О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті



бет40/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
географияны оқыту әдісі

Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті


Сыныптан тыс жұмыстар төмендегiдей мiндеттер негiзiнде құрылады:

  1. оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн дамытып оқу iс- әрекетiнде белсендiлiктерiн арттыруға, бағдарлама бойынша берiлген материалдарды тез меңгеруiне көмектеседi;

  2. сыныптан тыс жұмыстар өткiзу және оған дайындық ба- рысы оқушылардың бақылау жүргiзуiне, қарапайым тәжiрибелер қоя бiлуiне, белгiленген әдебиеттердi оқуына мүмкiндiк бередi.

  3. сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың iскерлiгiн артты- ру бағытында жүргiзiлетiн педагогикалық бiлiм, тәрбие беруде басты орын алатын жұмыстардың басты салаларының бiрi.

Сыныптан тыс жұмыстардың түрi көп, бiрақ олардың әрқай- сысының өзiндiк ерекшелiктерi бола тұрса да бiрдей орындалуға тиiстi мынадай ортақ ұстанымдары бар деп есептеймiз:

  1. сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар түрлерiне оқушы- ларды қатыстыру тек қана ерiктi түрде iске асырылады;

  2. қандай жұмыстың түрi болса да оның қоғамдық және қол- данбалы бағыты болуы керек;

  3. сыныптан тыс және мектептен тыс жүргiзiлетiн жұмыс түрiн белгiлегенде әр оқушының ықыласына, ұсынысына, құш- тарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн;

  4. ұйымдастырылған жұмыс түрi оқушылардың белсене қаты- суына, iзденушiлiктерiне бағыттайтындай болу керек;

  5. балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың әртүрiнде романтика (елiктiргiштiк) басым болғаны дұрыс;

  6. нәтижелi болу үшiн бұл жұмыстардың нақты белгiленген күнi, мерзiмi немесе айқын жасалған графигi болуы керек;

  7. сыныптан тыс жұмыстардың кешендi түрде iске асырылу талабы үнемi сақталып отыруы қажет;

  8. сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жолын қарастыру керек;

  9. сыныптан тыс жұмыстарға тартылатын және тартылған оқушылармен жұмыс жүргiзгенде олардың жас ерекшелiктерiн, қабiлетiн ескеру қажет.

География пәндерiнен жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстар- дың рөлiнiң артуына төмендегiдей жағдайлар әсер етедi:

  1. сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, бiлiм беру және тәрбие жұмысының әдiстемелiк дамуына әсерiн тигiзедi;

  2. мектеп бағдарламасында оқу материалдарын сыныптан тыс жұмыстармен байланыстыру барысында оқушылардың бiлiмiн жан-жақты арттыруға мүмкiндiк бередi.

Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулi болуына
байланысты күнделiктi өмiрде болып жатқан ғылыми-техникалық өзгерiстердi кеңiнен қамти алмайды. Сондықтан тек қана iскерлiк пен ұйымдастырылған сыныптан тыс кешендi жұмыстарда жаңа материалдағы өзгерiстердi кең түрде қолдануға болады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет