Өзiндiк жұмысты басқарудағы мұғалiмнiң әрекетi:
Өзiндiк жұмыстың нәтижелi болуы оны ұйымдастыра бiлумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысты ұйымдастыру-әдiс- темелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары деп бөлемiз.
Ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралар:
өзiндiк жұмысты жоспарлау, кесте түзу;
оған кететiн уақытты анықтау;
оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз ету;
техникалық құралдар даярлау;
тексеру формасын, мерзiмiн анықтау. Ғылыми-әдiстемелiк iс-шаралар:
оқу материалымен жұмыс iстеудiң жолымен таныстыру;
қажеттi құжаттардың нұсқасын дайындау;
әдiстемелiк басшылық жасау;
нәтижеге талдау жасау, т.б.
Өзiндiк жұмыс оқу үдерiсiмен тығыз байланысты болғандық- тан, оны ең алдымен, екiге бөлiп қарастыру керек:
Дәрiсханалық өзiндiк жұмыстар:
Дәрiсханадан тыс орындалатын өзiндiк жұмыстар. Дәрiсханада орындалатын өзiндiк жұмыстарға дәрiстiк,
тәжiрибелiк және зертханалық сабақтар кiредi.
Дәрiсханадан тыс орындалатын өзiндiк жұмыстарға дәрiс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, ре- ферат жазу, үй тапсырмасын орындау, курс, диплом жұмыстарын жаздыру. Өзiндiк жұмыстың өзi дәрiстi тыңдау және оны жазу, мәтiнмен жұмыс iстеу, тезис, конспект жазу, семинар дайындау, үйiрмеге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты iс- әрекеттерден тұрады.
Географиядан өзiндiк жұмыс. Өзiндiк жұмыс – бұл мұғалiмнiң оқушыларға беретiн тапсырмасы. Өзiндiк жұмыстың негiзгi мiндетi – бұл оқушылардың өздерiнiң жаңа бiлiмдi игеруi. Гео- графия курсында оқушылар өзiндiк жұмыс арқылы жаңа бiлiм жинақтайды, картаны оқиды және мәлiметтерге сараптама бередi. 6-сыныптың физикалық географиясы курсында оқушылар негiзгi географиялық терминдердi үйренедi. Оқушылар өзiндiк жұмыс арқылы терминдiк сөздердi жаттайды. Мысалы, оқулық- тың суретi арқылы көрсетiлген объектiлердiң, үдерістердің ерек-
шелiктерiн түсiнедi.
Оқушылар курс бойынша бiрте-бiрте жеке объектiлерден жос- парлы объектiлерге өтедi. Мысалы, алғашқы кезде Анд тауының географиялық орнын анықтаса, уақыт өте келе, оның табиғаты мен құбылыстарына сипаттама бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |