О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



бет37/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
географияны оқыту әдісі

Әзiл-жұмбақ викториналар


География сабақтарында қызықты да әзiлге құрылған жұмбақ- сұрақтарды да қолданамыз. Мұндай сұрақтар оқушылардың ой- лау қабiлетiн шыңдап, бiлiмiн арттырады. Мысалы,

  1. Қандай шарды домалатуға болмайды? (Моточкин шар)

  2. Қандай қақпаға доп ұруға болмайды? (Карский)

  3. Ресейде қандай қалалар әйелдiң аттарымен аталады? (Лида, Ольга)

  4. Қазақстанның қандай қаласының аты, сол жердiң тұрғын- дарының бұрынғы кәсiбiн көрсетедi? (Жезқазған)

  5. Оралда қандай өзен шахмат фигурасының атымен аталады?

(Тура), т.б.

Географиялық жұмбақтар


Сабақта оқушыларды сергiту үшiн географиялық жұмбақтар- ды да жиi қолданамыз. Мысалы,



  1. Шетi бар, шегi жоқ. (Көкжиек)

  2. Жер бетiнiң кескiнiн,

Түрлi-түспен көрсеткен. Болса да өзi құрметтi,
Тиiптi орын ең шеттен. (Шартты белгiлер)

  1. Қаласы бар, үйi жоқ, Даласы бар, шөбi жоқ. Мұхиты бар, суы жоқ, Орманы бар, нуы жоқ. Шыңдары да теп-тегiс, Құмдары да теп-тегiс. Кең жазықтан әртүрлi, Керегiңдi көресiң.

Бар әлемдi табасың,
Өзiң таң боп қаласың. (Географиялық карта)


Магазин ойыны


Мұғалiм – сатушы, ал оқушылар – сатып алушылар. Мұғалiм қағаздан түрлi заттардың бейнесiн жасап, артына тақырыпқа сәйкес сұрақтар жазады. Затты сатып алған оқушы сұраққа жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол затты сатып алған болып есептелiнедi.

Рөлдiк ойындар


География сабақтарында көп қолданылатын ойын түрлерiнiң бiрi – рөлдiк ойындар. Мысалы, 8-сыныптағы «Қазақстан жерi- нiң зерттелу» тақырыбын алсақ, оқушылар П.П. Семенов-Тянь- Шаньский, Ш. Уәлиханов, С.Л. Берг, т.б. атақты саяхатшы- зерттеушiлердiң бейнесiн сомдап, рөлдiк ойындарға қатысады. Сабақта мұғалiм тек ұйымдастырушы, ал оқушылар сабақты өздерi өткiзедi. Мұнда оқушылар өз беттерiмен iзденедi және сабаққа деген жауапкершiлiктерi артады. Сабақта оқушылар сая- хатшы, ғалым, зерттеушiлер мен басқа да рөлдердi сомдай алады. Сабақта қазақ халқының ұлттық ойындары «Көкпар»,
«Бәйге», «Алтын сақа» тәрiздi ойындарын қолдануымызға бола- ды. Мұның бәрi викториналық сұрақтар арқылы жүзеге асады. Мысалы, «Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бiр қыз бен ұл шығарылып, сұраққа кезек-кезек жауап бередi. Әр сұраққа аялдама белгiленiп, белгiлi бiр мәре қойылады. Сұрақ саны 8-10 болып, жеңiл және нақты етiп қойылады. Егер жiгiт мүдiрмей жауап берсе, қызды қуып жеткенi және керiсiнше.
Сонымен, география пәндерiнiң сабақтарында ойын әдiстерiн қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, iскерлiгi мен дағдысын қалыптастырады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет