43
Оқыту әдістерін, әдiстерi мен тәсiлдерiн таңдап алу
Таңдап алудың
ең бiрiншi және шешушi кезеңi, әрине,
тақырып болып табылады. Бiрақ қандай болса да әдiстердi пай-
далану едәуiр дәрежеде басқа да жағдайларға байланысты бола-
ды. Әрбiр сынып үшiн көлемi әбден анықталған бағдарлама бар.
Оны өтуге белгiлi уақыт бөлiнген. Бағдарламаны орындау үшiн
«берiлген» уақытты үнемдеп жұмсау – оқытушылық жұмыста
өте қажет шарт. Қандай да болса тақырыпты өтуге уақытты
«керегiмiзше» жұмсауға құқымыз жоқ.
Сондықтан оқыту әдiс-
терi мен тәсiлдерiн таңдау кезiнде мұғалiм, ең алдымен, берiл-
ген уақытта үлгеру қажеттiлігiн ескертедi. Әрбiр мұғалiм жақсы
жолға қойылған сарамандық
жұмыстарды орындай отырып,
мүмкiн болғанша, көбiрек тақырыпты өтуге ұмтылады. Бiрақ
бұл тақырыптарға берiлген уакыт жеткiлiксiз. Сондықтан мұға-
лiм асықпай мұқият ойластырғаннан кейiн ғана қай кезде сара-
мандық
жұмыс қолдану маңыздырақ, ал қай кезде анағұрлым
«оңай» тәсiлдермен қанағаттануға болатындығын шешедi. Мы-
салы, 5-сыныптың физикалық географиясының бағдарламасында
«Картаға түсiру», «Ендiк пен бойлық», «Белдеулiк уақыт», т.б.
тақырыптар бар. Мұндай тақырыптарды сарамандық сабақсыз
түсiндiруге болмайды. Мұғалiмнiң
нақ осындай тақырыптарды
сарамандық жұмысты қолдана отырып өтуiне, ал «Желдiң
әрекетi», «Судың әрекетi», т.б. сияқты тақырыптарды әлдеқайда
жеңiл әдiстермен өтуiне тура келедi. Жұмыс жоспарын одан әрi
анықтау кезiнде мұғалiм тағы да бiрнеше сағат артық уақытты
экскурсиялар өткiзуге және зерттеу жұмыс элементтерiн қолда-
нуға бөле алады. Әдістерді таңдап алуда сыныптағы оқушылар
санының үлкен маңызы бар. Сыныпта 20-30 оқушысы бар жер-
лерде сарамандық жұмысты оңай жолға қоюға болады. Ал
сыныпта 40-45 оқушысы бар мектепте бұл қиынға соғады.
Әдістерді таңдап алуда сыныптағы жабдықтың да едәуiр маңызы
бар. Глобус пен картадан басқа ештеңе жоқ жерде тәжiрибелер
мен практикалық жұмысты жолға қою қиын. Бiрақ көп жағдайда
шешушi болып табылатын тағы да бiр фактор бар. Бұл фактор –
мұғалiм. Өз iсiн бiлетiн және ұнатқан мұғалiм бiздiң осы айтқан
қиыншылықтарымыздың көпшiлiгiн жеңе алады. Тiптi, уақыттың
аз болуының және сыныптың нашар жабдықталуының өзiнде де
44
ол көптеген, тiптi, көп нәрсе iстей алады. Мiне, нақ осы арада жас
мұғалiмге әдістеме көмекке келуге және оның мектепте ойда ғы-
дай жұмыс iстеуiне қажет құрал болуына тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: