Iскерлiк ойындар
Географиялық ойындар еркiн шығармашылық iс-әрекет ретiнде оқушының ойын, қиялын дамытатын, сөздiк қорын мо- лайтып өз бетiмен iзденуге, еңбектенуге дағдыландырады. Со- нымен қатар оқушылардың сабаққа қызығуын, белсендiлiгiн арт- тыратын, ойлау қабiлетiн дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейдi және тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойын үстiнде оқушы iскерлiк пен түрлi дағдыны меңгерiп, бекiтуге, қорытынды жасауға үйренедi. Кез келген сабақты даярлағанда және өткiзгендiгi сияқты iскерлiк ойындардың мақсат-мiндеттерiн анықтап алу керек. Осы үш бiрлiк мақсат оның iске асыру жолда- рына бағыт-бағдар бередi.
Бiлiмдiлiк
|
Дамытушылық
|
Тәрбиелiк
|
Негiзгi ұғымдар мен заңдылықтарды меңгеру
|
Әлеуметтiк-экономика- лық жүйенiң элементтерi мен олардың арасындағы байланысты дамытуға бағыт-бағдар беру
|
Кәсiптiк көзқарасты қалыптастыру
|
Статистикалық зерт- теулер жасау, әртүрлi ақпараттар ағынымен жұмыс iстеуге дағды- ландыру
|
Қазiргi экономикалық ойлау қабiлеттерiн дамытуға ықпал жасау
|
Шешiм қабылдауда кәсiби көзқарасты қалыптастыруға қоғамдық бағыт- бағдар беру
|
Дәлелдi де, дәйектi шешiмдер қабылдауға үйрену
|
Iскерлiк қабiлеттерiн дамыту
|
Табиғи ресурстардың барлық түрлерiн үнемдеу керектiгiн дәлелдеу. Мәселелер- дi шешуде бар-
лық ойынға қатысушылардың мүд-
делерiн есепке алу
|
Iскерлiк ойындарды өткiзудiң әдiс-тәсiлдерiнiң үлгi жоспары:
ойынның аты;
қысқаша сипаттамасы;
жаңа ұғымдар (ойын барысында қалыптасатын нақты ұғым- дар);
ойынның мақсаты мен мiндеттерi (ойының алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерi);
алдын ала берiлетiн тапсырмалар (ол барлық ойында кезде- се бермейдi);
рөлдерге бөлу (кейбiр ойындарда рөлдерге бөлiнбейдi, ойын барысында өзi қалыптасады, оны мұғалiм алдын ала бiледi және керек кезiнде ойынға өзi араласып кетедi);
ойын жағдайына кiру (ереже бойынша тарау тезис түрiнде баяндалады;
ал мұғалiмнiң рөлi ойынды әрi қарай дамытуға ықпал жа- сау);
ойынның кезеңдерi (ойындағы iс-әрекеттер кезеңдермен сипатталады, ол тәжiрибеде ойынға сәйкес келедi);
ойынның қорытындысы (ойынның әрбiр кезеңiнде жеткен жетiстiктер, сонымен қатар жеңiмпаздарды марапаттау);
ойынның нәтижесiн талдау (эвристикалық әңгiме түрiнде өтедi). Мұнда оқушыларға қойылатын сұрақтар мен олардың жа- уаптары анықталады және осы өткен материалдарды қайталауға арналады);
үй тапсырмасы (сауалнама түрiнде жүргiзуге де болады, бұл әр оқушының алған бiлiмдерiн тексеруге мүмкiндiк бередi. Кейде ойын басталмай тұрып анкета беруге болады. Ол оқушылардың ойынға араласуына қолайлы жағдай туғызады).
Көбiнде 6-7-8 сыныптарда тәжiрибеде пайдаланып жүрген ой- ындар оқушылардың ой-өрiсiн дамыту мақсатында өткiзiледi де, 9-10 сыныптарда оқушылар iзденiсiн, логикалық ойлау қабiлет- терiн дамытуға арналады. Бiрақ оқытудың барлық түрлерiн ойын түрiнде өткiзу мүмкiн емес.
Оқу үдерісiнде, әсiресе оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескерсек, жоғары сыныптарда жаңа ұғымдарды қалыптастыру, қоғамдағы басқа да өзгерiстер мен iс-әрекеттердi талдауда iскер- лiк ойындардың рөлi зор.
Достарыңызбен бөлісу: |