География сабағындағы ойындар
Педагогика мен әдiстеме орталық буын болып, оқу үдерісiн белсендi түрде нәтижелi етуге ұмтылуда. Ол сабақ барысында тиiмдi әдiс-тәсiлдердi, оқытудың әртүрлi формаларын қолдануға тiкелей байланысты. Сондай тиiмдi формалардың бiрi – ойын- дар. Сабақ үдерiсiнде ойын әдiстерiн қолдану оқушылардың ал- ған бiлiмiн одан әрi толықтыруға, түсiнiктерiн тереңдетуге, ойлау қабiлетiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Жалпы, балаларға бiлiм беру мен оларды тәрбиелеудегi ойын- ның маңызын кезiнде педагогтар Я.А. Коменский, Г.И. Пестало- ций, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және басқалар атап кеткен болатын.
Ойынды өткiзу сабақтардың тақырыптық жоспарлауына ал- дын ала енгiзiлiп, ал мазмұны мәтінге сәйкес ойластырылады. Оқушылар жаңа бiлiмдi меңгерудi, iскерлiктерiн ұштауды ойын барысында жүзеге асырады. Ойын оқушылар белсендiлiгiнiң қа- жеттi деңгейiн қамтамасыз етiп, басқа уақытта меңгере алмайтын үлкен көлемдегi оқу жұмысын орындауға мүмкiндiк бередi. Бас- қа пәндер секiлдi география пәнiнiң сабақтарында да ойын эле- менттерiн жиi қолдануға болады.
География пәніндегі ойындар, басқа пәндердiң ойындары сияқты, дүниенi танып-бiлу жолдарының бiрi болып табылады.
Ойыннан бiлiмге деген құштарлық туады. Әртүрлi ойындар- ды, мысалы, жұмбақтарды шешу үшiн шыдамдылық пен табан- дылық қажет етiледi.
Сондықтан да оқушылар түрлi қызық ойындарға қатыса отырып, ойынның тәртiбiне саналы түрде бағынуға, адалдыққа, шыншылдыққа үйренедi. Тiптi, ойындар тапқырлық пен
байқағыштықты, батылдық пен ынталылықты жетiлдiрiп, қарсы ойнап отырған адамдармен өз мүмкiншiлiктерiн, өз күшiн дұрыс пайдалана бiлуге, жолдастық ынтымаққа, өзара көмекке үйренiп, ұжымшылдық пен ұйымшылдықты қалыптастырады.
Ойын – оқушылардың ой-өрiсiн кеңейтiп, географиялық бi- лiмдерiн тереңдетiп, ойланғыштыққа, тапқырлыққа жаттықты- рады. Географиялық картамен жұмыс iстеуге дағдыландырады. Оқушылар географиялық қызық ойындарды құмартып ойнайды, әсiресе жеңiске ие болған кезде көңiл-күйi көтерiлiп, қуанышқа бөленедi, себебi жарыс үстiнде өзiнiң бiлiм дәрежесi мен ой-өрiсi- нiң шамасын бiлiп отырады. Ал жеңiлiске ұшыраған кезде өзiнiң ненi бiлмейтiнiн аңғарып, бiлiмiн толықтыруға талпынып, iзденуге тырысады. Әсерлi ойындар оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге көмектеседi. Сонымен бiрге ойын жақсы дем алу түрi болып табы- лады. Ойындардың тәрбиелiк және бiлiмдiлiк маңызы бар.
Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәсе- лелердің бірі білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Адамдар ойынның құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидактикада аса маңызды зерттеулер болған жоқ. Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынының білімділік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл- ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланы- сты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамдардың ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сыдырмақтармен қозғалыстар (манипуля- ция) жасаудан бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойындарға дейін ауысады.
Адам ойынын оқу үдерісіне қалай ендіруге болады? Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары.
Ойын оқыту үдерісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге ойынды оқытушылар мен студенттердің, мұғалімдер мен
оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілер- дің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Балалар ойыны да, үлкендер ойы- ны да ерек тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдасты- рылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті
оқытудың ойын формасы (ООФ) деп аталады.
Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін; иммитациялық, символдық және оқу- зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.
Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне «білмеймін», «ойнай алмаймын» дейді.
Бұл жағдай, тіпті, ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.
ООФ қолдануда екі жақты дидактика байқалады, біріншіден, ой- нау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай оты- рып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі. Ойын теориясы мен тәжірибесін отандық және шетелдік пе- дагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», «Д.Б. Элькониннің «Ойын психоло- гиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты ең- бектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары:
А.В. Вербций, Г.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, т.б.
Белсенді оқыту әдістеріне жататын іскерлік ойындар: рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламалы белсенді оқыту, ойындарды жобалау, мәселелі дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу, т.б. ғылыми-педагогикалық әдебиетте көптеген нақтылы ойындар «ойындарды өңдеу» деген жалпы термин- мен белгіленеді. Осы мәселенің өзіндік үлкен маңызы бар, себебі тарихта логиканы дамыту іскерлік ойындарды қоғамдық ғылымдарда кең қолданудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді талдап қарасақ, алғаш іскерлік ойындар ХХ ғасырдың ортасында экономикалық факультеттің студенттеріне ұсынылған. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды, себебі алғашқы ойын 1932 жылы 23 шілдеде КСРО-да Ленинградтағы инженер- лік экономикалық институтында өткізілгені анықталып отыр. Қазіргі уақытта жеткілікті негізделген белгілі бір ойын теориясы мен математикалық зерттеу әдісі сәйкестендірілген жинақтар бар. Америка мектептеріне өңделген оқытулар 1960-1970 жыл- дарда еніп, содан кейін жоғары мектептерде қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта ТМД-да іскерлік ойындар, негізінен, білім кө- теру жүйесінде және Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Киевтің, Нововсібірдің бірқатар жоғары мектептерінде қолданылып жүр. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің пікірінше, оқу үдерісінде ойындар қолдану оқытуды мәселемен жақындату нәтижесінде
көрсететінін байқауға болады.
Оқыту аудиториясын сыртқы ортадан бөліп қарау студенттерді болашақ мамандыққа даярлаудан оқытушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Алайда ойындар мен өңдеулерді іске асыруда студент- тер нақтылы өмірдің элемент негіздерін өз тәжірибелерінде сы- найды. Ойындар жорамалданған жағдайда қоршаған ортада бала- малы механизмді құруды, парасатты жеке тәжірибе жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді. Студенттер ойын кезінде өз көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады. Б. Блуэт пен Д. Баквольтердің пікірі бойынша, ойын оқытушы мен студенттің кең ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге ойындар адамдардың ойын белгілі жүйеге келтіреді. Сезім дамуының маңыздылығы туралы (ағылшын тілінен орысшаға сөзбе-сөз аударғанда – вчуствование) америкалық оқытушылар В. Роджерс пен А. Гудданд өз зерттеулерінде жиі атайды. Өйткені оқушылар ойындарды өздері өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу таным әдістеріне қарағанда, ынтамен тереңірек үңіліп оқиды және оларды зерттеу арқылы дағдылану әрекеттерін дамытады. Ең бастысы, ойындар мен өң- деулер студенттердің көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесі зерттеуші белгілі психолог Д. Б. Элькониннің сөзімен айтсақ, «ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік арақатынас, практикалық
білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына америкалық авторлар мына жағдайларды жатқызады:
ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысы- на тәуелсіз;
ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабі- леттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үдерістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге стратегиялық баламалы шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Сонымен, іскерлік ойындарды ойынға қатысушыларға қиын мәселелерді басқаларға қарап тұрмай өздерінің шешуіне кепіл- дік береді. Олай дейтініміз, өңдеулер мен ойындар арқылы оқушылар өздерінің не істегендерін байқайды, жетістіктерін көздерімен көреді, уақытын дұрыс пайдаланады. Өңдеулер мен ойындар, сондай-ақ кейбір студенттер ұнайтын оқу пәндерін де қанағаттандырады, біріне-бірі көңіл бөліп, өздерін басқаның ор- нына қойып үйренеді. Өңдеулер мен ойындар икемді мақсаты мен құрылымына байланысты қиындатылады. Ойындар өздері- нің аяқталу үдерісіне орай амбивалентті (егер бүгінгі ойын- ның саны 1:1 ойынға қатысушының біреуіне тиімді болса, келесі күні 0:0 болады). Бұл көптеген авторлардың пікірімен сәйкес. В.Ф. Коморовтың пікірінше, оқу үдерісінде ойынды қолдану оқушылардың даму қабілетін арттырады, мәселеге ғы- лыми негізде жақындатады, ал ойынды өткізу ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Алайда ойындар мен өңдеулердің артықшылығы мен қатар кемшілігі де бар. Өзіміздің және америкалық авторлардың пікірімен санассақ, мына деректі естен шығармау керек, ойын кезінде оқытушы өзінің беделін жоғалтып, тек ойынды ұйымдастырып және бағыттап отырады. Сонымен бірге ойындар мен өңдеулер студент назарын екінші сатыдағы дағдыға аударып, негізгі дағды шет қалып қояды, яғни
ойындар оқып зерттеуден сырт қалады. Кейде ойындар мен өңдеулер әдеттегі оқуға қарағанда қолайсыз болып келеді. Кей жағдайда оқытушылар ойынның бар екенін білмейді. Ойындар мен өңдеулер құрал-жабдыққа материалға байланысты қымбатқа түсіп, артық жүріс пен бос айқайға әкеліп, оқытушылар үшін қолайсыздық туғызады. Сондай-ақ көптеген ойындар жоғары деңгейде өңделмеген, сол себепті оны қолдану қиындық туды- рады. Тіпті, кейде баламалы оқыту түрі сияқты ойындар ойынға қатысушыларға ұнамауы мүмкін, ойынға белгілі бір студенттер саны ғана қатысып, қалғаны сыртта қалып қоюы да ғажап емес. Сондықтан да белгілі мақсатқа ғана сәйкестендірілген ойындар мен өңдеулерді әркім өзінше құруы қажет. Осы орайда түрлі әдіс бойынша берілетін ойын түрлерін қарастырамыз.
География сабағында қолданылатын ойындарды жазбаша
және ауызша деп екiге бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |