О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы»



бет28/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
географияны оқыту әдісі

«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы»


пәнінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
9-сыныптағы «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық гео- графиясы» пәнiнен «Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы» тарауын iрi блокпен оқыту тиімді. Тарау бойынша сабақтың жос- парын төмендегiдей құрдық.





Өтiлетiн сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары.

1

2

Оңтүстiк жырлары – география сабағында (саяхат)

1

3

Шаруашылық географиясы

1

4

Оңтүстiк Қазақстанның қалалары

1

5

Қорытынды-қайталау сабағы

1

Тарау бойынша өтiлетін дәстүрлi сабақтардың бiрi – «Оң- түстiк жырлары-география сабағында» атты саяхат сабағы.
«Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағ- дайлары мен табиғат байлықтары» тақырыбында өткiзiлген жаңа бiлiмдi меңгерту сабағында туған өлке табиғатына, атамекенiне деген ыстық ықыласынан шыққан жырлар арқау етiлдi.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстiк Қазақстан эконо- микалық ауданының табиғаты мен байлықтары, оның қазiргi таң- дағы дамуы туралы бiлiм беру. Табиғатты, атамекендi қорғауға, аялауға тәрбиелеу, карта, бұқаралық ақпарат материалдарымен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру. Өлең-жырлар арқылы са- бақты өрнектеп отырдық.
Мақсатымыз: оқушыларды өлең-жырларды жатқа айтуға дағ- дыландыру және өлеңдер арқылы атамекенге сүйiспеншiлiгiн қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңiнен кейiн үй тапсырмасын сұрау мақса- тында Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы бойынша тө- мендегiдей сұрақтар қойылды:

  1. Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданына қарасты об- лыстарды атап, картадан көрсетiңiздер.

  2. Табиғат жағдайларында қазiргi таңда қандай өзгерiстер бо- луда?

  3. Табиғат байлықтарының өндiрiлуi мен өңделуi қандай дәрежеде?

  4. Өнеркәсiбiнiң басты салаларын атаңыздар.

  5. Ауылшаруашылығының басты салалары қандай?

  6. Халқының қоныстануы мен қазiргi құрамы туралы не ай- туға болады?

  7. Ауданның сыртқы экономикалық байланысы қандай жағ- дайда?

  8. Қазiргi таңда қандай экологиялық мәселелер туындауда?

  9. Iрi кәсiпорындарымыздың шетелдiк алпауыттардың қолы- на берiлуi дұрыс па?

  10. Солтүстiк Қазақстан ауданының климатының өзгеру себе- бi неде?

Сұрақтарға жауаптар алынып, оқушылар бiлiмдерi саралан-
ды.
Жаңа сабақ мынадай мақсаттар қоюдан басталды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет