О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет33/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   116
is-kagaz Abutalip

Тілдік бірліктер:





  • ұлт

  • отбасы

  • лауазым

  • қызмет

  • азамат

  • білім

  • жоғары білімді

  • тәжірибелі

  • тәжірибелі маман

  • жоғары білімді маман

  • өз ісін жетік білетін маман

  • қызмет істеген жылдары

  • беделді

  • үлгілі

  • әріптестері арасында сыйлы

  • қызметке жоғарылату

  • аспирантураға түсу

  • оқыды

  • бітірді

  • меңгерді

  • аяқтады

  • жұмыс істеді

  • берілді

  • үйленген

  • үйленбеген

  • тұрмыс құрмаған

  • тұрмыста

  • ажырасқан

  • атқарып отырған қызметіне лайық

  • жоғары қызметке ұсынуға лайық

  • тапсыру үшін берілді

  • ұзарту үшін берілді

  • әлденеше рет сөгіс алған

  • әріптестеріне, азаматтарға мейірім- мен қарайды

  • әріптестерінің арасында беделді

  • байсалды адам

  • білікті маман

  • білімді маман

  • ешқандай сөгіс алмаған

  • жауапкершілігі жоғары және тәртіпті қатаң сақтайды

  • жоғары педагогикалық білімі бар

  • жұмыс істеген уақыты ішінде

  • компьютер бағдарламаларын жетік біледі

  • кішіпейіл, көпшіл, адал, өнегелі адам

  • қазақ тілін білу деңгейі жоғары

  • қарапайым адам

  • мәдениетті жігіт (қыз)

  • мінездеме директор лауазымына ұсыну үшін берілді

  • мінезі сабырлы

  • мінезі салмақты, орнықты

  • оқу барысында бірнеше конферен- цияларға қатысты

  • өзін жақсы жағынан көрсетті

  • республикалық олимпиада жеңімпазы болып табылады

  • тәрбиелі адам

  • тез тіл табысқыш

  • кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады

  • тындырымды, батыл, белсенді адам

  • іскер адам




  1. жаттығу: Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Ответственность, грамотность, достижение, совместно с коллегами, за время работы, результат научной работы, результаты научных иссле-
дований, выполнение поставленной задачи, среди студентов, с коллегами по работе, затруднительное положение.



  1. жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  1. Бітірген / мамандығы бойынша / Құрманғазы атындағы Өнер инсти- тутын / Алтынбеков Серік / 1968 жылы / актер, режиссер.

  2. Қызметін атқарған / қазақ радиосында / 1969-2000 жылдар аралығында / дыбыс режиссері.

  3. Телерадио / Бүкілодақтық білім жетілдіру институтын / саласы бо- йынша / бітірген / Мәскеу қаласындағы / 1972 жылы.

  4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті / жетекші маман

/ теле-радио-фото зертханасында / қызметін атқарады / 2000 жылдан / журналистика факультетінің.

  1. Маманы / және / сөйлеу техникасының / көркем сөз.

  2. Орындайды / жұмысты / өзіне тапсырылған / жауапкершілікпен.

  3. Арасында / мен / студенттер / беделді / өз әріптестері.




  1. жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Тәжірибелі, тәжірибесі мол, ұқыпты, білікті, өзін жағымды жағынан көрсете білді, әріптестерінің арасында беделді, өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындай- ды, мінезі ашық, сабырлы, біртоға, жолдастарына адал, ұйымдастыру- шылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады, сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет