Өзiндiк жұмыс-кәсiби бiлiктiлiк көзi
Өзiндiк жұмыс дегенiмiз – мұғалiмнiң тапсырмасы оның әдiстемелiк жетекшiлiгiмен, бiрақ қатысынсыз орындалатын оқушылардың жоспарлы жұмыстары. Өзiндiк жұмыс тек жеке- леген пәндi меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсiби iскерлiк, өзiндегi жауапкершiлiктi сезiне бiлу, дербес жұмыс iс- теуге үйрену. Сондықтан да өзiндiк жұмыс бiлiктi маман дайын- даудың негiзгi бiр тиiмдi жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзiндiк жұмыс бiлiмдi терең- детуге, толықтыруға, дағды мен iскерлiктi қалыптастыруға, та- нымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үдерiсiнiң әдiс-тә- сiлдерiн игеруге, танымдық қабiлетiнiң дамуына, адамның дербес жұмыс iстеу мәдениетiн көтеруге, шығармашылықпен жұмыс iс- теуге және ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкiндiк жасайды.
Өзiндiк жұмыстың тәрбиелiк жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерiнiң (мақсат қоюшылық, iзденушiлiк, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етедi.
Өзiндiк жұмысты берерде мұғалiм оқушының бастапқы бiлiмi мен iскерлiк деңгейiне, материалдың түсiнiктiлiгiне, бiрiздiлiгiне, пәннiң мазмұнын қамтитындай дәрежеде берiлуiне үлкен мән бередi. Оны орындау барысында мынадай саналылық, бiрiздiлiк, жүйелiлiк ұстанымдары қамтамасыз етiлуi тиiс:
бiлiмнiң күрделiлiгi дамудың жақын аймағына (Л. Выгодский) сәйкестiгi;
пәннiң логикалық жүйесi мен игеру деңгейiне қарай тапсырманың бiрiздi берiлуi;
тапсырманың көлемi оқушының оқу мүмкiндiгiне сай болуы;
әрекет деңгейiне бейiмделiп берiлуi, т.б.
Жоғары оқу орындарында студенттердiң өздiгiнен бiлiм алу мәселесiн С. Архангельский, М. Герунов, С. Зиновьев, П. Пидка- систый, И. Лернер, В. Беспалько, т.б. ғалымдар қарастырды. Ға- лымдардың зерттеулерiнде студенттердiң өзiндiк жұмысы келе- шек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, кәсiби қарым-қатынас қажеттiлiгiн туғызатын оқыту әдiсi, та- ным үдерiсi, студенттiң өз бетiнше жасайтын iс-әрекетi, дербес әрекеттiң сипаты және оқушы қабiлетiнiң көрiну формасы, оқу үдерiсiнiң негiзi, студенттi өз бетiмен бiлiм алуға дайындаудың жолы ретiнде сипатталады.
Жоғары мектептегi өзiндiк жұмыс – оқу үдерiсiнiң бiр бөлiгi, оқытудың әдiсi, оқу-танымдық әрекеттiң тәсiлi, сипаты, бiрiздiлiгi, типi, тексеру формасы жоспарланған кешендi, мақсатты оқу әрекетi.
Достарыңызбен бөлісу: |