О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет32/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116
is-kagaz Abutalip

(қолы)

🗈 2-үлгі. Аттестациялық түрі

Мінездеме

Сыздықов Болат Бақытұлы 1967 жылы 15 ақпанда Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.


Болат Бақытұлы 1985 жылы Түркістан қаласындағы Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1985 жылы Алматы қаласындағы қазіргі Ұлттық техникалық университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы бітірген.
1990-1992 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Металлургия» факультетінің аға оқытушысы болып істейді.
1993-1997 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.
Б.Б. Сыздықов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бір- неше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздықовтың «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б. Сыздықов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютер бағдарламаларын жетік меңгерген.
Б.Б. Сыздықов студенттер мен әріптестерінің арасында беделді. Мі- незі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үлгілі отбасы иесі.
Б.Б. Сыздықов қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық.
Мінездеме ҚазҰТУ-дың Ғылыми-техникалық орталығының бас маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.

Мінездеме беруші: Металлургия факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор А. Өмірбеков


8 сәуір, 2009 жыл
(қолы)

🗈 3-үлгі. Жеке (функционалды) түрі



Мінездеме

Алпамысов Сәкен Азатұлы 1966 жылы Алматы қаласында туған.


Білімі жоғары. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
1990-1996 жылдар аралығында «Қызыл-ту» өндірістік бірлестігінде инженер болып қызмет істеді.
1996 жылдан бастап осы бірлестіктің «Бақылау-өлшеу аппаратурасы» бөлімінің аға инженері қызметін атқаруда.
Алпамысов Сәкен Азатұлы бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінде аға инженер болып істеген кезінде, қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Француз тілінен базалық білімі бар. Үйленген. Мектеп жасына дейінгі ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.
1996 жылы Санкт-Петербург электротехникалық институтында
«Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» мамандығы бойынша дайындықтан өтті. Оқу орнынан берілген пікір жағымды.
Мінезі ашық, бірақ аздаған сабырсыздығы бар. Ұйымдастырушылық қабілеті ерекше. Ерік-жігері орташа. Қиын жағдайда өз бетінше, дұрыс шешім қабылдай біледі. Өндірістік мәселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады.
Мінездеме «Еңбек келісімін» ұзарту үшін берілді.

Мінездеме беруші:


«Қызыл-ту» өндірістік бірлестігі Бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінің бастығы А. Бақбергенұлы
8 сәуір, 2010 жыл
(қолы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет