О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОРЫНДАЛАТЫН



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

5. ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ОРЫНДАЛАТЫН
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР
5.1. Өзiндiк жұмыс-кәсiби бiлiктiлiк көзi
Өзiндiк жұмыс дегенiмiз – мұғалiмнiң тапсырмасы оның 
әдiстемелiк жетекшiлiгiмен, бiрақ қатысынсыз орындалатын 
оқушылардың жоспарлы жұмыстары. Өзiндiк жұмыс тек жеке-
леген пәндi меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсiби 
iскерлiк, өзiндегi жауапкершiлiктi сезiне бiлу, дербес жұмыс iс-
теуге үйрену. Сондықтан да өзiндiк жұмыс бiлiктi маман дайын-
дау дың негiзгi бiр тиiмдi жолы болып табылады. Дидактикалық 
тұр ғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзiндiк жұмыс бiлiмдi терең-
де туге, толықтыруға, дағды мен iскерлiктi қалыптастыруға, та-
ным дық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үдерiсiнiң әдiс-тә-
сiл дерiн игеруге, танымдық қабiлетiнiң дамуына, адамның дербес 
жұ мыс iстеу мәдениетiн көтеруге, шығармашылықпен жұ мыс iс-
теуге және ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкiндiк жасайды. 
Өзiндiк жұмыстың тәрбиелiк жағы да басым. Ол адамның 
жеке басының қасиеттерiнiң (мақсат қоюшылық, iзденушiлiк, 
қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етедi. 
Өзiндiк жұмысты берерде мұғалiм оқушының бастапқы бiлiмi 
мен iскерлiк деңгейiне, материалдың түсiнiктiлiгiне, бiрiздiлiгiне, 
пәннiң мазмұнын қамтитындай дәрежеде берiлуiне үлкен мән 
бередi. Оны орындау барысында мынадай саналылық, бiрiздiлiк, 
жүйелiлiк ұстанымдары қамтамасыз етiлуi тиiс:
– бiлiмнiң күрделiлiгi дамудың жақын аймағына (Л. Выгодский) 
сәйкестiгi;
– пәннiң логикалық жүйесi мен игеру деңгейiне қарай 
тапсырманың бiрiздi берiлуi;


54
– тапсырманың көлемi оқушының оқу мүмкiндiгiне сай болуы;
– әрекет деңгейiне бейiмделiп берiлуi, т.б. 
Жоғары оқу орындарында студенттердiң өздiгiнен бiлiм алу 
мәселесiн С. Архангельский, М. Герунов, С. Зиновьев, П. Пидка-
систый, И. Лернер, В. Беспалько, т.б. ғалымдар қарастырды. Ға-
лым дардың зерттеулерiнде студенттердiң өзiндiк жұмысы келе-
шек маманның шығармашылық ойлауын, ғылымға қызығуын, 
кәсiби қарым-қатынас қажеттiлiгiн туғызатын оқыту әдiсi, та-
ным үдерiсi, студенттiң өз бетiнше жасайтын iс-әрекетi, дербес 
әрекеттiң сипаты және оқушы қабiлетiнiң көрiну формасы, оқу 
үдерiсiнiң негiзi, студенттi өз бетiмен бiлiм алуға дайындаудың 
жолы ретiнде сипатталады. 
Жоғары мектептегi өзiндiк жұмыс – оқу үдерiсiнiң бiр бөлiгi, 
оқы тудың әдiсi, оқу-танымдық әрекеттiң тәсiлi, сипаты, бiр iздi лi гi, 
типi, тексеру формасы жоспарланған кешендi, мақсат ты оқу әрекетi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет