Сабақтың барысы: Қазақстанның қазбаларының дүниежү- зінде алатын орны жайлы баяндау. Қазақстанның жер қыртысында 90-нан астам қазба байлық кездеседі. Республика аумағында пай- далы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған.
Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазба кен орны ашылған. Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. Осы үш топқа қандай пайдалы қазбалар мен кен орындары жата- тынын олардың ерекшеліктерін атап өту қажет. Аталған пайдалы қазбаларды картадан кен орындарын көрсетіп отырамыз.
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут).
Сәлемдесу, жоқтарды белгілеу, назарын аудару. Сабақ жоспарын хабарлау.
Үй жұмысын тексеру және әрекетін негіздеу.
Проблемалық сұрақ. 1. Біз Қазақстанның пайдалы қазбала- рын тиімді пайдаланып жатырмыз ба?
Біз Қазақстанның пайдалы қазбаларының әр түрін әр қалай пайдаланудамыз. Біздің жерімізде Менделеевтің кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Соның барлығын біз өндіріп жат- қанымыз жоқ. Тек өзімізде бар технологияға сәйкес пайдалы қазбаларды ғана өндіреміз.
Оның өзін өндіргенде тек негізгі өнімін ғана алып, қалғанын тастаймыз. Соның нәтижесінде елдің кен өндіретін жерлерінде қалдықтар жиналып, табиғатқа өз әсерін тигізуде. Сөз соңында
айтарым қазіргі таңда пайдалы қазбаларды өз дәрежесінде пай- даланып жатқанымыз шамалы. Келешекте үнемді пайдаланамыз деген үміттеміз.
Мына пайдалы қазбалардың қай жерде шығатынын анықтау үшін «Адастыру» ойынын қолданамыз.
1
|
Мұнай-газ
|
Саяқ, Жезқазған, Қоңырат
|
2.
|
Көмір
|
Қаратау, Жаңатас, Ақтөбе
|
3.
|
Темір
|
Өзен, Теңіз, Құмкөл
|
4.
|
Марганец
|
Жетіқара, Арқарлы, Ақсу
|
5.
|
Мыс
|
Соколов-Сарыбай, Қашар
|
6.
|
Алтын
|
Атасу, Жезді
|
7.
|
Фосфорит
|
Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі
|
8.
|
Полиметалл
|
Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай
|
Сыныпты екі топқа бөліп «Оңтүстік өңірдің пайдалы қазбаларын өндірудің экологияға әсері» деген тақырыпта пікір- сайыс ұйымдастырып, экологиялық тәрбиесін қалыптастыру.
Әрбір топ өздеріне сәйкес атын, эмблемасын қояды.
І топтың аты «Экология», екіншісі «Таза ауа» болып бөлінеді. І топ, негізінен, өндірістің зиянды жақтарын зардабын, таби- ғатқа әсерін, халық өміріне зиянды жақтарын айтады. Ал ІІ топ кен өндіру кезінде қазіргі таңда табиғатқа зиян келтірмейтін құрылғылардың орналасқанын, қалдықсыз өнім шығаратын зауыттардың бар екенін айтады. Соған орай атқарылып жатқан
іс-шаралар аз еместігін көрсетеді.
Картаны қолдана отырып, әрбір жеке оқушыны шығарып, Қазақстанның пайдалы қазбаларының әр түрін картадан көрсете білу арқылы картамен жұмыс іскерлігін арттыру (дұрыс жауапқа 3 балл).
Оқушыны шығарып картадан Қазақстанның мұнай шыға- ратын аймағын көрсету.
Оқушыны шығарып, көмір өндіретін аймақтарды көрсете отырып, олардың ерекшелігін атап өту.
Оқушыны шығарып, картадан түсті металл өңдейтін аймақ- тарды көрсету.
Оқушы картаны қолдана отырып, Қазақстанның пайда- лы қазбаларының орналасу ерекшеліктерін көрсетеді. Сабақ
соңында оқушылардың сабаққа қатысуы және сұрақтарға жауап беруіне байланысты бағалаймыз. Жалпы, сабақта Қазақстан- ның пайдалы қазбалары туралы жан-жақты қарастырып, нақты заңдылықтарымен түсіндіріп өттік. Сабақ барысында оқушылар- дың сабаққа деген қызығушылығы байқалып тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |