О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Жергiлiктi жердегi сарамандық жұмыстар



бет21/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
географияны оқыту әдісі

Жергiлiктi жердегi сарамандық жұмыстар


Географияны оқытуда тәжiрибенiң рөлi үлкен. Көп жағдайда бұл тәжiрибелер физикалық күй мен биологиялық бағытта жаса- лынады. Табиғатта болатын үдерістер мен оқиғаларды зерттеуде география пәнiндегi тәжiрибелердiң маңызы зор.
Мектеп географиясында кең тараған тәжiрибелер:

  1. Судың жылдамдығын өлшеу.

  2. Судың шаю уақыты мен үдерісін анықтау.

  3. Сарқырамалардың пайда болуын бiлу.

  4. Ауа құрамын анықтау.

  5. Ауа ылғалдылығын бiлу, т.б.

Бұл тәжiрибелер жалпы физикалық география пәнiне қатысты. География курсы бойынша әртүрлi сарамандық жұмыстар өткi- зiледi. Оқушыларда сарамандық жұмыстарды орындауда бiлiм мен iскерлiк пайда болады және қалыптасады. Топографиялық сарамандық жұмыстарға тұсбағар, поляр жұлдызы, жергiлiктi жердiң объектiлерi арқылы бағыттарды анықтау, арақашықтық- ты көз мөлшер және рулетканың көмегiмен өлшеу, төбелердiң абсолюттiк биiктiгiн өлшеу, жергiлiктi жердiң планын сызу,
жергiлiктi жердiң географиялық ендiгi мен бойлығын өлшеу, т.б. жатады.


    1. Карта және басқа да картографиялық шығармалармен жұмыс iстеу әдiстерi


Әрбiр географиялық карта картографиялық тордан, белгiлi масштабпен сызылған құрлық пен судың кескiнiнен тұрады. Оқушылар географиялық картамен жұмыс iстегенде мыналарды бiлуi керек: 1) бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатура және нақты картографиялық түсiнiктер; 2) картада бейнелен- ген объектiлер мен құбылыстарды түсiне бiлу; 3) географиялық объектiлердi картадан көрсете бiлу.
Картаны оқи бiлу 2-кезеңнен тұрады:

  1. Шартты белгiлерi мен таңбаларды ажырата бiлiп, сол арқы- лы объектiлер мен құбылыстарды оқу.

  2. Карта арқылы түспеген жерлердi анықтай алу. Мысалы, физикалық картада Қызылқұм шөлiнiң географиялық орнын анықтаса, кейiннен тақырыптық карталар арқылы ландшафт элементтерiне сипаттама бередi.

ХIХ ғасырдың II жартысында орыс әдiскер-педагогы А. Брыз- галов: «Оқушы картаға қарап бәрiн бiлуi үшiн географиялық шартты белгiлер, музыкалық ноталарға ұқсап анық болуы тиiс»,

  • деген екен. Географиялық картаны оқу географиялық ендiк пен бойлық, градустық тор, масштаб, кейiн территориялар мен географиялық объектiлерге сипаттама беруден басталады. Жал- пы, географиялық карталарға қарағанда арнайы карталарды оқу қиын. Сондықтан оқушы, алдымен, жалпы картамен, кейiн арнайы карталармен танысады. Мысалы, Қазақстан мемлекетi жайында алғаш географиялық орны туралы картадан өтсе, кейiн тақырыптық карталар арқылы пайдалы қазбалары, климаты, iшкi сулары, жер бедерiне тоқталады. Экономикалық картасы арқылы шаруашылығы мен халқына, саяси-әкiмшiлiк бөлiнулерiне, т.б. сипаттама бередi.

Оқулықта және атластарда арнайы карталар сызылады. Мұға- лiм сабақ кезiнде осы карталар бойынша сабақты түсiндiруге тырысады. Арнайы карталардың шартты белгiлерi өте көп, оқушылар олардың барлығын естерiнде қалдыра алмайды. Олар
шартты белгiлердi ажыратуы үшiн өзiндiк жұмыстар берiледі. Мұғалiм карта арқылы сұрақтар бере отырып, бiлiмдi бекiтедi.
Мектеп географиясында карталар түрлi-түстi фонмен берiледi. Әрбiр территория түрлi фонмен боялады. Фон әдiсi арнайы карта- лар мен атластарда, мысалы, топырақ түрлерi, өсiмдiктер, саяси- әкiмшiлiк бөлiнулер, табиғат зоналары, т.б. бейнелеулерде жиi қолданылады.
Арнайы карталарда сызықтық әдiстермен жолдар, шекара, өзен торлары бейнеленсе, қозғалысты бейнелеу әдiстерi арқылы желдiң, ағыстың бағыттары, соғыстың бағыты және экспорт, импорт өнiмдерiнiң бағыты, т.б. кескiнделедi. Ал геометриялық белгiлер арқылы пайдалы қазбалар, өнеркәсiп салалары, халық саны, қала пунсондары, т.б. берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет