес одағында құқықты осылай бөлу орын алған жоқ. Ақырғы жылдары құқықты болу қайтадан басталды. Сіздің пікірінізше неге кеңес одағы кезінде құқықты жеке және жалпы етіп бөлу орын алған жоқ. Аталған екі салаға адам құқығын жатқызуға және жеке салаларынына қатыстығының мәні неде?
5 Англо – американдық азаматтық құқықтық жүйеде нормативті құқық танылмайтынымен ерекшеленеді және онда құқықтық прецеденттің танылатындығы айтылған. Қазақстанда азаматтық құқық нормаларын кодикациялауға жатады. ҚР Азаматтық Кодексі панденттік жүйе бойынша құрылған.
Сіздің ойыңызша, неге Қазақстандық азаматтық құқық кодифинацияға жатады? Панденттік жүйенің мәні неде? ҚР-ның Азаматтық Кодексі неге панденттік жүйе бойынша құрылған?
6 Соңғы жылдары азаматтық құқықпен қатар, өзге оған жақын бірақ өзге құқық салаларды бөліп қарастырады. Азаматтық құқықты сауда және кәсіпкерліктен бөліп тастау туралы мәселе әлі қарастырылу сатысында. Танымал орыс цивилисті Г.Ф.Шершеневичтің пікірінше сауда құқығы өз алдына жеке ғылым емес. Ол азаматтық құқықтың бір бөлігі. Қазіргі кездеотбасы құқығының азаматтық құқықтың негізінде қалыптасқанынада даулы жағдайлар туындауда. Мысалы, отбасы құқық саласындағы маман М.В Антоколский оны азаматтық құқықтың бір бөлігі деп түсінуді ұсынған.
Сіз қай пікіріді қолдайсыз? Сіздің пікіріңізше азаматтық құқықтың кәсіпкерлік және отбасы құқығымен ара қатынасы қандай? Олардың әрекет ету саласын қалай бөлу керек және қандай жағдайларда мүліктік және мүліктік емес қатынас құқықтың нормаларын қолдану қажет.
2 – тақырып Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасыныда жаңа Азаматық Кодекс қабылданғанға дейін азаматтық құқық туралы оқу әдебиеттерінде азаматтық құқықты реттейтін нормативті актілер, құқықтың қайнар көздері деп қарастырылған. Қазіргі оқулықтарда ол «Азаматтық заңнама» деп аталады.
1 Сіздің ойыңызша бұл өзгерістер неге байланысты болған? Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінінде көрсетілген «азаматтық заңнама» терминінің мазмұны Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы осы терминнің мазмұнына ұқсас па?
2 Сіздің ойыңызша, осы ұғымдарды түсіндірудің ең дұрысын көрсетіңіз: «сот тәжірибесі», «сот үлгісі», «іскерлік айналымның әдет – ғұрпы», «іскерлік». Олар қалай өзара ара – қатынаста бола ма? Олар азаматтық құқықтың қайнар көзі болып табыла ма?
3 Моралды нормаларын құқықтың қайнар көзіне жатқызуға бола ма? Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасында халықаралық шарттары қандай жағдайларда азаматтық құқықтың нормалары ретінде бола алады?
4 Заң шығарушы еркінің мәні мен мазмұнын анықтауға бағытталған қызметі атқаратын тұлғаның лауазымын қалай атайсыз? Кім осы қызметті атқарады және қандай тәсілмен атқаруға құқылы?
5 Сіздің ойыңызша, азаматтық заңнама актілерінің кері күші бар ма? Егер бар болса, онда қандай жағдайларда?
6 Мүліктік қатынастар өзге де құқық салаларының қатынастарына жататындықтан, ол қандай жағдайларда азаматтық құқықтың мүліктік қатынастарына жатады, ал әкімшілік, қаржылық құқықтық қатынастарында қандай жағдайларда заңнамаларда қолданады.
7 Сіздің ойыңызша, азаматтық құқықта құқықтық нормалардың қайсысы көбірек; диспозитивті немесе императивті?
8 Өткен ғасырлардағы қазақтардың азаматтық құқығының ерекшеліктерін сіз білесіз ба?
3 – Тақырып Азаматтық құқықтық қатынас
1 Бұрынғы цивилистік әдебиеттерде азаматтық құқық қатынастардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттері біріншісінің мазмұнын құрайтын. Бірақ 1996 ж. Санкт-Петербургте Ю.К.Толстой және М.А.Сергеевтің редакциясымен басылып шыққан оқулықтың авторларының айтуынша, азаматтық құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективті құқықтар мен міндеттері негізінде құқықтық нысанын айқындады. Сіздің ойыңызша, азаматтық құқықтық қатынастар субъективті құқықтар мен міндетер ретінде қалай түсініледі? Жоғарыда көрсетілген екі ұғым мәні бойынша бөлек немесе ұқсас бола ма? Қатысушылардың құқықтары мен міндеті азаматтық құқықтық қатынастың элементтері ретінде бола ала ма? Азаматтық құқық қатынастарда субъективті құқық пен міндеттер қандай қызмет атқарады?
2 Азаматты құқықтық қатынастарға әр түрлі сипаттама қолданылады: мүліктік, абсолютті, міндеттеуші және таға басқа.
Азаматтық құқықтық әдебиеттерде азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері оқытылады. Осыған сәйкес «Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері» деп төмендегіні мысалға ала отырып кесте құрастырып, оны толтырыңыз:
№
|
Негізі
|
Түрлері, аталуы
|
Анықтамасы
|
Мысалы
|
р/с
|
Топтастырылуы
|
Құқықтық қатынас
|
түрлері
|
Практикадан
|
1
|
|
а)
|
|
|
|
|
б)
|
|
|
2
|
|
а)
|
|
|
|
|
б)
|
|
|
3 Барлығыны белгілі болғандай азаматтық құқықтың субъектілері үш түрге бөлінетіні анық:
а) жеке тұлғалар;
б) заңды тұлғалар;
в) мемлекет.
Олардың бәріне екі белгі тән: «құқық қабілеттілігі», «әрекет қабілеттілігі». Азаматтық құқық субъектілерінің «құқық қабілеттілік» және «әрекет қабілеттілік» ұғымдарының анықтамаларын салыстырып олардың ерекшеліктерін сипаттап беріңдер. «Субъективтік құқық», және «құқық қабілеттілік» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?
4 П.Сохоловтың көп балалы отбасы комуналды органның салып бітірген, бірақ адам кіргізбеген тұрғын үйіне өз бетінше ордерсіз кірді.
Сіздің ойыңызша, Сохоловтың отбасы кірген үйге тұруға құқықығы туындады ма? Тұрғын үйге Сохолов отбасының құқы болуы үшін қандай заңи факт орын алу тиіс.
5 Н.Жуков Д.Кошоховқа қатысты талап – арызбен сотқа жүгінді, себебі: өткен күзде Жуков Кошоховті тоғаннан алып шығып, өмірін сақтап қалғаны үшін ай сайын 600 теңге төлеуін талап етті. Адамды құтқару нәтижесінде Жуков аяғынан ауыр жарақат алды. Ол әрекетке қабілеттісіз болып, мүгедектік алды.
Сіздің пікіріңізше, бұл жағдайда одаан бұрын болмаған тараптар арасында құқықтар мен міндеттер пайда болды ма? Егер болса, онда оған қандай жағдай себеп болды?
6 В.Ворошилов өсиет қалдырмай қайтыс болды. Соңғы он жыл ол өзінің екінші әйелі Клавдиямен тұрды. Ворошиловтың бірінші әйелінен бөлек тұрған ұлы Борис, Клавдиядан мүліктің иесі болуды яғни, Клавдия және Виктор бірлесе алған жиһаз бен тұрмыс техникасын талап етеді.
Аталған тұлғалар арасында азаматтық құқықтық қатынас пайда бола ма? Егер болса, онда қандай жағдайда? Азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуына негіз болған не? Аталған құқықтық қатынастың объектісі және мазмұны не? Қайтыс болған адамның ұлы заңды талап қойды ма?
7 30жыл тұрақты жұмыс істемеген және ішімдікке салынған Т.Сидорова жекелендірілген пәтерді сатып, бірнеше күннен кейін танысымен Украйнаға кетті. 7 жасар қызы Ольга әжесімен оның тұрғын үйінде қалды. Пәтерді сатып – алу сату шарты сотта пракурормен тоқтатылған. Жекелендіру кезінде қызы меншік иесі ретінде енгізілмеген, ал пәтерді сату қамқоршы және қорғаншы органымен рұқсат етілмеген.
Сіздің пікіріңізшге, бұл жағдайда азаматтық құқықтық қатынас пайда бола ма? Қатынас пайда болса, қатынастың субъектісі кім?
8 Ф.Новиков коммерциялық банкке депозитке салымын салады. Бұл банк банкротқа ұшырайды. Салымын ақшаны және күткен пайызды алған жоқ. Ф.Новиков борышты қайтару туралы талабымен сотқа жүгінді. Новиков пен банк арасында қандай азаматық құқықтық қатынас туындады? Осы құқықтық қатынастың объектісі мен субъектісі кім?
9 Е.Сизова бақша учаскесі бойынша көршісі Завяловті 10жасар ұлының көзінше қылмыскер деп қорлады. Завялов шынында да абайсызда қылмыс жасағаны үшін бірнеше жылға соталған еді. Бұл фактіні отбасы мүшелері баладан жасырғандықтан Завялов Е.Сизованың жасаған қылығы үшін ашуланды.
Сіздің пікіріңізше, бұл жағдайда азаматтық құқықтық қатынас пайда болды ма? Егер болса, онда оның элементі ретінде не болады?
4 – тақырып Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау
1 Қазіргі кезде цивилистердің көбі «субъективті азаматтық құқықты жүзеге асыру» түсінігін өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін оның мазмұнын жүзеге асыру ретінде айқындайды. Бірақ Е.А. Сухановтің редакциясымен (1993ж) шықан оқулықта жоғарыда аталған түсініктерге қоса, өзінің пікірін ұсынды: «Субъективті азаматтық құқық жүзеге асыру бұл процесс, оның нәтижесінде, өкілетті субъекті өзінің заңи мүмкіншіліктері негізінде өзінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады» деген.
Сіздің пікіріңізше, бұл ұғымдар тең бе? Келіспесеңіз екі ұғымдардың қайсысы нақтылау және оның басымдылығы неде? Өз пікіріңізді білдіріңіз?
2 Азаматық құқықты жүзеге асыру туралы айтқан кезде, цивилистер жиі осы қағидаларды қолданады:
- азаматтық құқықты жүзеге асырудың кепілі мен қағидалары;
- құқықты теріс пайдалану;
- азаматтық құқыты жүзеге асырудың тәсілдері мен шегі;
- азаматтық құқықтың субъектілерінің коллизиялары;
- субъектіге тиісті құқықтардан бас тарту.
Кейде олар, субъектілердің азаматтық құқықты жүзеге асырудың шындығы тәуелді болатын факторлар туралы мәселелерді қарастырады. Жоғарыда көрсетілген түсініктер мен факторлар барлығы көрсетілген бе? Осы тақырыпты оқу үшін факторлардың қайсысы аса қажетті? Оларға келесі ұғымдарды қосуға бола ма: азаматтық құқықты жүзеге асырудың заңдылығы, кәсіби әдебінің тәртібі, қоғамның моральдық қағидалары?
3 Қорғалуға құқық мазмұны әдетте 3 позициядан қаралады:
- өкілетті субъект қолдана алатын құқық қорғау шаралары;
- өкілетті тұлғаның өзі құқық бұзушыға тікелей өзі әсер етуі;
- егер өкілетті тұлғаның әрекеті тиісті нәтижеге әкелмесе, онда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігі.
Бұнда қорғалуға құқықтың заңды ұғымы орын алмайды. Сіздің ойыңызша, «субъективті азаматтық құқықты қорғау құқығы» ұғымын қалай айқындау тиіс? «Азаматтық құқықтың қорғау нысаны» ұғымын қалай түсіну керек? Сіздің ойыңызша, бұл нысандар қандай?
4 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабын басшылыққа ала отырып, «Азаматтық құқықтың қорғау тәсілдері» атты кесте құрыңыз, ол үш сызықтан болуы тиіс:
- тәсілдің атауы;
- оның мәні;
- тәжірибеден мысал.
Сіз атаған тәсілдердің қайсысы юридикциялы болады?
5 Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ерекшеліктерні сипаттаңыз.
5 Тақырып Азаматтық құқық объектілері
1 Азаматтық құқық қатынастар объектілеріне әр түрлі түсініктер беріледі және олар мыналар:
-азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларының әрекетерінің бағыталатын объектілері;
- азаматтық құқық қатынастар субъектілері өз ішінде құқықтық қатынастарға қатысудың себебебі болатын материалдық және рухани игілік;
- объекті бұл азаматық құқы қатыгнастың пайда болуына себепші болатын құндылық.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардың қайсысы сіздің пікіріңізше, нақтылау және неліктен? Азаматтық құқықтық қатынастың объектісі, оның элементі бол ала ма? Мәні бойынша мына екі ұғым ұқсас па: «азаматық құқықтық қатынастың объектісі» және «азаматтық құқық қатынастың пәні». Азаматтық құқық қатынас объектілері азаматтық құқық қатынас түрлері арасында байланыс бар ма? Егер болса, онда ол қандай байланыс? Мысал келтіріңіз.
2 Азаматтық құқық қатынастар объектілерінің әр түрлілік қатынастарда топтастырылады.
Азаматтық құқық қатынастар объектілерін қандай түрлерге бөлуге болады? Азаматық құқық объектілерінің барлық түрлерін оқыңдар. Объектілердің әртүрлі аталуының негізі неде?
3 «Жылжымайтын мүлік» - Қазақстандық азаматтық құқықтың жаңа салыстырмалы ұғымы. Жермен байланысты болатын нәрсені, әдетте жылжымайтын мүлік деп түсіндіреді: ғимарат, жер учаскелері мен құрылыстар. Бірақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жылжымайтын мүлікке жермен байланысы жоқ объектілерді де жатқызады.
«Жылжымайтын мүлік» құқықтық терминнің кең түсінілуі дәлелді ме? Жылжымпйтын мүліктің құқықтық режимі және жылжитын заттың режимі арасында негізгі айырмашылық неде?
4 «Кәсіпорын» азаматтық құқықта субъектісі (сіздер, бұл жағдайда «кәсіпорын» туралы «Заңды тұлға» тақырыбын оқыған кезде қарастырасыздар) ретінде де және объектісі ретінде де қолданылады. Кәсіпорынның азаматтық құқықтық объектісі ретіндегі сіздің қандай көзқарасыңыз бар? Мәмілені жасау кезінде бұл жағдай орын алады ма, егер объект ретінде бүкіл кәсіпорын емес, тек оның бір үлкен цехы болса қандай жағдай туындайды?
5 Бөлінетін және бөлінбейтін заттарды бөлу мәселесі бір уақытта екі немесе одан да көп тұлғаларға тиісті заттарды бөлу жағдайы кезін маңызды болады.
Бөлінбейтін мүлікке ортақ мүлік құқығы негізінде бір уақыта екі субъект құқылы болса, онда не істеу керек? Шаруа қожалығын бөлу қандай тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сілтеме беріңіз.
6 Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол «интеллектуалдық меншік» деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген.
Азаматтық құқықтағы интеллектуалдық меншікке жататын объектілерді атап шығыңыз. Интелектуалдық меншікті реттейтін нормативтік актілерді атаңыз.
7 Азаматық құқық объектілеріне ақпарат не оның әр түрлілігіне: қызметтік және коммерциялық құпиялар жатады.
Сіздің пікіріңізше, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды және олардың белгілерін қалай айқындауға болады? Мысал келтіріңіз?
8 Атақты Астаналық клоун Н., Алматы қаласындағы цирктің артисі А-ның өз қойылымдарында Н-ның бағдарламасына кіретін цирктік номерлерін қолданып, олармен ТМД бойынша гастролде жүріп, үлкен жетістіктерге жеткенін біледі.
Сіздің ойыңызша, аталған жағдайға қатысты Н-ның А-ға талап қоюы орынды бола ма? Егер азаматтық құқық қатынас пайда болса, оның объектісі не болып табылады? Осы объект азаматтық құқықпен қорғалады ма?
9 Төменде көрсетілген интелектуалдық меншік объектісін қызметтің нәтижесіне қарай бөліңіз:
- әдеби-көркем шығармасы;
- ғылыми еңбектер;
- артистердің атқаратын қызметі;
- фонограмма;
- радиолық бағдарламалар
- ЭЕМ бағдарламасы;
- тауар белгісі;
- қызмет көрсету белгісі;
- математика бойынша тапсырма ;
- ойлап табу;
- ғылыми ашулар;
- коммерциялық атау және белгі.
6 – тақырып Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
1 «Азаматтар» және «жеке тұлғалар» ұғымдарының ара – қатынасы қандай? Азаматтық құқық қабілеттілігі, оның басталуы мен аяқталуының ұғымдары және мазмұнын қалай анықтауға болады. Шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғаның құқық қабілеттілігінің ерекшелігі неге байланысты болады? Азаматтық құқық қабілеттілікті шектеуге заңмен жол беріле ме?
2 Азаматтық әрекет қабілеттілігі қалай түсініледі? Ол толық көлемде қашан пайда болады. Сіздің ойыңызша әрекет қабілетін кім жоғарлатып және төмендете алады? Қандай жағдайларда?
3 17 жасар Серік пен Алия Ахметовтар неке қиғаннан кейін заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысу шешім қабылдады. Бастапқы капиталды ата – аналары ұсынды, бірақ олар Серік пен Алияны кәсіпкерлер ретінде тіркеуіне күмәнді болды.
Ата-анасының күмәні орынды ма? Ерлі – зайыпты Ахметовтардың мемлекеттік тіркелуіне мемлекеттік құзіретті органдарының тарапынан бас тартады. Қай кезден бастап олар заңды тұлғаны құрамай-ақ мемлекеттен тірекуден өтіп қызмет бастай алады?
Ерлі-зайыпты Ахметовтардың қызметі сәтсіз болған жағдайда, олар банкротты деп айтуға бола ма? Кім Ахметовтарды банкротты деп атай алады. Қандай ретпен өз кредиторларына үлесті төлейді. Ахметовтарға қандай жағдайда олардың борыштары бойынша өндіріп беру жағдайлары туындайды.
4 15 жасар Алешаның анасы үш жыл бойы психиатриялық ауруханада емделді. Бала кезекпен кезек екі әжесінде және ара – тұра зауытта жұмыс істейтін әкесімен тұрады. Алешаның тұрғылықты жері қай жер?
5 10 сыныптың оқушысы 16 жасар Бауыржан ескі заттар сататын дүкенге видеокамераны тапсырды, одан түскен ақшаға өзіне велосипед алмақшы болады. Бауыржаннын әкесі баласымен бірге видеокамераны қайтарып беруді талап етеді, оның себебі ретінде сатушыға 16 жасар баладан видемагнитафонды алуға тиісті емес екендігін түсіндіреді. Қандай жағдайда да Бауыржан магнитафонды алып тапсыруға, ал сатушы оны қабылдауға құқылы еді?
6 А .Серпушов спирттік ішімдіктерді пайдалану нәтижесінде, отбасы мүшелерін ауыр материалды жағдайға ұшыратты. Әйелінің өтініші бойынша Серпушовтің әрекетке қабілеттілігі шектелді. Оның қамқоршысы ретінде әйелі тағайындалды. Қандай негіз бойынша немесе қандай орган Серпушевтің әрект қабілеттігін шектеуге құқылы болды? Серпушев енді қандай мәмілелерді жасай алады? Өзінің еңбек ақысына билік етуге құқылы ма? Серпушевтің жасаған мәмілелері үшін кім мүліктілік жаупкершілікте болды? Егер Сарпушев спирт ішімдіктерді ішпейтін болса, онда оның әрекет қабілеттілігін қандай орган қалпына келтіреді?
7 Фермер Ф.Куницин өз үйінің шатырынан құлап омырқасын ауырттып алады. Жеке өзі қозғалуға мүмкіндігі болмай, ол өзінің камқоршысы К.Найловпен сенімгерлікпен басқару шартын жасасады.
Сіздің ойыңызша қандай органмен қамқорлық тағайындалды? Бұл жай қамқорлық немесе ерекше нысандағы қамқоршылық болып табыла ма? Куницинге тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауға кім рұқсат беруі керек?
8 Қайров 10 қаңтарда тауға аң аулауға шығады да, одан үйге оралмайды. Сол күні тауда қардың опырылып құлауы болды. Іздеу кезінде Қайровтың етігі мен бас киімі табылды. Біраз уақыт өткеннен соң Қайровтың әйелі күйеуім қайтыс болды деп жариялау мақсатында сотқа жүгінеді. Қанша уақыт өткен соң мұны мойындауға болады. Қай күн Қайровтың қайтыс болған күні деп белгіленуі тиіс.
7 – тақырып Заңды тұлға азаматтық құқық субъектісі ретінде
1 Заңды тұлға институтының дамуында заңды тұлға туралы бірнеше теориялар орын алды. Оған мысал ретінде, «Перонифицировалық мақсат теориясы» (А.Ф. Бринц), «Ұжымдық теория» (С.Н. Братусь), «Мемлекет теориясы» (С.Л. Аскиназий), «Директор теориясы» (Ю.К. Толстой) келтіруге болады.
Сізге жоғарыда көрсетілген теориялардың қайсысы дұрсырақ? Өзіңіздің көзқарасыңызды таладап, көрсетіңіз?
2 Заңды тұлға – азаматтық айналымның негізгі субъектісі, сондай-ақ оның анықтамасын түсіну студенттер үшін қиын. Заңды тұлғаның әр түрлі ұйымдастырушылық – құқықтық нысан арасындағы айырмашылықты түсіну қиынға соғады.
Заңды тұлғаның негізгі белгілерін көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген заңды тұлғаның ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарын белгілеп, әр нысанның келесі белгілерін сипаттап беріңдер:
-
құрылудың мақсаты;
-
құрылтайшы;
-
құрылу тәсілі;
-
мүліктің пайда болуы;
-
жаңа қатысушылардың қатысу тәртібі;
-
борыш бойынша жауапкершілік;
3 1996жылдың 18 қаңтарында Н мұнай компаниясы «Чайка» банкінің акционерлік қоғам нысанында құрылтайшысы болады. Банк мемлекеттік тіркеуден өтіп, ол тек заңды тұлғалармен ғана жұмыс істедйді. 1998жылдың 19 қаңтарында «Чайка» банкі Қазақстанның Орталық банкіне оған жеке тұлғалардан теңге және шетел валютасымен депозит салымдарын қабылдауға құқық беретін лицензияны беруге өтініш береді.
Банктің заңды тұлға ретінде құқық қабілеттілігі қай сәттен бастап пайда болды және қашан тоқтатылуы мүмкін? Банктің жеке тұлғалардан депозит салымдарын қабылдауға құқық қашан пайда болды және тоқтатылуы қашан? Қандай жағдайларда және қай тәптіпте банктің құқығы шектеледі?
4 Заңды тұлғаны құру процедурасы мемлекеттік органдарда міндетті тіркелуін қажет ететіні белгілі. Бірақ кейбір заңды тұлғалар, оған қоса лицензия алуға міндетті болып табылады. Лицензиялауы тиіс қызмет түрлерінің саны бірте – бірте көбеюде.
Сіздің пікіріңізше, төменде келтірілген қандай қызмет түрі лицензиялауы тиіс?
-
су көліктермен тасымалданатын жүк;
-
су астындағы жұмыстар;
-
тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу;
-
ветериналық қызмет;
-
кино фильмдерді жаппай көрсету қызмет;
-
риэлотрлық қызмет;
-
шығармашылық қызмет;
-
лизинг;
-
бланктер мен баспасөзді дайындау бойынша қызмет;
-
радиохабарлар.
5 Лизензияның бағасын белгілеудің тәртібі бар ма? Сіздің ойыңызша, заңды тұлға қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын болса, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?
6 90жылдың басында несие мекемелерімен жасалған сәтсіз ақшалай операциялардың нәтижесінде Қазақстан халқы қаржылық жағдайға ұшырап қалады. Ақшаны процентке берудің мақсаты, бұл оны инфляция нәтижесінен сақтап қалу болады. Бірақ ақша салымдары қайтарылған жоқ. Мемлекет несие ұйымдарының қызметін заңдастырғанымен, халыққа олардың шығындарын қайтармады.
Сіздің ойыңызша жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты заңды тұлғаны рәсімдеудің кепілдігі жүзеге асырыла ма? Сіздің пікіріңізше әділетсіздік жағдайы орын алды ма?
7 Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары мыналар: шарттар, жарғы, ережелер. ҚРАК 41,58, 87, 97 баптарын оқып, мынаны құрастырыңдар:
Шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив және акционерлік қоғамның құрылтай шартарының схемасы;
Шаруашылық серіктестік, өндірістік кооеператив және акционерлік қоғам жарғысының схемасы
Жарғы және құрылтай шартның мазмұны арасында айырмашылықтар қандай
8 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құқықтың мына субъектілері туралы айтылған жоқ, бұл банктер, биржалар, холдиттер, комерциялық емес серіктес. Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржылық – өнеркәсіптік топтар, қазына кәсіпорындар және қайырымдылық ұйымдар туралы аз айтылған.
Сіздің ойыңызша, неге? Жоғарыда аталған субъектілердің қызметі қандай номативті актілермен реттелуі тиіс? Сіздің ойыңызша банк, бұл кәсіпорын ба, әлде мекеме ме? «Банк» және «несие мекемесі» ұғымдарын қалай түсінесіз?
9 Әр мемлекеттерде қор биржалар саны әр түрлі. Франция және Швецияда бір қор биржасы бар, ал АҚШ, Германияда бір ірі және бірнеше ұсақ биржалар бар. Шет елдерде бұндай биржаларды құрылтайшысы мемлекет немесе жеке кәсіпорын бола алады. Ресейдегі қор биржалры 1996жылдың 12 қаңтардан «Коммерциялық емес серіктес ұйымдар туралы» заңына сәйкес коммерциялық емес серіктес нысанында құрылды. Ал Қазақстанның заңнамасында бұл мәселе қалай шешіледі?
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы қор биржалардың ұйымдастырушысы кім? Оларды ұйысдастырушыларына ерекше талаптар қойыла ма? Коммерциялық емес серіктестікті қалай түсінуге болады.
10 Телевизор шығаратын Алматылық зауыт «Алтын» деген коммерциялық банктің құрылтайшысы болады. Екі жыл өткен соң «Алтын» Ақтау қаласында және Семей қаласында филиялдарын ашады. Банк өкілдігі және оның филиялы қандай қызмет атқаруы тиіс. Банк өкілдігі және филиялы қандай құжаттар негізінде қызмет атқара алады? «Алтын» банктің өкілі және филиалы заңды тұлға бола ала ма?
Достарыңызбен бөлісу: |