О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет27/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116
is-kagaz Abutalip

Ескерту!


Ұжымдық арызда арыз мазмұнымен келісушілердің аты-жөні, қолдары иерархиялық тәртіппен, я болмаса әліпби тәртібімен жазыла- ды. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда арызға қол қою парағы тіркеледі.
Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда, келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін». Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
🗈 1-үлгі. Өтініш түрі



Халықаралық Бизнес Академиясының Оқу ісі жөніндегі проректоры Ж.Нүсеновке


ҚЭФ, 2 курс студенті А. Ахметовадан


АРЫЗ


Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді пайдалануға қолайсыздық тудыруда. Осы мәселеге байланысты сабақ кестесін оңтайлы құруға көмектесуіңізді сұраймын.


22 мамыр, 2010 жыл. (қолы)


Халықаралық Бизнес Академиясының Жалпы мәселелер
жөніндегі проректоры Е.Т. Жарлықасымовқа


ҚЭФ, 2 курс студенті А. Әділханұлынан


АРЫЗ


Менің сізге арыз беру себебім, уақытымның басым бөлігі университет- те өтуіне байланысты асханадан тамақтануыма тура келеді. Бірақ №1 асхананың қызмет көрсету дәрежесі төмен, тамақтарының сапасы на- шар, бағасына сай емес, аспаздар өз қызметін дұрыс атқармайды. Асха- на басшысына ауызша және жазбаша түрде де шағымдандық. Бірақ еш нәтиже болмады. Осы мәселелерді ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймыз.


28 қаңтар, 2009 жыл.



🗈 2-үлгі: Шағым түрі

🗈 3-үлгі. Шағым түрі



Алматы қаласы,
«Меруерт» дүкенінің директоры Б.А. Мұратоваға


Алматы қаласы,
Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің
тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543) Құралай Мақсатқызынан
АРЫЗ


Менің сізге арыз жазу себебім, 2010 жылдың 18 қаңтар күні сағат 14.00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Меруерт» дүкенінен 1 литрлік «Айналайын» сүтін (майлылығы 6%, бағасы 250 теңге, қолданылу мерзімі: 01.01.11, сериясы: 56297532, чек бар) сатып алған болатынмын. Оның сапасы төмен, жарамсыз болып шықты. Қолымдағы чекпен сатушыға (Б.С. Жоламановаға) келіп сүтті ауыстырып беруін немесе ақшасын қайтаруды талап еттім. Бірақ менің талабым қанағаттандырылмады. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.


19.01.10. (Қолы) - - - - - - - - - - - -


Өтініш

Арыз

Анықтамасы

Өтініш дегеніміз – азаматтар- дың жеке құқықтары мен мүдде- лерінің жүзеге асырылуы мазмұн- далатын, ресми түрде жазбаша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға
бағытталған ресми құжат.

Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын ісқағазы.

Бір-бірінен айырмашылығы

  1. Өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін: жұмысқа қабылдау, жұмысқа тұру, басқа жұмысқа ауысу, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек сұрау т.б. өзіне тиесілі жағдайды шешу мақсатында жазылады.

  2. Деректерді көрсету міндетті емес.

  3. Өтініш жеке адам атынан жа- зылады.

  4. Өтініштің 1 түрі бар.

  1. Азаматтардың заң арқылы қор- ғалатын жеке құқықтары бұзылған жағдайда шағым түрінде жазылады.

  2. Деректер нақты болуы керек.

  3. Арыз жеке адамның да, ұжымның да атынан жазылуы мүмкін.

  4. Арыздың 3 түрі бар.

Ортақ белгілері

  1. «Жеке адам өміріне қатысты құжаттар» түріне жатады.

  2. Безендірілуі бірдей.

  3. Құрылымы бірдей.

  4. Мәселені шеше алатын лауазымды адам атына жазылады.

  1. «Жеке адам өміріне қатысты құжаттар» түріне жатады.

  2. Безендірілуі бірдей.

  3. Құрылымы бірдей.

  4. Мәселені шеше алатын лауазымды адам атына жазылады.



Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Арыз қандай жағдайларда жазылады?

  2. Арыз кімге жазылады?

  3. Арыздың құрылымы қандай?

  4. Өтініш түріндегі арыз дегеніміз не?

  5. Шағым түріндегі арыз дегеніміз не?

  6. Түсініктеме түріндегі арыз дегеніміз не?

Тілдік бірліктер:





  • арызда көрсетілген мәлімет

  • заңсыз әрекет

  • қызметкердің заңсыз әрекеті

  • белгіленген тәртіпте

  • азаматтардың құқығы

  • қиын жағдай

  • өкінішке орай

  • тексеру жүргізуіңізді

  • арыз бойынша тексеріс

  • шара қолдану

  • қалыптасқан жағдайға байланысты

  • мәселені қарастыруыңызды

  • шара қолдануыңызды

  • жолға қоюыңызды

  1. жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Өтініш, сұраймын, тұратын, тіркелген, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, шара қолдануыңызды сұраймын.



  1. жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері.

  2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз.

  3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың.

  4. атқара алмай / міндетін / отыр / дұрыс / өз.




  1. жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

  1. Талдықорған қаласы №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйде 2000 жылдың 20 қаңтарынан бері ... .

  2. бірнеше рет хабарласқанымызбен еш нәтиже шыққан жоқ.

  3. №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйдің жылумен қамтамасыз етілуі үшін , жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін ретке келтіре алмай

отырған лауазымды адамдарға сұраймыз.


Керекті тілдік бірліктер: жылу берілмей отыр, тиісті орындарға, нұсқау беруіңізді, шара қолдануыңызды.



  1. жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.




Тәртіп бұзу

Неправомерные действия

Еңбек тәртібін бұзу

Жилищное право

Заңға қайшы әрекет

Нарушение трудовой дисциплины

Ұстау

Административное взыскание

Тұрғын үй құқы

Нарушение дисциплины

Әкімшілік жаза

Задержать

  1. жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.

  1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері.

  2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз.

  3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың.

  4. атқара алмай /міндетін / отыр / дұрыс / өз.

  5. отыр / орындаудан / бас тартып / міндетін / өз.

  6. бойынша / сұраймын / жүргізуіңізді / тексеріс / арыз.

  7. расталған жоқ / жазылған / арызда / мәліметтер.

 Тапсырмалар:


  1. Асхана тамағының сапасының төмендігі туралы арыз жазыңыз.

  2. Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С. Пірімбетовтің атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.

  3. Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз.

  4. Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты арыз үлгісін жазыңыз.



 Сөздік және сөз тіркестері:


арыз – заявление (жалоба)
өтініш – заявление
шара қолдану – принять меры
өтінемін – прошу
азамат – гражданин
тұратын – проживающий
тұрғыны – житель
жылу – отопление
ыстық су – горячая вода
суық су – холодная вода
апта бойы – в течение недели
бөлім бастығы – начальник отдела
зейнеткер – пенсионер
төраға – председатель
арыз жазу – написать жалобу
арыз беру – подать жалобу
арыздың мазмұны – содержание жалобы
арыздың мәтіні – текст жалобы
арыз бойынша – в соответствии с жалобой
осыған байланысты – в связи с этим
белгіленген тәртіпте – в установленном порядке төмендегілер туралы мәлімдеу – сообщать о нижеследующем заңға байланысты – согласно закону
заң күшіне ие – имеющий силу закона
заңдық күші бар – имеющий силу закона
заңдық күші бірдей – имеющий одинаковую законную силу

10-cабақ


Анықтамасы:

МІНЕЗДЕМЕ

Мінездеме дегеніміз – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда мінез-құлқын сипаттай отырып жа- зылатын ісқағазының бір түрі.


Мінездеме басқа мекеме талап еткен жағдайда, оқуға, аспирантураға түскен кезде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін арт- тыру барысында беріледі. Мінездеме нақты, объективті және толық бо- луы керек.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің аты-жөні, ресми қызметі, дәрежесі жазылады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біріншісі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне немесе мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, еркін түрде жазылады.
Мінездемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі.


Жалпы тәжірибеде мінездеменің 3 түрі бар. Олар:

  1. Қызметтік мінездеме.

  2. Аттестациялық мінездеме.

  3. Жеке (функционалды) мінездеме.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет